Сөздік құрамның толығу жолдары

Сөздік құрамның толығу жолдары нақты мысалдар арқылы дәселдеңіз.Сөздік құрам, лексика – белгілі бір тілдегі барлық сөздердің жиынтығы. Сөздік құрам ұлттың өзіне тән кәсібі мен қоғамдық, әлеуметтік тіршілігін тұтас сипаттайды. Ұлттың рухани және материалдық мәдениеті неғұрлым бай болса, оны жеткізіп, суреттейтін сөздер де соншалықты көп әрі күрделі болады. Негізінде ұлт тіліндегі барлық сөздер реестрге тіркеліп, түсіндірме сөздікке енеді. Мысалы, 20 ғасырдың соңғы ширегінде жарық көрген 10 томдық Қазақ тілінің түсіндірме сөздігіне 70 мыңға жуық лексикалық және фразеологиялық бірліктер енген. Бірақ мұнда қазақ тіліндегі барлық сөздер қамтылмаған. Сөздік құрамыға жалпыхалықтық лексикамен қатар кірме сөздер, терминдер, кәсіби сөздер, диалектілер, жаргондар, әдеби және ауызекі тіл лексикасы, т.б. енеді. Сөздік құрамыда күнделікті жиі (актив) қолданылатын, сол тілде сөйлеушілерге түсінікті болып келетін ортақ сөздер, сондай-ақ сирек (пассив) қолданыстағы, барлығына бірдей түсінікті емес терминдер, көнерген сөздер, диалектілер, жаңа сөздер бар. Осы тұрғыдан Сөздік құрамдағы сөздер жалпыхалықтық (негізгі сөздік қорға енетіндер) және жалпыхалықтық емес (пассив қолданыстағы) лексика болып екіге бөлінеді. Тілдің сөздік құрамының ең басты әрі тұрақты бөлшегі – негізгі сөздік қор. Сөздік құрам негізгі сөздік қорға қарағанда өзгергіш келеді, тілдің тарихи даму кезеңінде өзгеріп отырады. Сөздік құрамыдағы бірліктер ұдайы өзгеріске ұшырап, қоғамдағы түрлі әлеум. жағдайларға байланысты кей сөздер қолданыстан шығып отырған. Мысалы, комсомол, пионер, Ильич шамы, т.б. Керісінше архаизмдердің қайта қолданысқа енуі де кездеседі: әкім, мырза, ханым, т.б. Қоғамның дамуы мен ғылыми-техникалық өзгерістерге байланысты сөздік құрамы үнемі толығып, дамып, жаңарып отырады.Сөздік құрамның толығуының негізгі екі жолы бар: а) төл (тума) сөздер арқылы, ә) кірме сөздер аркылы жүзеге асады,
1. Қазақ лексикасының тума сөздер арқылы баюы. Туынды сөздср ана тілінің сөз тудыру тәсілдерінің негізінде пайда бол-ған. Әдстте сөз тудыру тәсілі деп әрбір тілдің өзіне лайық қа-лыптаеқан сөз жасау амалдарын айтамыз. Қазақ тілінің де өзіндік сөз жасау заңдары мен ережелері бар. Сөздік құрамдағы сөз-дсрдің басым көпшіілігі сөз тудырудағы заңдар мен ережелер арқылы келіп шыққан. Қазақ тілінде сөз тудыратын негізінен екі түрлі тәсіл бар: а) Морфологиялық немесе аффистік тәсіл, синтаксистік тәсіл.
2. Қазақ лексикасының кірме сөздер арқылы баюы. Әрбір тілдің сөздік құрамының толыгып кемелденуі бір ғана өзінің ішкі мүмкіншіліктері арқылы болып қоймайды. Сонымен қатар өзінде жоқ сөзді өзге тілдсрден де ауысып алу арқылы да өз тілін байытып, жетілдіріп отырады. Қазак, халқының ертедс даму тарихына коз жіберсек, көптеген елдермен үнемі тығыз бай-ланыста болғандығын көреміз. Бұл жайында “Қазак тарих—” былай дсп жазган: “Қазақстан жеріндегі халалыктардың Қытаймсн, Орта Азиямен, Волга Булгариясымен және Киев Ру-сімен сауда байланысы өрістеген. Қазаксганнын, әсіресе, батыс, солтүстік-батыс аудандарының халқы Руспен өте мөте беркі байланыс жасап тұрған. Русспен, Шыгыс Европаныц басқа халықтарымсн арадагы осы сауда байланыстарында негізгі дел- далдыққа жүргендер булгарлар, хазарлар, онан кейіи печсисттер мен полоисцтср болган. Византияпыц дерсктсрі Орта Азия халықтары мен Шыгыс Европа халыктарынын арасыида біздің заманымыздың VI гасырынан бастап-ак керуен саудасы болғанын айтады. Осындай айырбас пен мэдени өзара байланыстар Казақстан тайпалары мен халықтары мәдениетіне үлкен роль атқарған1.
