Тұлғаның даму  кезеңдері

Тұлғаның даму  кезеңдері
Тұлға дегеніміз-тұрақты психологиялық  сипаттамалар жүйесінде алынған  нақты адам.
Тұлға дамуы-оның әлеуметтік ұнамды сапалары жүйесін әр өмір кезеңдеріне орай қалыптасып баруы, адамға қоғамдық жатсынуға итермелейтін жағдайлардың күшін жоюды талап етеді.
Адам  тұлға болып туылмайды, ал қалыптасады  деген көзқараспен қазіргі психологтардың көбісі келісуде. Бірақ тұлғаның дамуы  қандай заңға бағынатыны жөнінде  көзқарастар сан алуан. Өйткені тұлға дамуы үшін қоға мен әлеуметтік топтардың мәні, дамудың заңдылықтары мен кезеңдері,тұлға дамуының дағдарыстары, даму процесін тездету мүмкіндіктері әр қилы түсіндіріледі. Кең тараған тұлға теорияларының  әр қайсысында тұлға дамуы өздігінщше қарастырылады. Мыс, психоаналитикалық теория дамуы деп-адамның биологиялық табиғатының қоғамда өмір сүруге бейімделуін, белгілі қорғаныс механимзмдерінің пайда болуын, қажеттіліктерді қанағаттандыру жолдарын түсіндіреді. Адам тұлға ретінде қалыптасып, дами келе кемшіліктерді де үйренеді. Бір теорияда оң және теріс қасиеттердің үйлесімін жан-жақты көрсету мүмкін емес. Сондықтан Эриксон өз концепциясында тұлға дамуының екі шекті желісін бейнелеген: қалыпты және аномалді. Олар таза күйінде өмірде кездеспегенмен, адамның тұлғалық дамуының барлық аралық варианттарын елестетуге мүмкіндік береді. Э.Эриксон тұлға дамуының кезеңдерін 8 топқа бөліп қарастырған: 1) ерте нәрестелік шақ(туылғаннан 1 жасқа дейін); 2) кейінгі нәрестелік шақ(1-3 жас); 3) ерте балалық шақ(3-5 шамасында) ; 4) орта балалық шақ(5-11 жас аралығы);  5) жыныстық жетілу, жеткіншек жасы және бозбалалық(11-20 жас аралығы); 6) ерте ересек шақ(20-45 жас арасы); 7) орта ересек шақ(40-45 және 60 жас арасы); 8) кеш ересек шақ( 60-тан жоғары). Эриксон тұлғаның дамуының кезеңдерін бөле отырып, дамудың қалыпты желісі мен дамудың аномалді желісінің әр кезеңдегі ерекшеліктерін көрсеткен.