Одағайдың түрлері

Одағайдың түрлерін көрсетіңіз, олар мағыналық және интонациялық ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз
Г. Бегалиев пен Н. Сауранбаевтың 1948 жылы педагогикалық училищелерде арналып басылып шыққан «Қазақ тілінің грамматикасында» оқшау сөздерге «Сөйлемде сөйлем мүшелерінің ешбір грамматикалық байланысы жоқ тек сӛйлемдегі ойдың кімге, неге айтылғанын, айтушының сол ойға көзқарасын, ішкі сезімін білдіру үшін айтылған сөздер» деген анықтама беріп, оны іштей үш топқа бөлген: қыстырма, қаратпа, одағай. Осы оқулықта одағай сөздерге мынадай анықтама берген: «Оқшау сөздердің бірі – одағай. Одағай сөйлемдегі айтылған ойдағы сөйлеушінің ішкі сезімін, көңіл-күйін білдіреді. Қаратпа сөз сияқты одағай да сөйлем мүшесі бола алмайды
Қазақ тіл білімінде одағай терминін алғаш қолданған А. Байтұрсынов болатын. «Одағай дейміз одағайланып, оңашаланып айтылатын сөздерді», - деп ғалым анықтама береді. Кейінгі тілші ғалымдардың да, одағайды синтаксистік тұрғысынан зерттеуі А. Байтұрсынов тағылымынан аса алмағандығын кӛрсетеді. Мысалы «одағай дегеніміз кісінің сезімін, кӛңіл-күйін, еркін білдіретін дербес грамматикалық тұлғалары жоқ сөздер» - деп, М. Балақаев пен Т. Сайрамбаев «Қазіргі қазақ тілі» оқулығында одағайға синткасис тұрғысынан анықтама берсе, Ә. Төлеуов «сөз таптарында» - «семантикалық ерекшелігі, морфологиялық белгілері, синтаксистік қызметі жағынан өздеріне тән мәні бар сөз таптарының бірі - одағай» - деп, одағай сӛздердің мағынасын ашып бере алмаған.
Н. Оралбаева өзінің «Қазіргі қазақ тілінің морфологиясында» - «Одағай – адамның сезімін, көңіл-күйін, бұйрығын, шақыру мәнін білдіретін сөз табы» - десе. А. Ысқақов «Қазіргі қазақ тілі» еңбегінде одағайдың лингвистикалық сӛздікте берілген өзіне тән ерекшеліктерін атап кеткен. Бірақ, одағайға нақты анықтама бермеген. Қазіргі қазақ тіл білімінде жас тілші ғалымдардың еңбектерінен одағайға анықтама іздеп көрер болсақ А. Салқынбайдың «Қазіргі қазақ тілін» алуға болады.

Ол одағайға былай деп анықтама береді: «Сөйлеу тілімізде, лебіз де одағайлардың прагматикалық қолданысы мен қызметі ерекше. Сөйлеушінің не тыңдаушының іс-әрекетке, болған не болатын жағдайға қатысты өзінің эмоциясын, қуанышы мен таңғалысын, сүйініші мен өкінішін білдіру мақсатында жұмсалатын тұлғалар одағайлар»,-деп, одағайдың грамматикалық, семантикалық, функционалды-семантикалық сипатын белгілейді.
