Қазнет бәйге – 2014!

Қазнет бәйге – 2014 қандай болуы тиіс? Талқылайық.

Кімнің кімге дауыс бергендерін қарап шықтым. Әркімнің өз таңдауы дегенмен, кейбірінде объективтілік болмады деп ойлаймын. Шын мықты деп ойлап тұрғанмен, мойындамау, көз жұма қарауды қалай ойлауға болатынын білмеймін. Мульти-юзерлік контентті бізден асып беріп жатқан бәлкім Сенқазақ қана шығар. Бірақ ол көп жерде ашылмайды және көбіне түсініксіз. Ал контент бойынша бізге жетер ешкім жоқ, бұл анық еді.
Бірақ мен ешкімді кінәламаймын, әркім өзі біледі ғой. Бәлкім, әркімдікі өзіне айдай көрінер көзіне деген сарынмен өзімізді тым жақсы көріп кеттік пе?
Барлық кезде Тенгриньюс ештеңесіне қарамай, жеңіп шығады. Өйткені ол оған лайық және марапаттаушылар олардың артында кім тұрғаны маңызды емес, ішкі кухнясына үңілмейді. Ең бастысы адамдар жаңалықты дер кезінде біліп, оқып отыр. Гуглдан іздеп келетін адамға қай сайт екені маңызды емес, ең бастысы ол керек ақпаратын ала алса болды.
Хош, ең бастысы біз контент беріп отырмыз, елге, қазақ жұртына пайдалы контент. Бәлкім мұны біреу көрер, біреу көрмес. Әркім өз ісіне адал болса, сол маңызды. Үш те болса - күш! ;)
Мен де кім қай сайтқа дауыс бергенін қарап шықтым. Шынымен Массагеттің 3-орынға шығарған адамдарға таңым бар. "Ас мәзірі" деген сайттар кеше ғана шықты ғой! Жайдарман.кз-тің біраз адамның бірінші орынға қойғанын көрдім. Тіпті, басқа симайды, ол КВН көретіндерге қызық сайт, маған фиолетово вообще ол сайттарға. Бааарлығын қамтып отырған сайт жоқ қой Массагеттен басқа! Өзімнің кінәм ба, әйтеуір, мен контент жағынан Массагеттен асып түсетін басқа қазақтілді сайт көрген жоқпын!
.
Шынымен, мықтылардың мықтысы анықталатын болса, орыс тілді сайттарды да, басқаларды да қосып, әділ бағалайтын байқау ұйымдастыру керек. Онда қазылар алқасында орыс тілді де, қазақ тілді де сайт жасаушылар, сырттай бақылаушы адамдар керек және контентті толық зерттеп, ішкі мазмұнына, сайттың қолданушыға ыңғайлылығына үңілу керек.
Анар, ұйқыдан оқыс оятқан қалай екен))))
"Авардтан" бас жүлде алғаннан кейін "Қазнет Додадан" үшінші орынға ғана лайықты деп танылу, Олимпиада ойындарынан алтын еншілеп, ішкі чемпионатта қола алғандай сезімде болады екен. Бірақ қалай дегенмен де, Олимпиада жеңімпазы деген атақ спортшыға өмір бойына таңылады емес пе?! Бұл жерде де сол сияқты болып тұрғаны. Десек те Ресей азаматтары мойындаған порталға өз қазақтарымыздың көз жұма қарағаны өзімді бір қызық сезімге бөлегені рас (Бетті бастым, қатты састым, тұра қаштым жалма жан)
Қазнет бәйге 2014 қандай болуы тиіс деген сұраққа жауап іздеп көрейін. Ең бірінші әділ өтуі керек қой. Ол үшін бір сайттың иесі қазылар алқасында болса, онда ол сайт сол бәйгеге қатыспауы керек, сонда бұра тартушылық болмайды. Сосын сайттың контентін контент жасап отырған адам, дизайнын дизайнерлер қарасын, бағаласын мысалы. Ал сайтқа қанша оқырман кіретінін де қарасын, ол да өте маңызды емес пе? Күніне 2 мың адам кіретін сайт пен күніне 10 мың адам кіретін сайтты салыстыра да алмайсың ғой шыны керек.
Кей қазылардың ұсынылған сайттардың бәрiн қарап, бақылағанына күмәнiм бар, жай, өзi бiлетiн сайттарға дауыс берiп шыққандай, ал бұл обьективтi емес субьективтi пiкiр! Былайша айтқанда «ой, әдiл қазы деппiн ғой, «просто» қазы»!

