ҚАЗАҚТЫҢ ӨЛШЕМДІ ЛАТЫН ӘЛІПБИІ

Мен 1996 дылдан бері 26 таңбалы стандардты латын әліпбиінің қазақ тілін бейнелеудегі потенциялын, қазақ тіліне тиімді пайдалану жолдарын зерттеумен келемін. Бар арманым Ахмет Байтұрсын ұлы атамыз секілді, қазақ халқына бір идеальді латын әліпбесін жасап беру. Зерттеу барысында бірнеше түрлі варианттар пайда болды. Меніңше бұл еңбек латын әліпбиін жасаудағы ең оңтайлы шешім болады. Тіпті латын алфавиті вариантына кірмей қалған күннің өзінде, оны зерттеушілерге үлкен көмегі болады деп ойлаймын. Сол себепті сіздерге осы мақаламды ұсынып отырмын.

Латын әліпбесі толғауы тоқсан.

Латын әліпбесінің бір ерекшелігі – оның ерекше йкемділігінде. Тіпті қытайдың дүниеде жоқ дыбыстары да латын әрпімен бейнелене алады. Онда екі-үш таңбамен бір дыбысты беруге болады.

Мысалды XIII ғасырда жазылған «Кодекс куманикус» шығармаларынан алсақ:

1) kkce ulaxim kgnde semirir. Ol xowun
(көкше ұлағым көгенде семірір. Ол ғоуұн. p.73)
2) Olturganim oba yer basqanim baqir canaq
(Олтұрғаным оба йер басқаным иақыр шанақ. Ол үзеңгі.)
3) (CC, 120/145) Yazda yavli/yawli toqmaq yatir. Ol kirpi-dir.
(Йазда йаулы тоқмақ йатыр. Ол кірпідір)
4) (CC, 119/143) aq kmening avzu yoq. Ol yumurtqa
(Ақ кеменің аузы йоқ. Ол йұмұртқа)
5) (CC,120/145) burunsiz buz teser. Ol qoy bogu.
(Бұрұнсыз бұз тесер. Ол қой богұ)

Ғалымдардың айтуынша «Кодекс куманикусты» жазған адам қыпшақ тілінен хабарсыз латын тілді оқымысты көрінеді. Бір жақтан ести отырып, тағы бір жақтан кітапты жазу барысында қателіктер жіберген көрінеді. Соның өзінде оның есітіп жазғандары қазіргі сауатсыз қазақтарымыздан анағұрлым дұрыс секілді. Бұдан түйетініміз латын жазуының жоғары икемділігінде. Тіпті онымен өзің түсінбейтін тілдегі информацияларды қағазға жоғары дәлдікпен түсіруге болады екен.
Латын әліпбиін жасауда ең алдымен осы «Кодекс куманикус»-қа көбірек мән бердім. Өз әліппеммен жоғарыдағы мәтіндерді жазып көрсем:

1) Koek ulaxim koegende semirir. Ol xowun;
2) Olturxanim oba yer, basqanim baqir canaq;
3) Yazda yawli toqmaq yatir. Ol kirpi-dir;
4) Aq kemeninh awzi yoq. Ol yumurtqa;
5) Burunsiz buz teser. Ol qoy bogu.


