Қортпалар

Түсті металдардың маркировкасы оның біртекті еместігінің әсерінен қиындық туғызады. Титан мен марганец қорытпалары арнайы қорытпалар тобына жатады, сондықтан олардың маркировкасы әріптік-сандық түрде болады. Бірінші орынға қорытпа түрінің сандық белгіленуін қояды (ВТ немесе ОТ – титандық, МЛ – магнийлі құймалық, МА –магнийлі өзгеріске ұшырайтындар, Ц- мырышты), екінші орында қорытпаның реттік нөмірі тұрады. Қалған қорытпалар екі еселі маркировкаға ие: жаңа заманғы және дәстүрлі. Жаңа заманғы маркировка легирленген болаттардың маркировкасына ұқсас: бірінші орында қорытпаның әріптік белгіленуі тұрады (Ж- жез, Қ- қола, Н – мысты-никельді қорытпалар, АҚ – алюминийлі құймалық, АК немесе Д, немесе АВ, немесе В- алюминийлі құймалық, Б - баббиттер ). Ары қарай легирлеуші компоненттің әріптік белгіленуі мен оның орташа пайыздық құрамы белгіленеді. Легирлеуші компонент оның орысша атауының бірінші әрпімен белгіленеді (А – алюминий, Ж – темір, К – кремний, Мц – марганец, Н – никель, О –қалайы, С – қорғасын және т.б.). 2000 жылға дейін шығарылған техникалық құжатнамалар мен техникалық әдебиеттерде негізінен дәстүрлі маркировка қолданылатындықтан біз оны қарастырамыз.Титан негізді қорытпалар. Титан қорытпалары азғантай тығыздықта жоғары коррозиялық беріктік пен мықтылыққа ие. Ең көп таралғандары алюминий, қалайы, марганец, хром және ванадиймен легирленген қорытпалар. Өндіріске жіберілген қорытпалардың механикалық құрамдары төмендегі кестеде келтірілген.Алюминий негізді қорытпалар. Алюминийлі қорытпалар орташа легирленген болаттардың қасиеттеріне жақын қатысты үлкен салыстырмалы беріктікке ие. Қорытпалар құймалық және өзгеріске ұшырайтындар деп бөлінеді. Құймалық қорытпалар жақсы құймалық қасиетке ие, жақсы кесіледі. Өзгеріске ұшырайтын қорытпалар қанағаттандырарлық әсемдікке, жоғары коррозиялық тұрақтылыққа ие, жақсы кесіледі, қорытпаның көп бөлігі термоөңдеумен нығаяды. Өзгеріске ұшырайтын қорытпалар азғантай ауырлықты көтеретін, бірақ коррозияға қарсы жоғарғы қарсылықты талап ететін, негізінен конструкциялық элементтерді дәнекерлеу және жабыстыру үшін пайдаланылады.