Ойлау және оның түрлері, операциялары мен формалары

Ойлау психологиясы–жалпы психологияның негізгі бөлімдерінің бірі. Бұл психология ғылымдарының негізгі категориялар жүйесіндегі ойлауды талдаудың қажеттілігін, соның ішінде “іс-әрекет”, “психикалық бейне”, (ұғынылған, ұғынылмаған) “тұлға”, “қарым–қатынас” категорияларын анықтайды. Ойлау кешенді пәнаралық зерттеулердің пәні болып табылады; ойлауды философия, формальды логика, социология, физиология, кибернетика, психология ғылымдары зерттейді.
Психология ойлауды танымдық іс-әрекет ретінде, оны қолданатын құралдардың деңгейіне тәуелді оны түрлерге жіктеуді, олардың субъект үшін жаңашылдығын, оның белсенділігінің деңгейін, ойлаудың шынайылығының бара–барлығын зерттейді.
Ойлау жоғары психикалық функциялардың бірі болып табылады. Процесс ретінде пайда болып, өмірлік іс-әрекетке байланысты дами отырып, салыстырмалы түрде өзінің мотивіне, мақсатына, тәсіліне ие іс-әрекетке айналады. Ойлаудың жемісі А.Н. Леонтьев атаған “Әлем бейнесінің” интегралды құрылуына енеді және сонымен қатар оның құрылымдарының өзіндік сапалы бейнесін құрайды. Ойлау–қарым–қатынаспен бірге, басқа адамға әсер етудің қажетті құрылымын, коммуникация актілерін құрайды және тұлғааралық таным процестеріне қосылған. Ойлау бірлескен іс- әрекеттің формаларын пайдалануы мүмкін. Адамның ойлауы оның индивидтік ерекшеліктеріне шартталғаны сияқты, жеке түрде шартталады.
Ойлау–тұлға рефлексиясының қажетті құрылымы және өзі осы рефлексияның объектісі болып табылады. Психология ғылымдарының негізгі салаларының (дифференциалды психология, еңбек психологиясы, басқару, әлеуметтік, жас ерекшелік, педагогикалық, медициналық психология) құрылымында ойлау психологиясы мәселелерін өңдеу арнайы талдауды қажет етеді.