Latinca-Qazaqca Oelcemdi Aelipbe-te_Страница_06.jpg

Толықтыру:
1) i` таңбасы Qq, Xx, Oo, Uu, Aa, I`i` фонемалары бар жуан буынды сөздерде, қазақ тілінің үндестік заңы бойынша, жуандық белгiсi «`» қойылмай жазылады, ал оқылғанда [ы] болып оқылады. М: qisqa, uzin, xilim, alim, qorim, i`risti. t.b.
2) Латын тілінде қос таңбалы (диграф) ae, oe, ue дауысты дыбыстары бар, олардың дыбысталуы қазақшадағы [ә], [ө], [ү] дыбыстарының дәл өзі.
3) Қазақ тілінде, тіпті А.Байтұрсынұлының «Төте жазу» әліпбесінде [и] фонемасы болмаған, оның орнында [ і ] фонемасы бар. Сондықтан [и] фонемасын қазақ тілінен шығарып тастаған жөн деген ойдамын. Ал [й] фонемасы бар. Латыншадағы Yy қазақшадағы дауысты-дауыссыз [й] мен [и] ге бiрдей қолданылады. Тіліміздің нақтылығын арттыру үшін бұны тек қана [й] фонемасына қолданған жөн. Ww да сол секілді дауыссыз у дыбысына қолданылу керек. Yy, Ww таңбалары дауыссыз дыбыстармен өзге дауыссыз дыбыстар мысалға Ll немесе Mm секілді [ы], [і], [ұ], [ү] фонемалары арқылы тіркесу керек. М: keliw, uwis, kiyiw, jetisiw, Jetisuw, suewret, ti`yim.
4) Iі таңбасы шет тілдерінен енген сөздерде, дауысты дыбыстармен тіркесіп келгенде [й] болып дыбысталады. М: Italia – італия, Russia – руссия…