Одағайлардың грамматикалық сипаты: 1. Сөйлемде эмотивтік, экпрессиялық мағынада жұмсалады; 2. Жеке тұрып сөйлем мүшесі қызметін атқармайды; 3. Сөз тіркесінің сыңары бола алмайды; 4. Ерекше номинативті мағына бермейді; 5. Белгілі сұраққа жауап бермейді; 6. Көмекші етістіктермен тіркесіп, кейде сөйлем мүшесі қызметін атқарады; 7. Сөйлемнен ерекшеленіп, одағайланып тұруына байланысты, одан үнемі үтір арқылы ажыратылады: егер сөйлемнің басында келсе, одан кейін, ортасында келсе екі жағынан, соңында келсе алдынан үтірмен ажыратады; Ал, семантикалық сипаты туралы былай дейді: 1. Лебізде сөйлеуші мен тыңдаушының әр түрлі көңіл-күйін анықтау үшін жұмсалады; 2. Одағайлардың мағыналық құрылымы мәтіндегі ой мен пікірдің ауанына байланысты өзгеріп, көп мағыналылыққа ие болады;
3. Одағай мағынасы сөйлемдегі интонацимен тікелей байланысты анықталады; 4. Көптеген одағайлардың ішкі терң мағыналық құрылымы халық тіршілігімен біте қайнасқан төрт түлік мал мен үй жануарларына қатысты қалыптасқан;
5. Одағайдың ерекше және арнайы семасы контекст арқылы көрініс табады; Одағайдың үшінші функционалды-семантикалық сипатын жетіге жіктейді: 1. Ішкі мағыналық құрылымына сай, одағайлар сӛйлемге белгілі интонациялық ырғақ береді;
2. Сөйлемнің ішкі мазмұны мен мәнін анықтап, оның бұйрықтық, лептік, сұраулық сипатын жасайды;
3. Кей одағайлар мәтінде зат есім тұлғаларын қабылдап, заттануы және етістік тұлғаларын қабылдап, етістіктенуі мүмкін;
4. Мәтінде жеке тұрғанымен, одан кейінгі келетін сөйлемнің мағыналық және мазмұндық сипатын айқындай алады; Айталық, «бәрекелді» одағайынан соң, риза болу, қуану, қштасу мағынасындағы сөйлем келеді т.б.
5. Одағайлардың дені түрленбейді, жеке қолданылады; Тек «ойбайым» (айғайымнан ойбайым тыныш), ой-пірім-ай, шырағым-ай түріндегі одағайлар түрленеді;
6. Одағайлардың мәтіндегі мазмұны арқылы өкіну, таңғалу, сүйіну, риза болу, ренжу, күйіну, сүйсіну мағыналары кӛрініс табатындықтан, әдетте сөйлемде осы мәндегі көңіл-күй етістіктері жұмсалмайды, оның орнына көңіл-күй одағайлары келіп ойды ұштайды; 7. Одағайлар, негізінен диалогтар түрінде кездеседі. Одағай – адамның көңіл-күйін, сезімін білдіру мақсатында ғана емес, амандасу, қоштасу, басқа біреуге бұйыру, ишара білдіру, үй хайуандарын шақыру мағынасында қолданылатын интонацияға бай сөздер.
Одағайдың мағыналық топтарын ажыратуда да зерттеушілер арасында бірізділік жоқ. Мысалы, тұңғыш ғалымымыз А. Байтұрсынов «Ілезік одағайы, елікту одағайы, шақырыс одағайы», Қ. Жұбанов «шаруашылық оджағайлары, қатынас одағайлары, кӛңіл одағайлары» деп бөлсе, кейінгі лингвистеріміздің бірі А. Ысқақов «көңіл-күй, ишарат одағайлары», Ш. Ш. Сарыбаев пен Ә. Төлеуов «Көңіл-күй одағайлары, императивтік одағайлар, тұрмыс-салт одағайлары», деп ажыратады. Ал, С. Исаев «Көңіл-күй, жекіру, шақыру» деп мектеп оқулықтары бойынша береді. Осыған байланысты әр жерде одағайдың да түрлері әр түрлі. Көріп отырғанымыздай, бірінішден, одағай сөздерді мағыналық топтарға ажыратуда зерттеушілер арасында бірізділік жоқ болса, екіншіден ғалымдардың одағайға жатқызуында бір ғана принципті, яғни синтаксистік принципті ғана басшылыққа алғандықтары байқалады. Яғни, бұдан оқшау сөз ретінде қолданылатын әр бір сөзді одағай деп танимыз деген тұжырым шығады. Ал, осы синтаксистік белгісі арқылы одағай сөз тобына жатқызылып отырған кейбір мағыналық топтар (көңіл-күй одағайларынан басқалары) әдебиеттерде одағайларға адамның көңіл-күйіне байланыстырыла берілетін жалпы анықтаманың аясына сыймайды. Осыдан келіп, пікір қайшылығы туады, бұның себебі ғалымдардың одағайға анықтама бергенде семантикалық тұрғыдан келгенімен (одағай сөздер адамның әрқилы сезім күйімен байланысты айтылатын сөздерді атаймыз) нақты одағай сөздерді басқа сөз таптарынан ажыратқанда бір ғана көңіл-күй одағайларына қатысты мағыналық белгіні ескеріп, басқа топтарына келгенде тек синтаксистік тұрғыдан ажыратқандарында болып отыр.