Ел мен слдің арасындагы ежелгі достык, карым-қатынастың болгандығы ана тіліміздің сөз байлыгының кұрамынан да айқын байқалады. Бір халық пен екінші халық ертеде тек мал- мүлік пен киім-кешек, ыдыс-аяқ сияқты жалаң заттарды ғана ал-мастып қоймаған, соған қоса рухани байлық та бір-біріне аурып отырған. Әсіресе бір тілден екінші тілге көптеген сөздер кірген. Осыған байланысты тілшіздегі қыруар кірме сөздерді қоғам тарихымен, казақ халқының басынан кешкен даму тарихым тығыз байланыстырып зерттеген жөн.

22. Қазақ тілінің мемлекттік мәртебесі – қазақ халқының ұлттық тілі
Мемлекеттік тіл Тәуелсіз елдің негізгі рәміздерінің бірі. Кез келген өркениетті елдің өзінің Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, шекарасы болатыны секілді мемлекеттік тілі де болады. Демек, мемлекеттік тіл де — мемлекеттігіміздің негізгі атрибуттарының бірі. Біздің Ата Заңымызда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі — қазақ тілі» деп жазылған. Ал орыс тілін — ресми тіл және мемлекеттік тілмен бірдей қолданылады деп айтылған. Біз Конституция талаптарын мүлтіксіз орындауға міндеттіміз.
Тіл адамдардың қарым-қатынас құралы болғандықтан, ол сөйлеу әрекетінің арқауы болып табылады. Тіл ұлт пен ұлтты жақындастыратын өзгеше қатынас құралы. Адам тіл арқылы бір-бірімен қатынаса алады. Қазіргі таңда, еліміз өз егемендігін алып, дербес мемлекет ретінде танылуда. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: «Тілге деген көзқарас, шындап келгенде елге деген көзқарас екені даусыз. Сондықтан, оған бей-жай қарамаймыз. Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәнінде мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, елімізді Қазақ мемлекеті деп атайтын боламыз»-деген болатын. Мемлекеттік тіл тәуелсіздігіміздің жырын жырлап, бұғанасын қатайтты. «Ұлттың сақталуына да, жоғауына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл» деген Ахмет Байтұрсыновтың қасиетті қағидасына сүйенсек, Ата заң аясында бақ-берекетіміздің сақталып отырғаны тіл саясатын да дұрыс жүргізудің жемісі екені анық. Тіл – халық қазынасы, ұлттың жаны. Тілдің мәселесі – ұлттың мәселесі. Мерейін асыратын да, құтын қашыратын да өзіміз. Отбасы өзіміз де, Отанымыз – Қазақстан! Тіл меңгеруде ата-ананың рөлі ерекше екенін, әр отбасы уыз шағынан балаға қазақ тілін үйретуді қолға алса, бұл тілдің еш қиындығы жоқ. “Ана тілін білмеген, анасын да сыйламас” демекші өз ана тілін білмеген жаннан, анасын сыйлайтын жанның шығуы неғайбыл. М.Шахановша айтатын болсам, қазіргі таңда өз тілін өгейсіп, «мәңгүрттеніп» жүргендер көп. Шынында қазақ пен қазақтың, әке мен баланың, әріптестердің жұмыста қазақ тілінде сөйлеспеуі көңілге қонымсыз-ақ жәйт. Бірақ қазақ тілі – тек қазақ халқының тілі емес, мемлекеттік тіл – ортақ тіліміз. Қазақстанда тұратын, оны Отаным деп қабылдайтын, өзін Қазақстанның патриоты деп есептейтін азаматтардың тілі. Елбасымыз айтқандай, «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде». Ендеше, тілімізді, ұлтымызды отбасымызды қадірлегендей қадірлейік!
Өзге тілді ұлт мектептеріне қазақ тілін негізгі пәндердің бірі ретінде қою тілді дамытуға жасалған дұрыс қадамдардың бірі деп айтуыма болады. Себебі, жоғарыда айтып кеткенімдей, өзін Қазақстанның азаматымын деп санайтын әрбір адам мемлекеттік тілді білуі шарт деп ойлаймын. Мен өзге тілді ұлт мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы саласында білім алып жүрмін және болашақта қазақ тілін дамыту мақсатында жұмыс жасағым келетінін айтқым келеді. Тіл – адамдар арасындағы қарым-қатынастың аса маңызды құралы ғана емес, ойлаудың, дүниетанымның, рухани мәдениетті жасаудың ұлттық ұжымдық тәрбиесін жинақтаудың, сақтаудың құралы. Жас ұрпақты тәрбиелеу, оларға ғылым мен білімді үйрету тіл арқылы жүзеге асады. Мемлекеттік тілді оқыта отырып, жастардың бойына елдік сана сіңіріліп, мемлекеттік рәміз, ұлттық діл, ұлттық болмыс туралы ақпараттар толық беріледі.
Біздің қазақ халқының тілі өте бай, айтылуға орамды, көркем тіл. Тіл-адамның барлық саналы өмірінің құралы: өнер-білімді, мәдениеттілікті, қоғамның белсенді азаматы болуды ол тіл арқылы үйренеді. Тіл оның ішінде біздің ана тілі еліміздегі халықтардың барлық іс-әрекетінің, қарым-қатынасының құралы болуы тиіс, оның мәдениетін жоғары сатыға көтеру әрбіріміздің борышымыз. Тіл байлығын игеру – ана тілін қадрлейтін, тіл мәдениетінің шыңына қол созатын адамның әрекеті. Ана тілін жақсы білу — әркімнің азаматтық борышы, қоғамда атқаратын қызметінің тірегі. Еліміздің тәуелсіз мемлекет болып, егемендік алуы тілі мен психологиясына оның өз мәнінде дамуына мүмкіндік берді. Бүгінгі күні мемлекеттік тілді қоғам өмірінің барлық саласына тереңдете енгізу мәселесі үлкен маңыз алып отыр. Соңғы кезде мемлекеттік тілдің өрісін кеңейтуге, оның өркен жайып дамуына ықпал ететін басты-басты қадамдар жасалуда.
