Ұялы телефоныңызды жиі ауыстырасыз ба?

Осы күндері ұялы телефоны жоқ адам жоқ шығар. Ұялы телефоныңызды жиі ауыстырып тұрасыз ба?

Өзiм қаламасам да солай боп қала бередi! ) Қазiргi телефоным - сыйлық. Сондықтан ғана амалсыз ұстап жүрмiн, бiрiншi мүмкiндiкте ауыстырам, солай-солай кете бередi. Әйтпесе, жаңа модель, сән қуатындардан емеспiн, жұмыс iстеп тұрса, қажет функциялардың бәрi қанағаттандырылса, өзiме ыңғйлы болса жылдап пайдалана берер ем )))
жиі ауыстырам деп айта алмаймын, жиі жоғалта беремін...
Жиі емес, нокиа-5130 маркалы телефоның 4 жыл бұрын жаңадан алғам, әлі ұстап жүрмін. :D Үлкен смартфоным бар, бірақ оған үйрене алмай жүрмін :)
алдыңғы екі жылда 5 сотка ауыстырдым) мына телефонды ұстағаныма бір жыл бес ай болыпты(көз тимесін) алдыңғыларын ата-анам алып берген) бұны өзім тиындап ақша жинап жүріп алғанмын, содан шығар деп қоямын
бір-екі жылда бір рет. Модельіне қарай, керектігіне қарай ауыстырам. Жұмыс үшін жақсысын пайдалануға тырысам
Негізі қыздар жиі ауыстырады. Оған себеп, жоғалтады, ұрлатады. Сосын ата-анасы, аға-әпкелері басқасы әпереді :D
Жігіттердің арасында да бар жиі ауыстырғыштар, бірақ олар көбіне айырбастағыш. Өзінікінен жалығып, басқа біреудікі ерекше сияқты көрініп тұрад. Біреудің қатыны біреуге қыз көрініптінің кері :D
Соңғы кезде жиі ауыстыратын болып жүрмін. Студент кезімде 1 ұялы телефонды жылдап ұстаушы ем...
Менің бір ауруым бар телефондардың дисплейін шағамын) шетінен кішкене шағып аламын да солай жүремін)
Менің бір ауруым бар телефондардың дисплейін шағамын) шетінен кішкене шағып аламын да солай жүремін)

жұқпалы емес шығар әйтеуір???