Одағайды осылайша морфология аясында сөз табы ретінде, синтаксис аясында синтаксистік категория ретінде екі жақты қарастыру қазақ тіл білімінде жалғасып келеді.
Сонымен одағай сөз табы. Жоғарыда айтылғандай одағай сөздерге берілген нақты анықтама жоқ. Одағайға анықтама берушілердің тек семантикалық тұрғыдан келуі, ал, оларды топтастыру кезінде синтаксистік принципке бағынуы түсінбеушілікке әкеліп отыр. Осы жағдайды ескере отырып біз одағай сөздерге мынадай анықтама беруді шештік: Түрліше кӛңіл-күйді білдіретін, адамға не жануарларға бұйыру, шақыру мақсатында айтылатын, сонымен бірге күнделікті тұрмыстағы қарым-қатынас мақсатында жұмсалатын дәстүрімізге енген, өзгермейтін, әрдайым оқшау сөз ретінде қолданылатын сөз немесе сөз тіркесін одағай деп атаймыз. Одағайдың тіл білімін зерттеуші ғалымдардың кӛпшілігі келіскен мынадай үш түрі бар: 1. Көңіл-күй одағайы; 2. Императивтік одағай (адамға не жан-жануарларға бағышталған); 3. Тұрмыс-салт одағайлары (Хош!, Хайыр!, Рахмет!, Ассалаумағалейкум!, Кеш жарық!, Құп», Ләббай! Дат! т.б.сөздер).
Одағайлар негізгі және туынды болып екіге бөлінеді.
Негізгі одағайлар. Негізігі одағайларға: ау, па, ей, әй, е, уа, уау, уай, я, пай, ә, о, оһо, ой, ие, аһа, ау, беу дегендер жатады. Бұл одағайлар қайталанып қолданылмайды
Туынды одағайлар Туынды одағайларға: мәссаған, бәрекелді, әттегенай, жаракімалла, масқарай, о тоба, астапыралла, япырмай, ойпырмай, о дариға ... сияқтағандар жатады.
Ишарат одағайлар Бұйрық, сұрау мәнді сөздер (кәне, кәнеки, ал, әйда). Мысалы: Кәне, коллектив боламыз дегендерің қол көтеріңдер (Б.Майлин).
Жекіру одағайлары Адамға арнайы айтылатын одағайлар. Көрсету я нұсқау сөздері (кәні, міне, әні ) Ұсыну сөздері (мә, айда) Тыю сөздері (жәй, тәй, тек, тәйт) Жануарға арнап айтылатын одағайлар Шақыру одағайлары

32) Сын есімнің шырай категориясы, олардың түрлерін атаңыз. Шырай категориясының знрттелу тарихына тоқталыңыз.
Сын есімнің шырайы деп аталатын категорияның мазмұны да, формасы да әлденеше заттың (әр-түрлі я біркелкі белгілерін емес) бір түрлі я біркелкі белгілерінің өзара айырмашылықтарын , демек, сол біркелкі белгілерінің бір-бірінен я артық, я кем екендігін анықтау арқылы туады. Екінші сөзбен айтқанда, біреуі ақ, біреуі қызыл, біреуі үлкен, біреуі кіші нәрселерді салыстырудан шырай категорияысы тумайды. Шыра категориясы я бірыңғай ақ, я бірыңғай сары әлденеше заттардың реңдеріндегі ерекшеліктерді немесе бірыңғай үлкен, бірыңғай кіші деп танылған әлденеше заттардың көлем-аумақтарындағы артық, я кемдік дәрежелерін өзара салыстыру арқылы туады. Әрине, ондай реңдер мен дәрежелер сан жағынан да, сапа жағынан да салыстырылады. Әрбір шырайдың өзіне тән мазмұны мен формасы болады.Тілімізде сын есімнің мынадай төрт түрлі шырайы бар: Жай шырай, Салыстырмалы шырай, күшейтпелі шырай, асырмалы шырай.