Тіл туралы заңның қабылданғаны, оның баптарының жүзеге асырылуының бағдарламаларының жасақталғаны, мемлекет басшысының тіл саясатында дұрыс бағыт ұстап, қолдау танытып отырғаны көпке мәлім. Аталған әрекеттердің бастауы мектептерде қазақ тілін оқып үйретуді дұрыс жолға қою болып табылатыны сөзсіз. Сол себепті басты жауапкершілік тіл мамандары біздерге жүктеліп отыр. Ата заңының баптарында сонымен қатар «Тіл саясатының тұжырымдамасы» мен «Тіл туралы Заңда» айтылған басты мәселе мемлекеттік қазақ тілін дамыту.
Қазақ халқының қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлы өз заманында: “Тіл байлығы – елдің елдігін, жұртшылығын, ғылыми әдебиетін, өнеркәсібін, мәдениетін, қоғамдық құрылысын, салт-санасының, жауынгерлік дәстүрінің, мұрасының қай дәрежеде екенін көрсететін сөзсіз дәлелі, мөлшері” — деп тайға таңба басқандай анық та айқын көрсетіп берген болатын.
Бұрынғы даналардан қалған: «Қанша тілді білсең, сонша мәдениеттісің, сонша байсың» деген сөз бар. Әрине, құптарға боларлық ой, бірақ, өзге тілді білемін деп жүргенде өз тілімізден көз жазып қалмайық! Қазақстандықтардың бәріне жуығы көпұлтты ортада өмірге келген. Қазақстанның көпұлтты болуы – ешкімнің қолдан жасаған әрекетінің нәтижесі емес, тарихи даму жолымен солай қалыптасты. Және бұл біздің еліміздің кемшілігі емес, басқалардан артықшылығы. Өйткені, көптүрлі мәдениеттің, діннің, дәстүрдің, білімнің, т.б. арасынан шыққан жақсылықтарды бойымызға сіңіре аламыз.
Тәуелсіздіктің негізгі тірегі – ұлттың тілі, діні, ділі. Тәңірдің адам баласына жасаған сыйы да — тіл. Ол- қасиетті де қастерлі. Оның бойында өзекті, жанды өзіне тартып тұратын керемет күш бар. Тілде бүкіл тіршілік тұрғандай. Тіл – ұлттың аса игілікті әрі оның өзіне тән ажырағысыз белгісі. Тілдің тағдыры – баршамыздың қолымызда.
Тілді оқып-үйренуді барынша жоғары деңгейге көтеру қажет. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тіл туралы талап міндеттерінде «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін» деген. Бұл әр қазақстандықтың қастерлі парызы. Қазақ тілінің өз мәртебесіне сай толыққанды қоғамдық қызмет атқаруы аса қанағаттанғысыз екенін, жан-тәнімізбен түсіне отырып, бүгінде «Тіл туралы» заңның жүзеге асу барысын талқылауда басты назарды мемлекеттік тіл тағдырына аударарымыз анық. Өйткені қазақ тілі әлемдік мәдениеттің бөлінбес бөлшегі ретінде тек қазақ топырағында ғана мемлекеттік мәртебені талап ете алады.
Тілдерді дамыту – елдердің мемлекеттік саясаттың аса маңызды бағыттарының бірі. Жалпы мемлекеттік тіл саясатын толыққанды жүзеге асыру бұл бұқаралық іске айналғанда ғана көздеген мақсатына жете алады. Тіліміз құрып кетті, құрдымға батып жатыр деп отыра бермей, оның маңызы мен мүмкіндіктерін жан-жақты ашып, жұрттың оған деген сенімін нығайтуға күш салғанымыз дұрыс. Тілді насихаттауда,үйретуде жеке адамдардың, отбасының атқарар қызметін жан-жақты зерттеп, оны жүзеге асырудың озық әдістемесін жасауда да БАҚ-тың атқарар қызметі мол болуы тиіс.
Ең бастысы, қазір қазақстандықтар тарапынан мемлекеттік тілді қолдау және дамыту бағытында барынша мүдделік танытып отыр. Бүгінгі күні тілдерді дамыту жан жақты қарастырылуда. Тіл тағдырына деген жеке адам ретінде жанашырлығымызбен қамқорлығымыз артуда. Қазіргі таңда көптеген отбасылар балаларын қазақ тілінде оқытатын мектептерге ана тілін жетік меңгеру үшін беріп, оқытып жатқандары қуантарлық жағдай. Әрбір отбасында, осындай тілге деген жанашырлық болса, «тамшыдан тама-тама дария болар» дегендей, тіліміздің жағдайы әлдеқайда жоғары деңгейге көтерілер деген сенімдемін.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келер болсам, тілге деген құрмет – халыққа деген құрмет. Тіл мәртебесі – ел мерейі. Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Әлем таныған ел болу үшін тіліміздің жұлдызын биіктетуіміз керек.
