Алтай (Түркі) тілдері туыстастығының анықталуы

Алтай(Түркі) тілдеры туыстастығының анықталуы және олардың тарихи тұрғыдан зерттелуі қажеттігіне мысалдар келтіріңіз.
Түркі тілдері — Шығыс Еуропадан, Сібір мен Батыс Қытайға дейінгі кең аумақта тұратын 180 млн. адамның ана тілі, 210 млн. адамның екінші тілі боп табылатын, көбі бір біріне өте жақын болған 40 тілден тұратын тілдер тобы. Түркі тілдер жанұясы Алтай тілдері әулетіне жатады. Қазақ тілі соның бірі боп табылады.
Көрнекті түркітанушы Н.А. Баскаков Түркі тілдері-нің фонет., граммат. ерекшеліктерін сол тілде сөйлейтін халықтардың тарихи даму, геогр. орналасу жағдайымен ұштастыра отырып, бұл тілдердің тарихын төмендегідей кезеңдерге бөледі:
) алтай дәуірі;
) ғұн дәуірі;
) көне түркі дәуірі (5 – 6 ғ-лар);
) орта түркі дәуірі немесе негізгі түркі тайпаларының қалыптасу кезеңі;
) жаңа түркі дәуірі немесе түркі халықтарының қалыптасуы мен даму дәуірі (16 – 19 ғ-лар);
) ең жаңа дәуір (20 ғ.) немесе түркі тілдерінің Қазан төңкерісіне дейінгі және одан кейінгі даму дәуірі.
Алайда оның екі дәуірі болғанын тұспалдап айтуға болады:
) Орал-алтай тілдерінің ортақ дәуірі, бұл – көптеген ру мен тайпа тілдерінің бөлінбеген кезеңі;
) Орал және алтай тілдерінің бір-бірінен бөліну кезеңі, бұдан соң түркі, моңғол, тұңғыс-маньчжур және корей-жапон тілдерінің тармақтарға бөліну дәуірі.
Түркі тілдері, оның ішінде қазақ тілі буын үндестігіне негізделеді, яғни қазақтың төл сөздері не бірыңғай жуан не бірыңғай жіңішке болып келеді. Сөзге жұрнақ пен жалғаулар бірінің артынан бірі қосылу арқылы сөз формасы өзгертіледі. Сөйлем бастауыш-толықтауыш-баяндауыш ретінде құрылады.
Жүз жылдар бойы түркі халықтары көшпелі өмір салтын өткізгендіктерінен, өзара және де басқа тілдес халықтармен араласып, өз тілдеріне және көршілес халықтардың тілдеріне зор әсер еткен. Әсіресе моңғол, славян және парсы тілдерімен ықпалдасу өте терең болған. Бұл ықпалдасу әр бір тіл тобы мен топ ішіндегі тілдердің тарихи дамуын біраз өзгерткен салдарынан, түркі тілдерінің классификациясының бірнеше жүйесі бар. Бүгінгі күндері ең кең қабылданған классификация жүйесі А.Н. Самойловичтің классификациясы боп танылғанмен кейбір жағдайлар әлі де пікірталас тудыруда.
Барлығы 40-тан аса тілден тұратын, 180 млн. адамның ана тілі боп табылатын түркі тілдері Алтай тілдері әулетіндегі ең үлкен тіл тобы болып табылады.
Түркі тілдерінің көбінің фонологиясы, морфологиясы және синтаксисі бірдей. Тек Шуаш, Якут, Солтүстік Сібір тілдері бұ жағынан өзгеше сипатқа ие. Түркі тілдері 6 топқа бөліне отырып, әр топқа кірген тілдер сол тілді білетін адамдар бірібірін түсіне алатындай жақын болады. Бұған қоса көршілес өлкелердің шекараларында өте тығыз қатынас салдарынан туған түркі диалектілері табылады.
Түркі тілдерінің жақындығы[өңдеу]
Түркі тілдерінің өз-ара жақындығын көрсету үшін келесі (жұрт саны бойынша) маңызды бірнеше тілден мысал сөздер келтіріліп тұр.
Ең соңғы деректерге сай (B. Johanson-Csató, The Turkic Languages 1998), Түрік тілдерінің топталуы келесі түрде жасалынады (қолданушылар саны 2006 ж. бойынша берілген):
Түркі тілі
Оғырша (немесе Бұлғарша)
Бұлғарша (жоғалған), Шуаш тілі (2,2 млн.)
Қыпшақ тобы (Солт.-Батыс тобы)
Батыс: Қырымлы тілі (500.000), Қүмық тілі (280.000), Қарашай-Балқар тілі (250.000), Қарайым тілі (жоғалуға жақын)
Солт.: Татар тілі (8,0 млн.), Башқұрт тілі (2,2 млн.), Құман тілі (жоғалған)
Оңт.: Қазақ тілі (12 млн.), Қырғыз тілі (4,5 млн.), Қарақалпақ тілі (400.000), Ноғай тілі (70.000)
Оғыз тобы (Оңт.-Батыс тобы)
Батыс: Түрік тілі (70 млн., екінші тіл ретінде 80 млн.), Әзірбайжан тілі (30 млн., екінші тіл ретінде 35 млн.), Гагауыз тілі (330.000)
Шығыс: Түрікмен тілі (6,8 млн.), Хорасан тілі (400.000 ?)
Оңт.: Қашқай тілі (1,5 млн.), Афшар тілі (300.000), Айналды тілі (7.000), Соңғор тілі (?)
Салар: Салар тілі (60.000)
Ұйғыр тобы (Оңт.-Шығыс тобы)
Шағатай Шағатай тілі (жоғалған)
Батыс: Өзбек тілі (24 млн.)
Шығыс:
Көнетүркі тілі (Орхон-Көк, Енисей-Көк, Көне Ұйғырша, Қарахан тілі) (жоғалған)
Ұйғыр тілі (9 млн.)
Жұғыр тілі (Батыс-Жұғыр) (5.000)
Айну тілі (Айну) (7.000)
Іле түркі диалекті (100)
Сібір тобы (Солт.-Шығыс тобы)
Солт.:
Якутша (363.000), Долған тілі (5000)
Оңт.:
Енисей Хақас тілі (65.000), Шор тілі (10.000)
Саян Тува тілі (200.000), Тофа тілі (Қарағас тілі) (жоғалған)
Алтай Алтай тілі (75.000) (диалекттері: Ойрот тілі; Тыуа тілі, Құманда тілі, Қу тілі; Телеуiт тілі, Төлеңгiт тілі)
Шұлым Шұлым тілі (500)
Арғы
Һалаж тілі (42.000)