Беріліп отырған алфавиттің классикалық кезеңдегі алфавиттан айырмашлығы бар.
К k әрпі ертеде ғайып болған; кейбір қысқартуларда ғана кездеседі, мысалы K немесе KAL – Kalendae – календалар сөзінің қысқаша нұсқасы, календалар деп әр айдың алғашқы күнін атаған. Сол себепті оны өзіміздің [к] фонемамызға қолданғанымыз жөн.
Y y және Z z әріптері грек тілінен енген сөздерде кездеседі. Бұнда біз грек тілі вариантын ескермей, ағылшын тілі вариантына жүгінгеніміз жөн. Yy тек қана дауыссыз [й] фонемасын белгілеуі керек. Егер қазақтың төте жазуы арапша әліппемізге жүгінсек, қазақ тілінде [и] фонемасы ешқашан болған емес. М: киім емес кійім, қял емес қыйал, сиыр емес сыйыр, жиын емес жыйын, жиде емес жійде. Міне осылай, кирилицаның арқасында тіліміз ақсақ аттай шала басып, шоқақтауға үйреніпті. Сондықтан мен кирилицаны сауатсыз жасалған әліппе дер едім.
Классикалық латын тілі кезеңінде u және i әріптері [u], [i] дауысты әріптерін және [v], [j] дауыссыз әріптерін белгілеу үшін қолданылған себебі V v, J j әріптері алфавитке ХVІ ғасырда ғана енгізілген. Көп басылымдарда J j әріпінің орнына І і әрпі қолданылады. Сондықтан сөздіктерде iam және jam, iniectum және injectum нұсқаларын кездестіруге болады. Ал әлемдік ауқымға келсек, өте мөте ағылшын тілі факторын ескерсек, J j әрпі тек [ж] фонемасын береді. М: Jonson – жонсон.
Герман тілдеріндегі W w әрпі ХІ ғасырда енгізілген. Ол герман тілдеріндегі дауыссыз [у] фонемасын белгілеу үшін енгізілген. Сондықтан оны өзіміздегі [у] фонемасын беогілеуге арнадым.
Бас әріптен латын тілінде адам есімдері (Iulia, Marcus, Caesar), географиялық атаулар (Roma, Europa, Italia), халықтардың атаулары (Latini, Romanus, Graeci )және зат есімнен жасалған сын есімдер жазылады (lingua Latina, theatrum Graecum, philosophus Romanus, nation Polona).
Бір буындағы екі дауысты дыбыс дифтонг деп аталады. Латын тілінде екі дифтонг бар. Олар: au[ау] және eu[еу] Eu-ro-pa [еуропа] Еуропа, causa [кауза] себеп.
Бір буындағы бір дыбыс беретін екі дауысты дыбысты диграф деп атайды. Олар: ae[ә] aera [әра] мыңжылдық, ое[ө] poena [пөна] жаза және ue[ү] true [трү] шындық. Егер әріптер тіркесін яғни диграфтарды бөлек оқу қажет болса, екінші әріптің үстінен қос нүкте [ ¨ ] (трема ) немесе ұзақтық белгісі [ ‾ ] қойылады, мысалы poёta немесе poēta [поета] ақын.
Дауыссыздар латын тілінде muta (p,b,t,d,c,g) және liquida (l,r) болып бөлінеді.
Латынның Cc таңбасын қалай қолдану туралы көп ойланып барып, ақыры онымен «ғ» фонемасын белгілеуді жөн көрдім. Оның себебі:
Латын тілінде, классикалық кезеңде Сс әрпі тек қана [к] болып оқылады. Содан Gg әрпі келіп шыққан болатын. Сондықтан оны біздің [ғ] фонемамызға беруге болар еді. Алайда, XIII ғасырғы «Кодекс куманикус» әдебиеттерінде ол көбінесе [ш] фонемасына қолданылған болатын. Қазіргі бірталай түркі халықтарында ол [ж] немесе [ч] фонемасына қолданылады. Сондықтан оны біздің [ш] фонемамызға берген жөн болар деген ойдамын.