Сөзімнің соңын Елбасының ана тілі туралы айтқан мынадай көрікті ойымен аяқтағым келеді: «Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай балқыған, өмірдің кез келген орайында әрі қару, әрі қалқан болған , әрі жас отты да ойнақы Ана тілінен артық қазақ үшін бұ дүниеде қымбат не бар екен ?! Ғасырлар бойы қазақтың ұлт ретіндегі мәдени тұтастығына ең негізгі ұйтқысы болған – оның ғажайып тілі».

23. Дауыссыз дыбыстар, олардың жіктелуін акустикалық және
артикуляциялық тұрғыдан түсіндіріңіз
Дауыссыз дыбыстардың артикуляциялық ерекшелігі: а) дауыссыздарды айтқанда өкпеден шыққан ауа әйтеуір бір кедергіге ұшырайды. ә) дауыссыздарды айтқанда үн бәсең, солғын болады. б) дауыссыз фонемалар буын құрай алмайды. в) дауыссыз фонемаларды айтқанда дауыс шымылдығы баяу дірілдейді яғни пассив қатысады.
Дауыссыз дыбыстар дегеніміз - өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырап шығуынан жасалатын дыбыстар. Қазіргі қазақ тілінде 25
дауыссыз дыбыс бар: б,в,г,ғ,д,ж,з,й,к,л,м,н,п,р,с,т,(у), һ,ф,х,ц,ч,ш,қ,ң.
Дауыссыз дыбыстарды айтқанда өкпеден шыққан ауа сөйлеу мүшелеріне соқтығып, одан салдыр пайда болады. Сондықтан да дауыссыз дыбыстарда үнге салыдр араласады.

Дауыссыз дыбыстар кестесі
Қатаң дауыссыздар Ұяң дауыссыздар Үнді дауыссыздар
П,ф,к,қ,т,с,ш,щ,х,ц,ч Б,в,г,ғ,д,з,ж,һ Р,л,,й,у,м,н,ң
Айтылу ерекшелігіне байланысты
Шұғыл Ызың
п,б,т,д,қ,к,г,ч,ц;
в,ф,г,ғ,з,ш,щ,ж,х,һ

Акустика – естілу, физиканың дыбысты зерттейтін бөлімі, дыбыстардың естілуі.
Артикуляция – тіл дыбыстарын аутудағы сөйлеу мүшелерінің қызметі. Артикуляциялық база – белгілі бір тілге тән сөйлеу мүшелерінің қимылы мен бағыты.
Сөйлеу дыбюыстарын шығарудағы, жасаудағы дыбыстау мүшелерінің қызметін артикуляция дейміз. Адамның дыбыстау мүшелері негізгі үш саладан тұрады:
1) тыныс мүшелері
2) тамақ мүшелері
3) қуыс мүшелері
Тыныс мүшелерінің ең бастысы - өкпе. Тілдегі дыбыстар өкпедегі ауаның сыртқа шығуына байланысты. Сөйлеу кезінде ауа өкпеден біртіндеп баяу шығады да, өкпеге бірден тез енеді. Тамақ пен дыбыс шымылдығы. Тамақ деп кеңірдектің кеңейген жоғарғы тұсы айтылады. Тамақтың сыртқы жағында жұтқыншақ немесе өңеш – тамақ жүретін жол болады. Оның ішкі жағында дауыс шымылдығы орналасады. Дауыс шымылдығы өкпеден келген ауны тосқауылдан, бірде керіліп , екеуінің арасы (дауыс шымылдығы - тамақтың ішкі жағында бір- біріне қарсы біткен жиырмалы қыртысты ет) жымдасып тұрады да , діріл пайда болып , одан үн шағанды.
Дауысты дыбыстар дауыс шымылдығының керіліп тұрып діріл пайда болуы арқылы жасалады.Үнді дауыссыз дыбыстар мен ұяң дауыссыз дыбыстар ды шығаруда дауыс шымылдығы сәл ғана керіледі де, діріл шамалы болды. Сондықтан бұл дыбыстарда үннің қатысы жоқ.Қатаң дауыссыз дыбыстарды шығаруда дауыс шымылдығы жиырылып тұрады да, ешқандай діріл пайда болмайды, сол себепті ол дыбыстардың құрамында үннің қатысы жоқ.
Қуыс мүшелері. Өкпеден келген ауа керіліп тұрған дауыс шымылдығына соғылып, дірілдің әсерінін пайда болған дауыс немесе үн тікелей қуыс мүшелеріне түседі де, белгілі резонанс (жаңғырық) пайда болады. Қуыс мүшелері: ауыз қуысы, мұрын қуысы болып екіге бөлінеді. Ауыз қуысындағы дыбыс шығаруға қатысы бар кедергі мүшелер: тіл, ерін, тіс түбі, таңдай, кішкене тіл, иек, езу. Мұрын қуысының дыбыс шығарудағы қызметі кішкене тілмен тығыз байланысты. Кішкене тіл ауыз жолын жауып тұрады да, өкпеден келе жатқан ауаны өткізеді. Содан кейін мұрын жолы арқылы м, н, ң үнді (сонар) дауыссыздары жасалады.
