Мектепте ұлдар арасында сегіз қырлы сайысын өткізсем деп ем!

Бәріңе салем достар! Мектепте 5-8 сынып ұлдары арасында "сегіз қырлы,бір сырлы" тақырыбында ,өззгелеріне ұқсамайтын,өте қызықты етіп сайыс өткізсем деп ем! Өткен өмірлеріңізден немесе жақсы идеяларыңыз болса бөліссеңіздер! Қазағымыздың ертеңді елін қорғап атын шығарар ер азаматтарымызды мектеп жасында дайындап үйретсем деген ойым бар!

Біздің жігіттер "Жігіттер сұлтаны" деген байқауға қатысқан. Қателеспесем, шарттары мынадай болған.
1. Таныстыру
2. Салт-дәстүр, ата жолға байланысты сұрақтарға жауап беру
3. Қолдан бұйым жасау, қамшы өру, ағаш жону, пышақ қайрау сияқты тапсырмаларды орындау
4. Қазақ ақындарының өлеңдерін жатқа оқу
5. Өз өнерін ортаға салу (ән, би, күй орындау тсс)

Жеңімпазды әділқазылар алқасы баға беру арқылы анықтайтын. Сосын 1,2,3 орындармен қатар, әр түрлі аталымдар бойынша марапаттайтын.

Іске сәт!
Жаңашылдыққа ұмтылу керек.

Мәселен:

Компьютерде жарыс (дизайн, бағдарлама дегендей);
шет тілінен
спорттан (әсіресе, шахматтан)
іскерліктен (жоба жасау)
әлем әдебиетінен;
саясат пен дін туралы көзқарас білдіруден;
Ой көп рахмет,міндетті түрде қосымын.Жаңашылдықты мендеде дұрыс деп ойлаймын.Сахналық шағын қойылым көрсетіп беретіндей яғни артістік өнерін білуге қандай ценарийлеріңіз бар!