Ал латындағы Xх таңбасының қолдануына келсек, ол латынның классикалық түрінде [кс] немесе ұяң түрде [гз] болып дыбысталады. Бізде ондай дыбыс жоқ. Бір жақтан [Х] таңбасы аша ағаш кейпіне келеді, егер [ш] фонемасына қолдансақ, көз алдыға елестетуге жеңіл болар еді. Расында, бірталай елдерде бұл әріп [ш] дыбысына қолданылады. Бір жағынан біз кирилицаның «х» әрпіне үйреніп қалғанбыз, ал екінші жағынан [кс] және [гс] дыбысы өзіміздің [ғ] фонемамызға біршама жақын. Сосын, XIII ғасырғы «Кодекс куманикус» әдебиеттерінде ол көбінесе [ғ] фонемасына қолданылған болатын. Сондықтан бұл әріпті [ғ] фонемамызға қолданғанымыз жөн болар деп ойлаймын.
Әрине, айта кеткім келетіні - латынның тілдік заңдылығына белгілі дәрежеде үйлескенімізбен, оған бүкілдей үйлесуіміз мүмкін емес. Сондықтан дәнін алып қауызын тастауымыз керек сиақты.
Латыншадағы Hh таңбасы қазақ тіліндегі [һ] фонемасын белгілеуге арнадым. Бұл дыбыс қазақ тілінде сирек кездесіп, жиі қолданылмағанымен, құрама дыбыстарды жасауда ол өте қажет дыбыс таңбасы болып табылады. Сондықтан кез келген жағдайда бұл дыбысты қысқартуға немесе басқа дыбысқа пайдалануға болмайды. Таза өзін сақтау сөзсіз керек. М: sh, gh, th, ch, ph, nh, kh, zh, xh
Бірнеше тұрақты әріптер тіркесін есте сақтау қажет. Олар:
ph [ф] болып оқылады philosophus [философұс] философия;
rh [р] болып оқылады rhetor [ретор] ритор;
th [т] болып оқылады theatrum [театрұм] театр ;
ch [х] болып оқылады pulcher [пұлхер] әдемі;
sch [сх] болып оқылады schola [схола] мектеп;
qu [құ] болып оқылады aqua [ақұа] су.
Классикалық кезеңде ti барлық жерде [ти] болып оқылған. Мысалы ratio [ратио] сана, scientia [скиентиа] білім.
Ngu әріптер тіркесі дауысты әріптердің алдында [нгв], дауыссыз әріптердің алдында [нги] болып оқылады. Мысалы: lingua [лингұа] тіл, angulus [ангұлұс] бұрыш, longus [лонгұс] ұзын, unguis [унгүис] тырнақ.
Классикалық кезеңде S дауысты әріптердің ортасында тұрса [c] болып оқылған. Ал оның латын тілінің дамуының соңғы кезеңіндегі өзгерістерін бұл жерде ескермейміз.
Ал біздің латын тіл мәдениетімен қатынасымыз да сонау ерте ден-ақ пайда болған. Оның бір бұлжытпас айғағы - Кодекс Куманикус (лат. Codex Cumanіcus), «Қыпшақ тілінің сөздігі» – қыпшақ тілінде жазылған діни мәтіндер мен сөздіктерден тұратын кітап, бұл еңбектің түпнұсқасы 1294 жылы латынның готикалық көне қарпімен жазылған. Екі бөлімнен тұрады. Ал бұның аударылмаған түп нұсқасын оқысаңыз, кәдімгі қазақша.
Мен бұл әліппенің атын «өлшемді» деп атаған себебім: әдетте өлшем деген сөз стандард деген сөздің қазақша баламасы болып келеді. Яғни бұл әліппе тек қана стантандардты латын әліпбесінің негізінде жасалғандықтан, «Қазақтың өлшемді (стандардты) әліппесі» деп аталды.