Ауыз қуысындағы мүшелердің ең бастысы – тіл. Тіл өте жылжымалы мүше; тіл ауыз қуысындағы өзге мүшелерге қақтығып, бірде ұшынан, бірде орта, бірде артқа шетінеп қимылдап құбылып тұрады. Дыбыстарды тілдің өзге мүшелерге не тиюі, не жуықтауына қарай соның атымен топтастырамыз. Дыбыстарды тілдің артқы, орта шені немесе ұшы қимылдауына қарай да топтастырамыз.
Жылжымалы мүшелердің бірі – ерін. Дыбыстарды шығаруда үстіңгі еріннен гөрі астыңғы еріннің қызметі (ролі) басым. Екі ерін бірде өзара жымдасып (б, п), бірде астыңғы ерін тіске қақтығысып (ф, в), бірде дөңгеленіп, (ұ,о), бірде тартылу арқылы да түрлі дыбыстар жасалады. Таңдай арқылы да едәуір дыбыстар жасалады. Дыбыстардың жасалу орнына қарай бұл мүше артқы, орта, алдыңғы таңдай үшке бөлінеді.
Дыбыс – күрделенген вибрациялық (дауыс шымылдығының дірілі) қимылдың нәтижесінен өзінің ырғағы, күші, әуеніне қарай дыбыстар да әр түрлі болады.
Дауыссыз дыбыстардың артикуляциялық ерекшеліктері
Тілімізде дауыстыларға қарағанда дауыссыз фонемалар әлдеқайда көп. Оқулықтарда бұлардың саны 25 енді біреулерінде 26 болып келеді. «Қазіргі қазақ тілі» (фонетика, лексика) оқулығында: «Қазіргі қазақ тілінде мынандай 25 дауыссыз бар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, л, м, н, п, р, с, т, у, һ, ф, х, ц, ш, қ, ң, ч» – дейілген. Алайда бұларды топтастырған кезде (қатаңдардың құрамына ) 26-болып щ әрпі еніп кеткен. Қазақ тілінде 26 дауыссыз бар деушілер осы щ әрпін дыбыспен шатастырып жүр. Дұрысы щ дыбыс емес, әріп. Ол -созылыңқы (немесе қос) ш дыбысының таңбасы.
Сонымен қазіргі қазақ тілінде 25 дауыссыз фонема бар. Ал орыс тілінде мұның саны - 21. Олай болатыны, орыс тілінде дауыссыздардың жуан және жіңішке болып келуінде фонематикалық қасиеті бар және олардың дауыстыларға ықпалы күшті болады. Алайда бұл фонематикалық қасиет орыс тілінен қазақ тіліне неген сөздерде байқалмайды, сондықтан олар бас-басына (жуан,жіңішке боп) фонема бола алмайды. Азын-аулақ ерекшеліктерді ескермегенде, қазақ тілі мен орыс тілінде ортақ дауыссыз фонемалар – он бес: б, г, д, ж, з, й, к, л, м, н, р, п, с, т, ш.
Қазақ тілінде бар, орыс тілінде жоқ дауыссыздар – бесеу: ғ, қ, ң, у, һ.
Қазақ тілінде бұрын болмаған, орыс тілінен енген дауыссыздар да бар: в,ф,х,ц,ч.
Дауыссыз фонемалар акустика-артикуляциялық ерекшеліктеріне қарай үш түрлі сипатта жіктеледі.
1.Дауыстың (салдырдан деуге де болады) қатысына қарай дауыссыздар әдетте үшке бөлінеді:
а)үнділер: л, м, н, ң, р, й, у;
ә)ұяңдар : б, в, г, ғ, д, ж, з;
б)қатаңдар: п, ф, к, қ, т, ш, с, х, һ, ц, ч;
Ұяңдар мен қатаңдар үнсіздер деп аталады. Алфавит тәртібін жақсы білген жағдайда дауыссыздардың бұлай жіктелуін есте сақтау қиындық тудырмайды. Алғашқы 10 әріптің үшеуі (а,ә,е) дауыстылардың, қалған жетеуі ұяңдардың таңбасы шығады. Жеті ұяңның жеті қатаң сыңарын жақсы білу керек. Яғни:
Б, в, г, ғ, д, ж, з
П, ф, к, қ, т, ш, с
Үнділер - жетеу. Үш жерде жеті - 21. Қалған дыбыс (х, һ, ц, ч) қатаңдардың қатарынан орын алады. Бұлардың бір-бірінен айырмасы дауыстың және салдырдың қатысу дәрежесіне байланысты. Сонда үнділерде дауыс (тон) басым да, салдыр аз; ұяңдарда керісінше, салдыр басым да, дауыс аз болады. Ал қатаң дауыссыз тек салдырдан жасалады (яғни оларға дауыс қатыспайды). Дауыссыздарға дауыстың қатысу дәрежесін білудің маңызы зор.Осыны білгенде ғана бала-ға, қыз-ға, ат-қа, ас-қа дегендерге неге қосымша ғ,қ түрінде жалғанады, ақ ешкі, қара қой айтуда неге ағешкі, қарағой болып кетеді дейтін сұрақтарға нақты жауап беруге болады.
