М.Дүйсенов және қазақ драматургиясының мәселелері

М.Дүйсенов және қазақ драматургиясының мәселелері

Мырзабек Төлегенұлы Дүйсенов - 1928 жылы 20 желтоқсанда Қызылорда облысының Сырдария ауданында туған. 1949 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих-филология факультетін бітірт, Қазақ КСР Ғылым академиясының аспирантурасына қабылданады. 1953 жылы филология ғылымының кандидаты, 1968 жылы филология ғылымының докторы ғылыми дәрежесін алды. Көп жыл ҚР ҮҒА жанындағы М.О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі болған. Қазақ кеңес әдебиеті тарихының очеркін, қазақ әдебиет тарихын жазысуға белсене қатысты.
М.Қаратаевпен бірге орта мектептің орыс кластары үшін «Қазақ әдебиеті хрестоматиясын» құрастырған.Бірнеше әңгімелер жинағы, оннан астам повесі бар. «Гүлжан», «Ана махаббаты» повестері орыс тілше, «Емтихан» повесі өзбектіліне аударылды.