Курс дұрыс па, репетитор ма?
ҰБТ дегенде есімізге осы сөздер түсетін болған сияқты, нақтылып жатпайын, себебі, бұл нәрселер бәріне жақсы таныс. Қалай ойлайсыз? Курстың пайдасы көп па? Репетитордың ба? Сіз қайсысының көмегіне жүгіндіңіз? басыңыздан өткендерді айта отырыңыз! Іні-қарындастарымызға көмектесейік!
екеуін де дұрыс я дұрыс емес демеймін. Адамның өзіне байланысты сияқты. Мен мектеп белгілеген кестемен дайындыққа барып, төбемді көрсетіп тұрдым. Бірақ, дым түсінбегенмін. Көзімнің жеткені репетиторсыз да, курссыз да фундаменті бар бала өзі-ақ іліп кетеді. Қанша жерден мықты репетитор жалдап, бала оқымаса нәтиже болмайды ғой.
Өзіме курс (факультативтік сабақтар) жақсы сияқты, репетиторға барып көрген жоқпын. Себебі ұялшақ, тұйықтау болдым, түсінбегенімді мұғалімнен гөрі құрбыларымнан сұрап, бірге талқылағанды ұнататынмын. Әрі курстағы оқушылармен бәсекелесіп, жарыса жауап беретін сабақтар қызықты өтеді, солардан қалыспау үшін намысқа тырысып, барымызды саламыз. Ал өзіне сенімді, әрі тыныштықты ұнататын оқушылар жеке репетиторға барғаны дұрыс шығар.