2.Дауыссыздарды айтылу (ауаның шығу) жолына қарай да үш топқа бөлуге болады.
а) Шұғыл (эксплозив) дауыссыздар: п,б,т,д,к,г,қ,ц,ч,м,н,ң
ә) Ызың (фрикатив) дауыссыздар: ф,в,с,з,ш,ж,х,ғ,һ,л,й,у
б) Діріл дауыссыз: р
Шұғыл фонемаларды айтқанда дыбыстау мүшелері біріне-бірі жабасып, ауа кілт үзіледі де содан соң шұғыл қайта жалғасады. Ал ызыңдарды айтқанда дыбыстау мүшелері біріне-бірі жуысып, ауаның жолы барынша тартылады, бірақ ауа біржола үзілмейді, сыздықтап, сүзіліп шығады. Діріл дауыссыз (р) тіл ұшының дірілдеуінен пайда болады.
3.Жасалу немесе айтылу (артикуляциялық) орнына қарай дауыссыздар алдымен үш топқа бөлінеді.
а) ерін (лабиаль) фонемалары : п,б,ф,в,м,у
ә) тіл (лингваль) фонемалары : т,д,с,з,ш,ж,ц,ч,к,г,қ,ғ,х,ң,н,л,р,й
б) көмей (фарингаль) фонемасы: һ
Ерін фонемалары іштей еріндік (п,б,м,у) ерін мен тіс (ф,в) болып бөлінеді. Еріндіктерді айтқанда екі ерін біріне-бірі жабысып (п,б,м) немесе дөңгелене жуысып (у) тұрса, ерін мен тіс дыбыстарында астыңғы ерін үстіңгі (күрек) тіске жуысады.
Дауыссыздар фонемалардың көпшілігі тілдің тікелей қатысуымен жасалады. Тіл фонемалары үшке бөлінеді:
а) тіл алды: т,д,с,з,ш,ж,ц,ч,н,л,р
ә) тіл ортасы: й
б) тіл арты: г,ғ,к,қ,ң,х
Тіл фонемаларын тіл-тіс, тіл ұшы, т.б. түрде бөлу ұшырайды. Бірақ олай бөлу есте сақтауды қиындатады және оның практикалық мәні де аз. Дауыссыздардың жасалуына дыбыстау мүшелерінің қатысын (артикуляциясын) білудің маңызы зор. Мұны білмейінше, дыбыстардың артикуляциялық жақтан өзгеруін түсіну де, түсіндіру де мүмкін емес. Мәселен, қан, қон сөздерінің соңындағы н дыбысы қосымша жалғанған кезде кейде н (айтылуын қанға, қоңған) кейде м (айтылуы қаммен, қомбады) болып өзгеруі тек артикуляциямен байланысты.
Жасалу немесе артикулияциялық орнына қарай дауыссыз фонемаларды 8 топқа бөлуге болады. Олар негізінен мыналар:
Сонымен үнсіздер туралы мынадай қорытынды пікір айтуға болады. Аздап дірілі, жаңғырығы бар, қарынсыз дыбыстарды ұяң дауыссыздар деп атайды. Ал дірілі, жаңғырығы жоқ қарыны күшті дауыссыздар қатаң дауыссыздар деп аталады.

24. Терминдердің жасалу жолдары
Тіл - қоғам өміріндегі құбылыстарға, өзгерістерге сай жаңару, жандану сияқты даму процесін бастан өткізетін тірі организм іспетті. Әсіресе, ғылыми техникалық прогрестің барынша қарқынды даму сатысына көшкен бүгінгі таңда тіліміздің терминологиялық жүйесінде күн сайын жаңа түсінік, ұғым арқалаған сөздер туындап отырады. Бұндай сөздер баспасөз, радио, теледидар тілінен, әр алуан ғылым салаларының сараланған терминологиялық жүйесінен байқалады. Яғни өмірдің өзіндегідей тілде де даму процесі үздіксіз жүріп жатады. Жаңадан жасалған терминдер «тағдыры» не болмақ? Олар қолданысқа ене ме, жоқ әлде тасада қалып қоя ма? Тіліміздің терминологиялық лексика қабатының дамуына қосқан үлесі бар ма? Қоғамдағы терминдердің қызметі қандай? ыңғайдағы сұрақтар жаңадан көрініс тауып отырған термин төңірегінде үнемі туындап отырады.Олардың әрбірі қоғам тарапынан қолдауды, тілдік тұрғыдан жүйелеуді қажет етеді.Сондықтан да термин жасау, қалыптастыру, терминологияны жүйелеу, реттеу жұмыстарын дұрыс жолға қою, жалпы ғылыми-техникалық терминологияның даму бағытын белгілеу – бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелері болып табылады.
Терминдерді оқытудың басты мақсаты: болашақ маманға мамандыққа байланысты ана тіліндегі сөздерді үйретіп, сөздік қорын байыту. Термин сөздерді келешекте қызмет барысында қолдану олардың білімді де, іскер, өз саласын жетік меңгерген жан-жақты терең білімді маман болуына аса қажет. Сонымен қатар, студенттер термин жүйесін үйреніп, кәсіби сөздерді меңгеру үшін ғылыми-техникалық стильде жазылған шығармалармен жұмыс істеуі қажет, яғни оқытушы студенттің ғылыми әдебиетпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырып, сол арқылы ғылыми – зерттеу жұмыстарына икемдеуі қажет. Себебі, мамандыққа байланысты термин сөздерді меңгертуде сақтық қажет. Бұдан шығатын қорытынды: термин сөз бұлтартпас логикалық жіктеу ережесіне бағынуы шарт.