Латын әліпбесіне көшу орындалмай қоймайтын тарихи мақсат.

ХХ ғасыр басындағы қазақ тіл білімі мен әдебиетте сан салалы зерттеу жұмыстарын жүргізумен бірге түрлі оқулықтар жасаудың да қажеттілігі сезіліп, аса маңызды мәселе ретінде алға қойылған тұста – Ахмет Байтұрсынұлы ұлт тілі мәселесіне өте жауапкершілікпен қарап, өзінің ұзақ жылдар бойғы төлеңбегі – арап графикасы негізінде жасалған «Төте жазу» әліпбесін жарыққа шығапды. Сонымен қатар осыдан бастау алып, қазақ әліпбесі түрлі саясаттардың қажетімен түрленіп жаңара берді.

Latinca-Qazaqca Oelcemdi Aelipbe-te_Страница_09.jpg
Боялған тұстар түсінің қанықтығына байланысты әліпбедегі кемшіліктерді білдіреді.

Егер, жоғарыдағы кестеге сәп салып қарайтын болсақ, әліпбеміздің 1924-жылға дейін қоғамдық жағдайға байланысты өзгерсе, ал 1929-жылдан кейін саяси жағдайларға байланысты өзгергерістерге жолыққанын байқаймыз:
(1) Шоқындырушылардың жазуы – Алғашқы қазақ кирил әліпбиін 19-шы ғасырда Ыбырай Алтынсарин жасап шығарған. Кирил әліпбиінің негізінде православ миссионерлері діни әдебиет және «орыс-түзем» мектептеріне арнап қазақ «миссионер» әліпбиі жасалды. Онда түрлі қосарланып жазылатын және диакритикалық таңбалар қолданылды. «Миссионерлік әліпби» 1917 жылға дейін шектеулі дәрежеде қолданылып келді. Бұл әліпбе кирил болғанымен, онда қазақ тілінің ерекшеліктері ескеріліп, артық таңбалар енгізілмегендігі байқалады;
(2) Төте жазу - 1924 жылы қазақ фонетикасындағы дауысты дыбыстарын дұрыс белгілеу үшін қайта құрастырылған. Жобаны дамытқан Ахмет Байтұрсынов «төте жазу» деп атаған (тағы да «Жаңа емле» деп те аталған). Қазақтың төте жазуын жасауда А.Байтұрсынұлы полиграфиялық жағынан қолайлы-қолайсыз жерлерін, оқыту процесіндегі тиімді-тиімсіз жақтарын таразылай отырып, 24 әріптен тұратын әліпби құрастырады. Әліпбеде қазақ тіліне тән, төл дыбыстарға ғана орын беріліп, кірме дыбыстар алынбайды. Ғалым гетерогенді сипат алған емлені, әліпбені жалпыхалықтық, ұлттық негізде қарастырады. Сол себепті бұл қазақ тарихында ең сәтті жасалған әліпбе болды;
(3) Жаңәліп – КСРО ОАК жанындағы Жаңа әліпби бойынша комитет тарапынан латын тіліне негізделген «Ортақ түркі әліпбиі» (Яналиф немесе қаз. Жаңәліп) ұсынылды. Қазақ тілінің талаптарына сай кейбір өзгерістер енгізілген бұл әліпби ресми түрде 1929 жылдан 1940 жылға дейін қолданылып келді, сосын кирил әліпбиімен алмастырылды. Бұ әліпбе жасалу жағынан А.Байтұрсынұлының «төте жазуының» латынша нұсқасы екендігін жоғарыдағы кестеден байқау қиын емес. Алайда онда бүкіл түркілік ауқымға ілесіп, латын таңбалары дыбыстарымызға тиімді қолданылмағандығы байқалады. М: Jj таңбасы «й» дыбысынаберілген, бұл латын тіліне сай келеді дегенмен, дүниелік айқымға қайшы келеді; Çç таңбасы «ж» дыбысына берілген; Bʙ таңбасы кирилдік болып кеткен; Vv таңбасы біресе «в» дыбысына, біресе «у» дыбысына қолданылған; Латынға жат Ƣƣ таңбасы «ғ» дыбысына қолданылған; Yy таңбасы «ү» дыбысына берілген; Hh таңбасын «х» дыбысына берудің ешқандай негізі жоқ; «ы» дыбысына орыстың Ьь таңбасын қоя салған; «ч» дыбысына ешқандай таңба немесе қосақтаңба берілмеген.
