Жігітің (немесе қызың) болған жақсы ма, болмаған жақсы ма?

Негізі екеуінің де артықшылықтары мен кемшіліктері бар ғой. Мысалы, мен бала кезімнен жігітім болмаса, күйеуім алғашқы махаббатым болса деп армандайтынмын, себебі, жігіттердің барлығы әйелінің алғашқы жігіті болғысы келеді емес пе? Оның үстіне артық проблемаларын болмайды, өзіңді дамытуға уақыт болады. Бір жағынан болғаны да жақсы шығар...Еркелейтін, арқа сүйейтін адамың болады, жалғыздықты сезінбейсің т.б, дегендей) осы туралы көзқарасыңыз қандай? Қызбен немесе жігітпен жүрген қаншалықты дұрыс немесе қаншалықты бұрыс?

Барлығы да өзіндік "менін" сақтап, тып-тыныш жүргісі келеді, бірақ ол ақылдың, сананың қалауы. Ал жүрек қалауы жеңіп бара жатқан кезде шындап жалғызсырай бастаймыз. Барлығы да өз шегінде болғаны әдемі. Шектеулермен, ұрыс-керіс, түсініспеушіліктермен өрбитін дүние махаббат емес, жай ғана кімнің мықты екенін дәлелдеуге құрылған пенделік қарым-қатынас. Бірақ нағыз махаббатты табу жолында ондай қатынастардан барлығы да өтетін шығар. Сайып келгенде адамның бойына табиғат салып берген заңдылықтар бойынша ұрпақ өрбітуге талпынады, бірақ біз жай сүтқоректілер қатарындағы мақұлық емес, Адам болғандықтан тек инстинктпен емес, сондай нәзік, үйлесімді, сезімге негізделетін одақ құруды қалаймыз. Жұбың болған керемет қой, бірақ тек жұбың болуға тиіс болғандықтан емес, оның қажеттігін шын сезінетіндіктен бар болуы тиіс.
Бір түрлі сұрақ екен. Сүйгенің жаман болса болғанынан болмаған жақсы дер едім... Бірақ жалғыз жүргеннен әркім өзінің өмірлік, адал жарын тапса екен ниеттемін...