Рухани бай болған жақсы ма ,әлде материалды жағынан ба?

Екеуі бір адамда үйлесім тапса керекмет болар еді.

осы тақырып мені көп ойландыратын болыппын) бұрын мен ақшаның түкке керегі жоқ деп ойлайды екенмін, соңғы кезде көше кезушілерді көріп, немесе ылғи қарыз сұрап жүрентіндерге қарап ақшасыз бәрібір болмайтынын байқаймын, бай болу мақсат емес, бастысы өзіңе қажеттіге қол жеткізе алатын жағдайда болғанда жеткілікті шығар
нуреке, рухани бай болсаң адам боласың, жетпей тұрған нәрсеңді біреу сұраса артылып тұрады. Қанағат етіп білім жолында жүресін. Ал материал бүгін бар ертен жоқ дүние.
Сіз рухани байлық не екенін түсіндіре аласыз ба?
Рухани байлық - адамның ой өрісі, даму дәрежесі жоғары, көп еңбек арқасында келетін байлық. Рухани мықты адам әрқашан өз сөзін сөйлеп, немесе ақылын толықтырып отырады. Ондай адам еңбекқорлығының арқасында МАТЕРИАЛДЫҚ байлыққа да ие бола алады.
Әрине, рухани байлықты жоғары қойғанымыз жөн... Ал материалдық байлық жайлы өмір сүруді қамтамасыз етуші ғана... Өз басым рухани байлық пен рухтың мәңгілік тазалығын таңдайтын едім...