(4) Қазақ кирил әліпбиі —көбінесе Қазақстан мен Моңғолияда пайданаланылатын әліпби. Бұл Сәрсен Аманжолов ұсынған әліпби 1940 қабылданған, 42 әріп енген: 33 орыс әліпбиінің әрпі және 9 өзіндік қазақша әріп Ә, Ғ, Қ, Ң, Ө, Ұ (1947 ж. дейін бұрын осы әріп орнына Ӯӯ пайдаланылған), Ү, Һ, І. Ертеде қазақ әріптері орыс әліпбиі әріптерінің сонында қойылған, сосын дыбысы жақын орыс әріптерінің артына жылжытылған. Артықшылығы: осы әліпбе арқылы орыс жазба үлгілерінің қабылдануы біршама жеңіл болды. Терминдер ешқандай аударусыз жылдам қабылданды. Осының арқасында қазақтілінде заңдылыққа бағынбайтын орыс сөздері қаптапкетті, бейне бір үйде қазақ және орыс өкілдері бірге тұрып, әркім өз тілінде сөйлеп жүргені тәрізді. Бұл әліпбеде орыс тілінің дұрыс жазылуына аса мән берілген, ал қазақ тілінің жазылуы оған қосалқы түрде ойластырылған. Кісіге құдды орыс келе жатқанда қазақ шетте басын ійіп жол беріп тұрғандай сезім тудырады. Қазақ тілінің әлі күнге дейін еңсесін көтере алмай жүргені, сірә, осы ата жолдан тайсалмай келе жатқанымыздан болар.
(5) Жаңаша (жаңа жазу) – 1960-шы жылдары Қытайда орын алған «мәдени төңкеріс» кезінде аз санды ұлттардың, соның ішінде қазақтардың жазуын қытай иероглифтік жазуына өткізуге талпыныстар жасалды. Бұл әрекеттер сәтсіз аяқталған соң арнайы бұйрықпен Шынжаң Ұйғыр автономиялы ауданының Іле ққазақ автономиялы облысын мекендейтін қазақтарға арнап пинйін негізіндегі жазу енгізілді. Ал пинйін жазуы 1950-ші жылдары Қытайдың Орталық үкіметінің қаулысы бойынша қалыптастырылған қытайдың латын әліпбесі болатын. Жаңа жазу әліпбесіне зер салып қарасақ, оның кезіндегі А.Байтрсынов әліпбесінің тағы бір латынша нұсқасы екендігін аңғару қиын емес. Бірақ, ол «жаңәліптен» әлде қайда дұрысталған. «Төте жазудан» ары қарай бір саты дамытылған. Оның жетістігі Ww, Yy таңбалары [у] [й] дыбыстарына тек қана дауыссыз күйде қолданылып, дауыссыз дыбыстармен [ы], [і], [ұ], [ү] фонемалары арқылы тіркескендігі болды. М: keliw [келу], kiymelew [кимелеу], tiy [ти], tey [тый], teyelew [тиылу], tuwesᶄan [туысқан], suw [су], süwret [сурет], jetisiw [жетісу], Jetisuw [Жетісу]. Осы жолмен ол тіл-жазудағы нақтылығын арттыра білді. Оның сәтсіздігі – латын таңбаларын тек қытай пинйінінің аясында ғана қолданғаны болды. Пинйіндегі өзгеше дыбыстарға берілген Qq-[ч], Xx-[ш], Hh-[х], Ee-[ы], Cc-[ц] таңбаларын бұджытпай қабылдаған. Ал қазақ дыбысы мен сөздерін бейнелеу жағынан бұл әліппе «төте жазудан» бір саты жоғарылаған. Бұл әліпбе қазақтың маңдайына артық болып біткендей, 1980-ші жылдардың соңында үкімет қаулысы бойынша істен алып тасталынып, орнына «төте жазу» қайта қабылданды. «Жаңа жазудың» түбіне қытайдағы ескішіл қарттарымыз жетті деп ойлаймын. Себебі, олардың бұдан бұрынғы жазылған көптеген шығармалары «төте жазуда» жарық көрген болатын. «Жаңа жазу» оларға еңбектерін аяққа таптаған тажалдай болып көрінді білем. Сол себепті мен бұны қазақ тарихындағы тағы бір кері шегініс және трагедияға балаймын.
Жоғарыдан алатын қорытындымыз: Өткен жүзжылдықта жасалған әліпбелердің ішінде Арап әліпбесінен Ахмет Байтұрсыновтың «Төте жазуы» өте сәтті жасалған болды. Ал қалған әліпбелерден қытай қазақтарының «жаңа жазуы» өте үлкен саяси қысымның астындағы қоғамдық жағдайда жасалған бола тұра тіл-жазу мәдениетінің белгілі бір өресіне жете білді. Сондықтан менім ойым – ендігі латын әліпбесін Ахмет Байтұрсынұлы идеаларын негіз ете отырып, қытай қазақтарының «жаңа жазу» әліппесі негізінде жасау керек деп ойлаймын.