Жай шырай заттың белгісін, түсін, сапасын, көлемін т.б. сондай негізгі сын-сипаттарын білдіретін сапалық сын есімдер. Жай шырай формасы шырайлардың басқа түрлерін мағына жағынан да, форма жағынан да салыстыратын негізгі форма. Мысалы: биік тау, жақсы қағаз, қызыл сия.
Салыстырмалы шырай бір заттың сынын екінші заттың сынына салыстырып, сол салыстырылатын белгілердің бір-бірінен я кем, я артық екенін білдіреді. Жұрнақтары: а) рақ, рек, ырақ, ірек – Қараойға қарағанда Сұлутөбе бойшаңырақ. ә) лау, леу, дау, деу, тау, теу – Сол ауылда таныстау бір шал бар еді. б) қыл, ғыл, қылт, ғылт, тым, шыл, шіл, қай, ай – Дымқыл, сұрғылт, көкшіл т.б.
Күшейтпелі шырай заттың бастапқы сындық қасиетін күшейте түседі. Бұл шырай негізгі сын есімдерге күшейткіш буынды қабаттастыру арқылы жасалатын өнімді форма. Мысалы: жап-жарық, аппақ, қып-қызыл.
Асырмалы шырай заттың сындық қасиетін я тіпті асыра көтереді, я асыра төмендетеді. Асырмалы шырай сын есімдердің алдына аса, өте, тым, тым-ақ, дым, тіпті, тіптен, шымқай, нағыз, нақ, ең, ал, орасан, керемет сияқты күшейткіш үстеу сөздердің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: тым арық, тіптен қиын, нағыз үлкен, ең қадірлі, өте ыстық.

33) Жұрнақтар, олардың құрамы, түрлеріне тоқталыңыз. Грамматикалық ерекшелігін айқындаңыз.
Жұрнақтар дыбыстық құрамы жағынан бір дыбысты да, көп дыбысты да бола береді. Мысалы: тілек-к, сұра-қ, таны-с–дегендер жалғыз даастан, ал, ор-ақ, түс-ім, сүз-бе дегендер екі жұрнақтан, көр-гіш, қала-лық, аш-палы, ұш-қалақ, адам-шылық дегендер көп дыбыстылар.
Құрылымы мен құрылысы жағынан жұрнақтар жалаң және құранды болып екіге бөлінеді. Жалаң жұрнақ деп мағына жағынан да, форма жағынан да бөлшектенбейтін жұрнақты айтамыз. Мысалы: біл-ім, мал-шы, кес-пе, ұш-қыш, әке-лік– бұл жұрнақтар ма,ғына жағынан да, форма жағынан да біртұтас. Мағына жағынан бір бүтін болса да, құрамы екі я одан көп жалаң жұрнақтардан құралса құранды жұрнақтар болады. Мысалы: жай-шылық, тұр-ғылықты, бас-ыңқы, құр-анды – мағына жағынан бірбүтін болғанмен, құрамы жағынан әуелгі екі я үш жалаң жұрнақтардан бірігіп жамалған күрделі жұрнақтар. Құранды жұрнақтар: Сүй-кімді, байла-улы, бас-тапқы, ел-дікі, мың-даған, сұра-мсақ, жет-кіншек, бүлін-шілік, арам-сымақ, жағ-ымпаз.