Зерттеушілер жаңа сөз жасалуының дәстүрлі үш тәсілін атап көрсетеді: синтетикалық немесе морфологиялық (қосымшалар арқылы), аналитикалық немесе синтаксистік (екі түбірдің я сөздің бірігуі, қосарлануы, тіркесуі арқылы), лексикалық немесе лексика-семантикалық (сөздің сыртқы түрі өзгермей-ақ жаңа мағыналарға ие болуы) . Аталмыш мамандыққа қатысты терминдерді игерту барысында олардың жасалу жолдарына да
назар аудартқан жөн. Сондықтан терминдерінің де жасалу жолдары әр түрлі боп келеді:
1. Қазақ тілі жалғамалы тіл болғандықтан, сөзжасамның синтетикалық тәсілі қазақ тілінде негізгі тәсілдердің бірі боп саналады.
Бұл тәсіл арқылы туынды сөз жасау үшін екі тілдік бірлік қатысуы керек:
1) лексикалық мағыналы сөз, 2) сөзжасамдық жұрнақ.
Зерттеу нысанына сәйкес алынған мысалдар мен терминологиялық сөздіктен алынған атаулар саласының терминдерінің де көбісінің синтетикалық тәсіл арқылы жасалатынына көз жеткізеді
Мысалы: Реттеу, дәлдеу, туралау, жаймалау, бұрмалану, бүркеу, бейнелеу, жаңғырту, тарату, баптау, айыру, торуылдау, ажырату, жиіліктік тығыздау, жолды ағыту, қоспа жалату, тұйықталу, ауытқу, дәнекерлеу, перделеу, пішімдеу, сәулелену, тармақтау, қанығу, тіркеу, тыну, хабарларды жалғау т.б.
2.Аналитикалық тәсілі
Қазақ тілінде аналитикалық тәсіл жиі қолданылатын, өнімді тәсіл болумен бірге, оның іштей бірнеше түрі бар : 1) сөзқосым,2) тіркестіру, 3) қысқарту, 4) қосарлау.
Сөзқосым тәсілі.Бұл тәсіл арқылы жасалған туынды сөздер біріккен (кіріккен) сөздер деп аталады.
Ғылымда термин жасауда да біріккен сөздерден жасалған терминдер молынан кездеседі. Олардың көбісінің алғашқы түбірі қазіргі кезде аударылмай алынып жүрген халықаралық сөз: радиобайланыс,автотербеліс, электржабдық, электронсызбаю.
Мұнымен қатар, қазақтың екі немесе үш түбір сөзінен бірігу арқылы жасалған терминдер де кездеседі: Ұзынтолқындық, аратісті, сүйірбағытты, бейнебастиек, бейнеүнжазба, шалаөткізгіш, дауысзорайтқыш, екісатылы.
Тіркестіру тәсілі. Тіркестіру тәсілінде күрделі сөз екі немесе одан да көп дербес сөздің тіркесуінен жасалады. Олар тіркесті күрделі сөздер деп аталады.
Тіркесті күрделі сөздердің сыңарлары емле бойынша бөлек жазылып қалыптасқанымен, сыңарлары мағына дербестігін жоғалтып, біртұтас мағынаны білдіреді. Бұл әдіс арқылы жасалған терминдер де ғылыми терминденуде жиі қолданылады.: көпарналы жүйе, ток көзі, электр өрісі, фотоэлектрондық электр қозғаушы күш, жүк кедергісі, сәуле ағыны, байланыс арнасы, кернеу сәйкестігі,
Қысқарту тәсілі. Біз қарастыратын әдебиеттерде, әсіресе оқулықтарда жиі кездесетіні – графикалық шартты қысқартулар.
Және де сөз тіркестерінің бас әріптерінен қысқарған түрі өте-мөте мол кездеседі:
Теңгерілмелік күшейткіш (ТК), жұмыс атқару нүктесі (ЖАН), пайдалы әсер коэффиценті (ПӘК), Интегралдық жүйелер (ИЖ), үлкен интегралдық жүйелер (ҮИЖ) аса үлкен интегралдық жүйелер(АҮИЖ), микропроцессорлар ( МП ).
3.Лексика-семантикалық тәсіл былайша сипатталады: ”Лексика-семантикалық тәсілде сөздің құрамы, тұлғасы ешбір өзгеріске түспейді, өзгеріс тек сөздің мағынасында ғана болады. Сөз дыбыстық, морфемдік құрамын сақтай отырып, тілдегі бұрын қолданылып жүрген мағынасының орнына жаңа мағына қосып алады да, тілде жаңа мағынасында қолданылабастайды.