Феизбукта "Арман Байқадам" жасаған нұсқасы біраз талқыға түсіп соңында бәрі мойындаған сиақты сол нұсқаны. Менде Арман Байқадам нұсқасын тез түсініп және жазып кеттім. Төменге Арманның нұсқасын салайын барлығымыз таңдау салып көрейік.


Латын графикасы негізіндегі қазақ әліпбиінің Арман Байқадам ұсынған жобасы


Мақсаты:
- Латын графикасы негізіндегі қазақ жазуын енгізу.

Міндеті:
- Латын графикасын енгізуде қазақ тіліндегі сингармонизм заңын негізге алу;
- Қазақ тілінің технологиялық, ақпараттық, коммуникациялық мүмкіндігін кеңейту;
- Мемлекеттік тілдің және қазақ халқының бәсекелестік қабілетін арттыру үшін тиімді графика ұсыну;
- Қазақстан қоғамын лингвоцентризм арқылы мемлекеттік тілдің аясында ұйысуын жеделдету және қалыптасқан қоғамды нығайту.


Талабы (Байқадам стандарты):

1. Латын әліпбиі 26 әріптен аспауы шарт;
2. Қолдануға өте ыңғайлы әрі қарапайым болуы тиіс;
3. Сингармонизм заңын барынша тиімді пайдалану;
а) жіңішке және жуан дауысты дыбыстарға байланысты заңдылықты назарға алу;
б) еріндік және езулік дауысты дыбыстарға байланысты заңдылықты назарға алу;
4. Транскрипция енгізу және сингармонизм заңына бағынбайтын өзге тілден енген сөздер мен қосымшалар, жалқы есімдер және терминдер, сондай-ақ, жазылуы дау тудыратын сөздер мен қосымшаларды ұтымды берудегі транскрипцияның рөлін арттыру;
5. Халықаралық терминдердің және адам аттары мен географиялық атауларды жазылуын бұзбай, түпнұсқа күйінде беру;
6. Қаржылық-экономикалық тұрғыдан барынша үнемді болуы шарт.


Арман Байқадам ұсынған әліпби нұсқасы бойынша 26 әріп беріліп отыр. Олар:


№ Әліпби Айтылуы Транскрипциясы Кирилшe
1 Аа a [ʌ], [ә] а
2 Bb by [b] бы
3 Cc cy [k] кі
4 Dd dy [d] ды
5 Ee e [e] е
6 Ff fy [f] фы
7 Gg gy [g] гі
8 Hh hy [h] хы
9 Ii i [і], [i:] и
10 Jj jy [j] жы
11 Kk ky [k:] қы
12 Ll ly [l] лы
13 Mm my [m] мы
14 Nn ny [n] ны
15 Oo o [ɔ], [ɔ:] о
16 Pp py [p] пы
17 Qq qy [q] ғы
18 Rr ry [r] ры
19 Ss sy [s] сы
20 Tt ty [t] ты
21 Uu u [ɛ], [ɛ:] ұ
22 Vv vy [v] вы
23 Ww w [u], [u:] у
24 Xx iks [ks] икс
25 Yy y [ı], [ı:] ы
26 Zz zy [z] зы


Дифтонгтар немесе екі әріппен белгіленетін дыбыстар:

1 sh shy [ʃ] шы
2 ch chy [tʃ] чы
3 ng/ing ng [ŋ] ң


Біріншіден, әлемдік тәжірибені ескере отырып, латын әліпбиінің реттік орналасу тәртібін сол күйінде қалдырдық. Мысалы, ағылшындар, немістер, италиялықтар, түріктер, тіпті әзірбайжан мен өзбектердің де латын әліпбиінің орналасу реті (кейбір ерекшеліктерді қоспағанда) бірдей. Ал, айтылуы, оқылуы басқаша. Біз әріптердің дыбыс беруін сол күйінде қалдырдық.
Екіншіден, латын әліпбиін пайдаланатын елдерге ортақ заңдылық транскрипция. Транскрипция – сөздің оқылуын, дыбысталуын білдіреді. Сондықтан Қазақстандағы жазу тілі латын графикасына көшкен жағдайда, оның транскрипциясы да қоса ұсынылады.