Мағынасы мен қызметіне қарайй жұрнақтар сөз тудыратын және форма тудыратын болып бөлінеді. Сөз тудыратын жұрнақ өзі жалғанған сөзден лексикалық мағынасы басқа жаңа сөз тудырады. Ондай әрбір жұрнақтың өзді-өзіне тән грамматикалық мағынасы, формасы, қызметі болуы күмәнсіз. Мысалы: шын-дықпен, жол-ығуға сөздерін алайық, мүнда түбірлері шын және жол, оған дық және ық деген жұрн.жалғанып тұр. Шын деген сын есімнен шындық деген зат есім, жол деген зат есімнен жолық деген етістік жасалған. Яғни бұл жұрн. сөзді лексикалық және лексика-грамматикалық тұрғыдан да өзгертеді. Форма тудыратын жұрнақтар өзі жалғанған стүбірг сіл де болса жаңа мағына ұстейді. Бірақ ол жаңа мағына сол сөздің барлық формасына өзек болатын негізгі лексик. мағынасын өзгертпейді, оған нұқсан келтірмейді. Сол себептен де, бұл форма мен сол сөздің басқа формалары арасындағы берік семантикалық байланыс үзілмейді. Мысалы: сұр, сұрғылтым, сұрша, сұрырақ, сұршалау. Туынды сөздердің құрамындағы жұрнақтар белгілі бір жүйе бойынша , рет-ретімен жалғанады. Түбірге сөз тудыратын жұрнақ, сосын форма туд. жұрнақ жалғанады.
Сонымен жұрнақтар мынадай топтарға бөлінеді:
1) Тілдің өз төл материалынан я басқаа тілден енген материалдан шыққандығына қарай, төл және кірме жұрнақ болып бөлінеді.
2) Олар, ерте я кеш шығып қалыптасуына қарай,көне және жаңа жұрнақтар болып бөлінеді.
3) Қазіргі кезде сөз тудыру қабілеттерінің бар я жоқтығына қарай тірі жәнеөлі жұрнақатар боп бөлінеді.
4) Құрамдарындағы морфемалардың дара я күрделілігіне қара жалаң жәнеқұранды болып бөлінеді.
5) Мағыналық жағынан бір я бірнеше мағынаны білдіретініне қарай дара және көп мағыналы боп бөлінеді. Көп мағыналы жұрнақтар: майыс-қақ, тай-ғақ, кес-кек, іл-гек; көйлек-шең, мәсі-шең, байпақ-шаң; күл-гіш, сен-гіш, сыпыр-ғыш, ескерт-кіш; алқын-у, сескен-у, тіре-у. Бұл жұрнақтар өздері жалғанаған сөздерге екі-үш түрлі семантикалық және грам-лық мағына қосып тұр.
6) Формасы басқа басқа бола тұра мағыналары бір-біріне жақын я синоним жұрнақтар болады (білгіш-білгір, ұрысқақ-ұрысқыш, тепкіш-тебеген, ұялшақ-ұялғыш, көргіш-көреген); формасы бірдей бола тұра өзара бір-бірінен алшақ омоним жұрн. болады (жаншы, өрші, тыпыршы, ойнақшы; байқашы, аяшы, келейінші, қойшы; бармақшы, келмекші)
7) Қазіргі кезде сөз тудыру жағынан өнімді я өнімсіз болуларына қарай, құнарлы және құнарсыз боп бөлінеді. Мысалы, лық жұрнағы құнарлы: бастық, сыйлық, жақсылық, білгіштік, жоқтық, төзімділік, егіндік. Ал шылық жұрнағы құнарсыз: шаруашылық, кеңшілік, қиыншылық, молшылық).
34) Сөздің лексикалық мағыналарының түрлерін атап шығыңыз.
Әрбір сөздің өзге сөздермен қарым-қатынасқа түспей, жеке-дара тұрғандағы нақтылы я негізгі мағынасы лексикалық мағына я тура мағына деп аталады.
Сөздің негізгі мағынасы айтушы мен тыңдаушыға ортақ нақты заттық ұғымды білдіреді. Нақты заттык ұғым сөз арқылы сөйлемде өзге сөздермен ешбір қарым-қатынасқа түспей-ақ статикалық күйде ұғынылады. Бұлар шын-дық өмірдің көрінісі ретінде белгіленеді. Сөздің нақ осындай мағынасы әдетте лексикалық мағына деп аталады.

