Сірке қышқылымен тотты кетіруге болатынын білесіз бе?

1. Тотты кетіру. Тот басып қалған майда заттарды сірке қышқылына салып, артынша таза сумен жақсылап жуыңыз. Бірден айнадай болып жарқырап шыға келеді.
2. Көгерген иісті кетіру. Бар болғаны тоңазытқышты, шкафты, тамақ салынған ыдысты сірке қышқылына салынған орамалмен сүртіңіз.

3. Шәугім немесе кір жуатын машина түбіндегі қақты кетіру. Кір жуатын машинаға қажетсіз бір киімді сірке қышқылына шылап салыңыз. Оны әдеттегі кір секілді жуыңыз. Ал шәугімге сірке қышқылы қосылған суды құйып қайнатыңыз.

4. Бұзылған тамақтың дәмін қайта қалпына келтіреді. Егер борщқа артық мөлшерде тұз немесе бұрыш салып қойған болсаңыз, 1 шәй қасық алма сірке қышқылын қосыңыз.

5. Киімнің түсін сақтайды. Ол үшін 0,5 стақан сірке қышқылын кір жуатын машинаның барабанына құйыңыз.

6. Ауаны тазарту. Дүкендегі ауа тазартқыштар жағымсыз иіспен араласып, одан да жағымсызын шығарады. Сондықтан оны сірке қышқылымен алмастыруға болады. Бар болғаны бөлмедегі жиһаздардың сыртын сірке қышқылымен сүртіп шығыңыз.

7. Бояуы қатып қалған бояу жаққышты еріту. Сірке қышқылын ыдысқа құйып жылытып, артынша үстіне бояу жаққышты салыңыз. Қатып қалған бояуы өздігінен кетеді.

иә өте тиімді тәсіл