Осы ретте зерттеушінің талдаған жалғау сөзіне тоқталсақ, жалпы қолданыста жалғау деп “бір жіпке септелетін екінші жіптіңүзігін” айтса, тіл білімінде “сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемдіжалғастырып, сөз өзгертіп тұратын қосымшаны жалғау дейді” деп келтіреді. Ал біздің қарастыратын мәтіндерімізде нақ осы сөз “абонент пен абонентті қосу – жалғау (коммутация)” мағынасын беретін атау ретінде қолданылып жүр. Демек, жалғау сөзі тіл білімі термині ретінде де, техника саласы термині ретінде де өзінің о бастағы беретін мағынасына негізделіп жасалынғаны аңғарылады.
Семантикалық тәсіл бойынша жасалған терминдер біз талдайтын оқулықтарда да кездеседі .Мысалы, әдебиетте жиі қолданылатын көз сөзі.Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде“ 9 түрлі мағынада қолданылатыны көрсетіледі. Соның біріншісі ғана- оның тура мағынасы – көру мүшесі.
Осы көз сөзі біздің қарастыратын мәтіндерімізде ауыспалы мағынада, нақты айтқанда “белгілі бір нәрсенің алынатын орны, қоры” деген мағынада
Тілімізде бұрыннан қолданыста бар, белгілі бір ұғымның атауы ретінде қалыптасқан сөздер қазіргі ғылыми-техникалық дамудың нәтижесінде өмірімізге еніп келе жатқан жаңа ұғымдардың атауы болып қалыптасуы олардың атқаратын қызметтерінің ұқсастығына негізделеді. Мысалы, тура мағынасындағы желі сөзі мал шаруашылығымен айналысқан әр қазаққа қандай ұғынықты болса, заман ағымына сай хабар жеткізу үшін пайдаланылатын құрылғыны желі деп атауда байырғы қолданыста бар желі сөзінің атқаратын қызметі ассоциацияланады. Осы тұрғыдан алғанда, қазіргі кезде жиі кездесетін желі, өрнек, кесте, өріс сөздерінің де өз оқырманы үшін танымдық маңызы бар екендігі талассыз.Мысылға келтіретін болсақ:Желі – зат. 1. Мал сауған кезде төлдерді (құлын, бұзау, қозы-лақ) байлау үшін екі қазыққа кере тартып байлаған арқан.
“Шоқан жылқының, желідегі құлындардың суретін салып, ермек етіп жүрді”.
1. Ауыспалы. Бір нәрсенің ұзын ырғасы, бір-бірімен байланыстылығы, сабақтастығы.
2. Ауыспалы. Тех. Жүйе, торап.
Демек, “Түсіндірме сөздікте” “ауыспалы мағына” деп беріліп тұрғаны ғылым саласындағы жаңа қолданысына сәйкес терминденген сөз. Яғни тілде бұрыннан бар сөздің ұқсас мағынасы ассоциацияланып, таным арқылы жаңғырған.
Терминжасам тәсілдерінің аражігі ашылып, олардың термин шығармашылығында іске қосылуын қазақ тілі грамматикасының (сарфы) жазылуымен тікелей байланыс¬та қарастырған жөн. Бүгінгі терминжасам тәсілдерінің өзіндік ерекшеліктері бар екендігіне қарамастан, ол негізінен қазақ тілінің сөзжасам тәсілдерінің құрамына енеді.Терминделуші ұғымдарды дәл білдіретін жүздеген әдебиеттану терминдерін жасай отырып, ғалым олардың ғылыми терминге тән дефинициясын да (ғылыми анықтамасын) берген. Ол дегеніміз – ғылыми ұғымның, өзіне ғана тән белгілерін айқын көрсетумен қатар, олардың ұғымдар жүйесіндегі алатын орнын да көрсету деген сөз. Мысалы, «Айшықтың әрбір тақтасы шумақ деп аталады. Жұрттың бір ауыз өлең дейтіні шумақ болады, әр шумақта бірнеше тармақ болады. Тармақ дегеніміз – өлеңнің әрбір жолы. Тармақ ішінде бірнеше бунақ болады. Бунақ дегеніміз өлеңді айтқанда сезілетін дауыс толқынының соқпа-соқпасының арасы. Бунақ ішінде буын болады» (Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш// А.Байтұрсынов шығармалары. –Алматы, 1989. –192-б.) Бұл мысалдан байқайтынымыз, ғалым біріншіден, өлеңнің құрылым-құрылысын (түр-тұрпатын – А. Б.) анықтаған, екіншіден, әрбір ұғымның өзіндік ерекшелігін, бас¬ты белгісін, іргелес өзге ұғымдардан айыр¬масын көрсететін анықтама берген. Яғни әрбір ұғымның мазмұны мен көлемін анықтаған; үшіншіден, әр ұғымның ғылыми атауын (айшық, шумақ, тармақ, бунақ, буын) жасаған; төртіншіден, терминдердің жүйелілік ерекшелігін ескере отырып, жалпы қолданыстағы бір үлгімен жасалған (модель) сөздерді термин ретінде пайдаланған; бесіншіден, ғылыми ұғымдардың арасындағы жүйелілік құрылымдық байланысты көрсеткен. Дәлірек айтқанда, айшықтың – шумақтан, шумақтың – тармақтан, тармақтың – бунақтан, ал бунақтың – буын¬нан құралатындығын сатылай көрсету арқылы ұғымның микрожүйесінің өзіндік табиғатын танытқан.