67. Қазақ әдеби тілінің даму тарихын дәуірлеу мәселесімен айналысқан қандай ғалымдардың класификациясын білесіз? Жеке жеке тоқталып, анализ жасаңыз
Тіл тарихындағы жеке кезеңдер, соның ішінде әдеби тіл сипатын алу кезеңі ешқашан тұтқиылдан, тақыр жерден пайда болмайтыны белгілі. Олардың бастауы, қайнар көздері болуы шарт. Қазақ әдеби тілінің негізі, қайнар көзі ерте кезеңдердегі қазақ халқын құраған ру-тайпалардың, ХІҮ – ХҮ ғасырлардан кейінгі қазақ халқының ауызекі сөйлеу тілі, халық ауыз әдебиеті (фольклор) тілі және көне, ескі түркі жазба ескерткіштерінің тілі болды.А)Қазақ халқының этнос ретінде қалыптасқанына дейінгі оны құраған ру-тайпалардың және одан кейінгі қазақ қауымының өмір сүру барысындағы ауызекі сөйлеу тілінің барлық қаттауын және олардың әр кезеңдегі нақты күй-қалпын дәл көрсету қиын. Дегенмен қазақ халқы түркі тілдерінің қыпшақ тобына жатып, ж-мен сөйлейтін тайпалар одағын құрағандықтан, осы тайпалардың жеке хандық құрған тұсы – ХҮ ғасырға дейінгі ауызекі сөйлеу тілінің жалпы грамматикалық сипаты мен сөздік қазынасының, дыбыстық жүйесінің қандай болғанын көз алдымызға келтіре аламыз. Зерттеушілердің ізденістеріне қарағанда, қыпшақтардың нағыз дәуірлеп тұрған кезі - ХІІ-ХІҮ ғасырларда хатқа түскен «Кодекс Куманикус» (ХІІІ ғ), «Терджуман турки уа араби» (ХІІІ ғ), «Китаб ал-идрак ли-лисан ал-атрак» (ХІҮ ғ) сияқты сөздіктер сол дәуірлердегі сөйлеу тілінің ескерткіштері болып саналады. Қыпшақтардың ауызекі сөйлеу тілінің заттық көрінісі мен грамматикалық, фонетикалық сипатын Махмуд Қашғари (ХІ ғ) сөздігі де танытады. Бұлардағы түркі сөздеріне, олардың тақырыптық топтарына зер салсақ, ерте дәуірлердің өзінде-ақ қыпшақ тілдерінің, оның ішінде қазақ тілінің ауызекі сөйлеу тәжірибесінде деректі, дерексіз ұғымдарды беретін бай лексика қоры болғанын аңғарамыз.
Ә) Қазақ тілі тарихы үшін ноғайлы жырларының, яғни бұрынғы Дешті Қыпшақ ұлысына кірген тайпаларға – бүгінгі қазақ, қарақалпақ, ноғай халықтарына ортақ ХІХ – ХҮІ ғасырлардағы тарихи оқиғаларға байланысты туған жырлар мен аңыз-әңгімелер тілінің орны айрықша. Ол жырлар Шоқан Уәлихановтың тануынша, «Едіге», «Ер Көкше», «Орақ», «Шора батыр» жырлары және қырғыз халқының ұлы ескерткіші «Манас» жыры, Асан қайғы, Әз Жәнібек туралы аңыз-әңгімелер. Әдебиетшілердің соңғы кездердегі зерттеулеріне қарағанда, «Алпамыс», «Қамбар», «Қобыланды» жырлары түркі халықтарының тайпа-ұлыстық дәуірінде өмірге келген. Сол сияқты «Ер Тарғын», «Ер Қосай», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», ХҮІІ-ХІХ ғасырларда туып жырланған «Қыз Жібек», «Айман-Шолпан», «Мақпал қыз» сияқты батырлық жырлар мен лирикалық эпостар да қазақ көркем сөзінің үлгісі болып, әдеби тілге зор үлес қосқаны анық. Фольклорлық қазынаны сонымен қатар, шешендік сөздер, ертегілер т.б. сияқты жанрлары да толықтыра алады.