Дауыс беру жүйесi қолға алынса сапалы бәсекелестiктiң артуына үлес қосатындай-ақ бәйге! Тiлектеспiн!
Фэйсбукта Даниярға жазған пікірімді осында да салуды жөн көрдім: Мына жазбаның шындығы бар. Мына жазба сияқты біздің де өз шындығымыз бар. Массагет ақша алып жұмыс жасап жатыр ма, Сұрақ жауап ешкімнен ақша алмай жұмыс жасап жатыр ма, оқырман үшін, қолданушы үшін бәрібір. Өзіне керектіні алатын сайт болса болды ғой. Бірақ түсініксіз. Ой, өз бауырларымыз ғой, браттарымыз ғой деп әділетсіздікке неліктен көз жұмып отырғандарыңызды өзгені қайдам, өзім әлі түсіне алар емеспін. Әшейінде Авардты, Интернет доданы сынағыш әділдіксүйгіш Сатыбалды қайда? Интернет Додадағы бастаманы Аршат аға көтерді, қымқырылған 6 млн туралы. Біз оны қолдай кеттік. Қазнет ағаларымен сөзіміз бір жерден шықсын дедік. Басында қуанды депті. Қуанғанымыз рас, бірақ ештен кеш жақсы деп ақылға салдық, зерттедік. Қазнетдоданы да қолдамай отырғанымыз жоқ. Ақпараттық қолдау көрсеткіміз келді. Астанаға барғанда Аршат, Даниярлармен бір дастарханда кешкі ас іштік. Қазақ үшін дастарханнан артық үлкен нәрсе жоқ. Бәрі жақсы болатын. Мүдделеспіз деп ойладым. Бірақ өкінішке орай, өзі ұйымдастырып өзі өз сайтына 1 орын бергенді түсіне алар емеспін. Демек бұның бәрі өз сайтына 1 орын беру үшін ғана ұйымдастырылған ба? Мысалы бізді, Массагетті күніне мыңдаған адам оқиды, түсінігі енді қалыптасып келе жатқан жастар, оқушылар дегендей. Біз оларға бұл нәрсені қалай түсіндіреміз, қалай ойлайсыздар? Ұйымдастырушы да, қазы да, жеңімпаз да бір адам екенін қалай түсіндіреміз? Қандай тәрбие береміз? Біздің оқырмандар Аршат ағайды да басқасын да танымайды. Тіпті біздің де массагетті жасап жатқанымызды білмейді. Оларға біз емес, тәрбие керек. Жасы 15-16-дағы жастарға 30-дардағы сол Аршат ағаның өзін алып қарасақ, біз қалай үлгі етеміз? Не деп үлгі етеміз? Міне осылай, бір қазақ бауырымыз осындай бәйге ұйымдастырып, өз сайтына 1 орын алып берді деп пе? Олардың да жауабын шамалаймын: "Иә, анау мектептегі олимпиадада біздің мұғаліміміз де деңгейіне қарамай өзінің оқушысына бірінші орын алып беретін" дер. Әділдікті қайдан іздейміз, адамдар? Дұрыс айтасыздар қазақтан басқалары бұл шудан құлағдар болса, күледі қазақтың деңгейі осы деп. Орыстың ықпалды БАҚ-тарын көтеріп жіберу қиын емес. Басқасын қойшы, Массагетпен бір шатырдың астында тұрған Тенгриньюсқа шығарып жіберуге болады мысалы. Егер біз ақыры елге күйежаққыш, ішітар болып көрініп отыр екенбіз. Ақыры біздің Массагет түкке татымайды екен. Ақыры біздің еңбегіміз нөл екен. Өз арамызда ұйымдастыруда кемшілік болғанын мойындау керек қой. Оны не үшін мойындамай отырғандарыңызды, бәрі әділ өтті деп отырғандарыңызды тағы да түсінбедім! "Қазнетке еңбегі сіңген ұзақ жыл бойы жұмыс жасап келе жатқан сайт" деген номинацияда Керекинфо жеңіп алса, міне, ҚазнетДОДА осылай әділ өтті деп қол қойып, мойындар едік. 15 мың оқырманымызға міне,міне, қазақ істеді осындай нәрсені деп Аршат ағадан бастап үлгі қылып көрсетер едік. Ал мульти-юзер номинациясында керекинфоның жеңіп алғанын мен әлі ұқпай отырмын. Мойындай білу де ерлік емес пе? Көзі ашық, көкірегі ояу барлық адам көріп-біліп, түйсініп отыр бәрін де. Елдің бәрін ақымақ қылудың қажеті шамалы. Массагет бірінші орын алмай қалып шу шығарып отыр дерсіздер. Жүлдеден кенде емеспіз. Өз принципімізде тұрғымыз келеді. Интернет Додада атойлап министрге дейін хат жаздық. Орыс БАҚтарында көтердік. Қазнетдодаға келгенде, мынадай әділетсіздік үшін өзіміздің адамдар ғой ұйымдастырып жатқан деп үндемей қалсақ, әділдіксүйгіш Массагет өз принципінен тайқымай ма? "Платон - менің досым, бірақ шындық одан да қымбат!" Болашақта да барлық нәрсеге өз үнімізді әділдік тарапынан естірте беретін боламыз.