Киім тіктіруге көзқарасыңыз?

[b:1urdqxnz]Бір құрбым дүкен аралап, киім іздемейді... Себебі, ол өзінің қиялы мен ойындағыдай киімді іздеп таба алмайды. Оның айтатыны: дүкендер мен базарларда өте қымбат әрі сапасы төмен киімдер ғана сатылады. Арнайы тіктірген киімдері өзіне құйып қойғандай жарасымды әрі сәнді. Сіздер киім тіктіріп көрдіңіздер ме? Қалай шықты? Бағасы ше? Пікірлеріңізді ортаға салып көріңіздерші... :)[/b:1urdqxnz]

2000 теңгеге керекті материалды алдым /мата+темір түймешелер+замок/ ешқандай керемет емес жай ғана трапеция пішіндес юбка тігіп бергеніне 5000 теңге алды, барлығы-7000 теңге айналасы, маған негізі ұнады
тігінші таныс болса бұдан арзан болуы мүмкін
Жақсы шебер болса, әрине, тіктіруге болады. Тек мұқият болу керек. Кейде тіктіріп жатқан дүниең ойдағыдай болып шықпайды :(
:lol: Әрине, бағасы! Егер барахолкадағыдай бағаға тігіп беретін болса елдің бәрі өзіне тіктіріп алатын еді ғой. )) Егер бай біреу болмасаң әрине. :) Басқа ешқандай да проблемасы жоқ. Бағасы ғана. :?:
Негізі киім тіктірген қалтаға арзан түседі деп жатады ғой.Мен киім тіктіру жайлы ойламап екенмін, білмеймін мүмкін қиынсынатын шығармын. :roll:
выпускной көйлек тіктіргенмін кезінде, қымбатқа шықты.
Киім тіктіру үшін талғамың ӨӨӨӨте жоғары болу керек сияқты. Ондай бола алмаймын, барып көргенді сатып алып жүре беремін.
біз үшін сәді брендтер бәрін ойластырып қойған деңізші)
Осы ой мендеде жүр, себебі жеңешем тігінші, өзім бұл жағына олақтаумын. Қазір ғаламтордан түрлі өзіме ұнайтын, жан жағы жабықтау, тойға қысылмай киіп барарлықтай көйлектер қарап жүрмін. Ойымдағы алі табыла қойған жоқ. :P
Біздің қазақ елінде тігіншілерде жоқ қой, қайдағы киім тіктіру? Ательелерде, тек қана киім пішеді, қысқартады, егерде киім тіге алса, ол ерлік болып саналады сол киім пішкіштер үшін, бүткіл Қазақстан қалаларында итальяндық сәнді костюм-шалбар тіге алатын адам бар ма өзі? Бар болса егер, олар саусақпен санарлық және бағасы үлкен болар, одан да базарға барып киім ала салмаймыз ба?