Б) Көне түркі дәуірінен, оның ішінде Ү-Х ғасырлардан бізге мынадай жәдігерліктер жеткен. Ү ғасырға жататын руна жазулы талас-енисей ескерткіштері, ҮІІІ ғасырға жататын руна жазулы орхон ескерткіштері: Білге қаған, Елтеріс қаған, Күлтегін, Тоныкөктер туралы тарихи шежірелер; ҮІІІ – Х ғасырлардағы ұйғыр жазулы жору, аян айту, діни аңыз түріндегі ескерткіштер
В) Ортағасырлық түркі ескерткіштерінің тілі – қазақ әдеби тілінің қайнар көздерінің бірі. Бұл кезде (Х – ХІІ ғ) қыпшақ, оғыз, қарлұқ, және ұйғыр халықтарының тілдері негізінде араб графикасындағы түркі жазуы қалыптасты, ескерткіштер дүниеге келді. Ол ескерткіштер: Жүсіп Баласағұнның «Қутадғу білігі»(ХІ), Махмуд Қашқаридің «Диван луғат ит-түрік» атты еңбегі(ХІ), Иугнекидің «һибатул хакайик» атты шығармасы, Қожа Ахмет Яссауидің «Диуани хикмет» шығармалары.

68. Сөздің лексикалық және грамматикалық мағынасының айырмашылықтарын түсіндіріңіз.
Сөз мағынасының екі түрі бар: лексикалық мағына және грамматикалық мағына. Сөздің лексикалық мағынасы лексикологияда зерттеледі. В.В.Виноградовтың анықтамасы бойынша сөздің лексикалық мағынасы дегеніміз - "тілдің грамматикалық зандарына сай тұлғаланған, оның сөздігіне тән жалпы семантикалық жүйесінің элементі болып табылатын сөздің заттық-материалдық мазмұны". Сөздің лексикалық мағынасы зат, құбылыс, іс-әрекеттің санада бейнеленіп тұрақталған ұғымының мазмұнын қамтиды. Сөздің лексикалық мағынасын жете түсіну үшін, ең алдымен, сөздің заттық-логикалық мәнін, екіншіден, сөздің лексикалық мағынасының оның басқа мағыналарымен қаңдай қарым-қатынаста екенін, үшіншіден, сөздің лексикалық мағынасын соған ұқсас басқа лексикалық мағыналардан ерекшелеп көрсететін белгілерін анықтау қажет. Осы айтылған шартты белгілер тұрғысынан қарасақ, мысалы, сиыр сөзінің анықтамасында мынадай заттық белгілер қамтылуға тиіс: 1) заттық мазмұны жағынан төрт түлік малдың бір түрі екендігі, 2) сырт көрінісі жағынан ірі қара малға жататыны, 3) табиғаты жағынан: а) мүйізді ірі қара мал, ә) айыр тұяқты мал, б) күйіс қайыратын мал екендігі. Міне сиыр сөзінің осындай белгілері оның басқа мал түрлерінен ерекшелігін білдіреді.
Лексикалық мағына - сөздерді бір-бірінен ажыратып танудағы ең негізгі мағына, ол арқылы сөз жеке даралық (единица) қасиетіне ие болады. Лексикалық мағына зат, құбылыс, әрекет жайында бір тілде сөйлейтін қауым таныған, жалпыға түсінікті әр сөздің меншікті мағынасы болып табылады. Ол - сөздің басқа мағыналарының тууына негіз болады, сондықтан сөз мағыналарын саралағанда ең алдымен оның лексикалық мағынасына көңіл аударылады.
Лексикалық мағына - сөздерді бір-бірінен ажыратып танудағы ең негізгі мағына, ол арқылы сөз жеке даралық (единица) қасиетіне ие болады. Лексикалық мағына зат, құбылыс, әрекет жайында бір тілде сөйлейтін қауым таныған, жалпыға түсінікті әр сөздің меншікті мағынасы болып табылады. Ол - сөздің басқа мағыналарының тууына негіз болады, сондықтан сөз мағыналарын саралағанда ең алдымен оның лексикалық мағынасына көңіл аударылады.
