Ең алғашқы ұялы телефоныңыз жайлы

Ең алғаш қай жылы ұялы телефон сатып алдыңыз? Қандай? Біраз ностальжи болайық :roll:

Мен колледжде оқып жүргенде 2003-2004 жылы Siemens A52 телефонын сатып алғанмын. Бірден актив нөмірін де алдым. Одан бері 4 нөмір ауыстырған шығармын.


Түрін-ай, көзіме оттай басылды ғой )))
Ал мен 2006 жылы ең алғаш ұстаған телефоным нокиа болатын. Дәл атауын білмеймін, әйтеуір бір кірпіш сотка болды ғой. Ол уақытта біздің группаның студенттерінің арасында сотка бір-екеуінде ғана болды. Мен өзімнің соткамның түрінен ұялып, сөмкемнен шығармайтынмын.))) :lol:
Белайн нөмірді де 2006 жылы алдым, актив нөмірді 2008 жылы 8 мартта тегін үлестіргенде алып алғам :lol: Екі нөмірімді де әлі қолданып жүрмін. Осы жұрттың нөмір ауыстыра беретініне таңым бар :mrgreen:
Белайн нөмірді де 2006 жылы алдым, актив нөмірді 2008 жылы 8 мартта тегін үлестіргенде алып алғам :lol: Екі нөмірімді де әлі қолданып жүрмін. Осы жұрттың нөмір ауыстыра беретініне таңым бар :mrgreen:

Иә, мен де бұрыннан бір ғана нөмір ұстап келе жатқандарға таң қаламын. Өзім де солай ұстағым келетін еді. Бірақ неге екені ауысып отырды. Ай сайын нөмір ауыстыратындар да бар. :?
Менің алғашқы соткам 2005 жылы Нокиа еді моделі есімде жоқ, К mobile болатын нөмерім былтыр ұрлатып алдым номерімді әйтпесе кәдімгідей ұстап жүр едім. :)
менікі сони эриксон еді, әлі де бір жерде жатыр ау дим
Нокиа 3500 11 сыныпты бітіріп, оқуға түскенімде кіндік шешем тарту еткен болатын. Сол күні тоққа қойып, ұзақ уақыт қызықтап әлгіге қарап жатқаным есімнен кетпейді ) Айтпақшы, оны 3жыл ұстадым, бір күні университетте жүргенде оны ұрлап кетті :(
менікі сиеменс эм елу бес деген сотка болған! бір ай устап, сосын ішін ашып көрейін деп бузып тастагам :D одан кейінгі соткаларым урланды, бузылды, досыма бердім, біреуін гопсануть етіп кеткен :D талай сотка ауыстырдым, бірак номерімді ауыстырмадым. бірінші курста билайн, екінші курста актив алгам. содан бері бес алты жыл өтті, екі номірімде бар. Тек сонгы жылы билайынның орнын Теле екі басты. Екеуі де байланныста :D
м 55-тің мп3 бар сияқты еді ғо, әлде шатасып тұрмын ба?

емпітриі жоқ, диктофоны болатын! радиодан өлеңдер жазыбап тыңдап жүрушек мәз боп :D