Сөз мағынасынан әрбір тілдің өзіндік ерекшелігі, өзіндік бояуы айқын көрінеді. Мысалы, сарай қазақ тілінде әсем де салтанатты ғимарат, зәулім құрылыс, үй мағынасын білдірсе, ал түркі тілдерінен ауысқан сарай сөзі орыс тілінде бұған керісінше әр түрлі шаруашылық заттарын сақтайтын қора немесе қораштау үлкен үй мағынасында айтылады. Ми деген сөздің қазақ тіліндегі нақты лексикалық мағынасы — бас миын білдіруі, сол себепті ми дегенді қазақ тек осы мағынада түсінеді, ал орыс тілінде мозг сөзі тек бас миын емес, жілік майын да білдіретіндіктен, оларды бір-бірінен айырып көрсету үшін, головной мозг, костный мозг деп бөліп айтады.
Туыстас тілдердегі сөздер бір-бірімен айтылуы (дыбысталуы) жағынан ұқсастау болып келгенімен, мағына жағынан алшақ болуы ғажап емес. Мәселен, қазақ тілінде жел деп, кейде қатты, кейде баяу соғатын ауаның ағымын айтса, самал деп жанға жайлы қоңыр салқын желді айтады, ал қырғыз тілінде керісінше, онда шамал деп желді, жел деп самалды айтады. Қазақ тілінде малай деп біреудің есігіңде жалданып жүрген қызметші, жалшыны айтса, ал башқұрт пен татар тілдерінде малай деген бала мағынасында қолданылады. Қазақ тілінде әжептәуір - тәп-тәуір, әп-әдемі, жап-жақсы деген жағымды мағынада жұмсалса, қарақалпақ тілінде әжептәуір оғаш, ерсі деген жағымсыз мағынада қолданылады.
Сөз мағынасы әрқашан бір қалыпта тұрмайды. Тіл жүйесінің ішкі заңдылықтары және одан тыс ақиқат өмірдегі мәдени-тарихи, санадағы психологиялық езгерістер сөздің лексикалық мағынасының мазмүнына әсер етіп отырады. Лексика дамуындағы тарихи кезеңдерде сөз мағынасы кеңейіп, тарайып не жаңарып, жаңғырып болмаса қолданудан шығып қалып отырады. Мысалы, қыз-қырқын сөзінің құрамындағы қазір жеке қолданылмайтын қырқын сөзі көне түркі тайпалары тіліңде "күң қыз", "күңнен туған қыз" мағынасында қолданылған. Кейін ол өзінің дербестігінен айрылған соң, бұл мағынада қолданылмайтын болды да, қазір қыз сөзімен қосарланып, "қыз балалар" мағынасын береді. Адам немесе малдың дене мүшесінің атауын білдіретін кіндік сөзінің мағынасы кеңейіп, 1920 жылдар да "белгілі бір ел, мемлекет не ұйымға тән орталық" деген мағынада қолданылды: "Орынборда кіндік үкіметтің тілі "Еңбекші қазақ"газеті бар" (С.Сейфуллин).
Ал сөздің грамматикалық мағынасы дегеніміз грамматикалық амал-тәсілдер арқылы туатын, сөздің бірыңғай топтары мен сөз тұлғаларына, синтаксистік құрылымдарға тән, жинақталған дерексіз мағына. Грамматикалық мағына сөздің лексикалық мағынасы негізінде туады, бұл екеуінің арасыңда тығыз байланыс бар. Лексикалық мағынамен қатар жарыса қолданылып, оны айқындап, саралап отырады. Әдетте, сөздің бірнеше грамматикалық мағынасы болады. Мысалы, балам деген сөз зат есім, оның ішінде жалпы есім, жекеше, оңаша тәуелденудің 1 жағы сияқты бірнеше грамматикалық мағынаға ие болып тұр. Бірақ бұл грамматикалық мағыналардың бәрі де бала сөзінің лексикалық мағынасы негізінде туып тұр. Сөздің грамматикалық мағынасының пайда болу жолдары, түрлері грамматикада қарастырылады.