2. Латын әріптерін үндестік заңдылығына сай бейімдеу

Көрші буындардың, дыбыстардың ілгерінді-кейінді бір-біріне ықпал жасап, өзара ұқсауы үндестік заңы деп аталады.
Сингармонизм заңдылықтары:
1. Сөздің алғашқы буыны жуан болса, келесі буындары да жуан немесе соңғы буыны жуан болса, оған жалғанатын қосымша да жуан болады. Мысалы: ба-ла-лар, оқу-шы-лар, қа-ла-да-ғы-лар-ы-мыз.
2. Сөздің алғашқы буыны жіңішке болса, келесі буыны да жіңішке немесе сөздің соңғы буыны жіңішке болса, оған жалғанатын қосымша да жіңішке болады. Мысалы: өн-ер-ші-лер-ге, ән-ші-лер, үй-де-гі-лер-і-міз.
3. Қазақ тілінің айтылу заңдылығына сәйкес, сөздің алғашқы буыны еріндік дауысты дыбыстан басталса, қалған буындары да еріндік дауыстылармен дыбысталады. Мысалы: өнер – өнөр, көгершін – көгөршүн, жүрегім – жүрөгүм.


Дауысты дыбыстардың ережесі

Латын әліпбиіндегі a, o, u, y дыбыстары арқылы а – ә, о – ө, ұ – ү, ы – і сыңар дыбыстарын таңбалауға болады. Жуан буынды сөздерде бұл заңдылық толық сақталады. Ал жіңішке буынды сөздерді айқындау үшін мынадай заңдылықтар керек:
- а әрпі жуан дауыстылар келген кезде [ʌ] болып оқылады. Ал жіңішке е, і, ө, ү дыбыстары келген кезде [ә] болып оқылады, яғни полатаризация (жұмсарту) заңдылығы жұмыс істейді.

а


[ʌ] [ә]
Karakat [kʌrʌkʌt] arecet [әrecet]
Arna [ʌrnʌ] alem [әlem]
Aspan [ʌspʌn] aсe [әce]

Егер бір сөз жуан, не жіңішке болуы ықтимал жағдайларда жіңішке буынды сөзден кейін (‘) дәйекше белгісі қойылады. Бұл жерде А.Байтұрсынұлының дәйекшенің жіңішкелік белгісі екендігін көрсететін пікірін басшылыққа алдық. Мысалы,
Аi: 1. Зат есім (ай). Астрономиялық атау.
2. Одағай (әй). Бұл жерде мағынасына қарай екеуін ажырату үшін, егер ол одағай сөз ретінде қолданылған жағдайда сөздің соңына дәйекше қоямыз: ai’ [әi]. Ал, дәйекше қойылмаған жағдайда ai [ʌi] зат есім күйінде қалады.
- о әрпі сөз ішінде жуан дауыстылар келген кезде [ɔ] болып оқылады. Ал жіңішке ә, і, ү дыбыстары келген кезде [ɔ:] болып оқылады.

о


[ɔ] [ɔ:]
orak [ɔrʌk] oner [ɔ:nɔ:r]
orman [ɔrmʌn] ornec [ɔ:rnɔ:c]
otan [ɔtʌn] ozen [ɔ:zɔ:n]

Егер бір сөз жуан, не жіңішке болуы ықтимал жағдайларда жіңішке буынды сөзден кейін (‘) дәйекше белгісі қойылады. Мысалы:
Оz: 1. Етістік (оз). Іс-қимылды білдіреді: озу.
2. Өздік есімдігі (өз). Осы жерде мағынасына қарай екеуін ажырату үшін, егер ол өздік есімдігі ретінде қолданылған жағдайда сөздің соңына дәйекше қоямыз: oz’ [ɔ:z]. Ал жалғау немесе жұрнақ жалғанған жағдайда дәйекше түсіп қалады. Мысалы: oz’ – oz + ge [ɔ:zgɔ:].
- u әрпі сөз ішінде жуан дауыстылар келген кезде [ɛ] болып оқылады. Ал жіңішке ә, і, ө дыбыстары келген кезде [ɛ:] болып оқылады.

u


[ɛ] [ɛ:]
urpak [ɛrpʌk] ustem [ɛ:stɔ:m]
uran [ɛrʌn] ulken [ɛ:lkɔ:n]
ustam [ɛstʌm] urcer [ɛ:rcɔ:r]

Егер бір сөз жуан, не жіңішке болуы ықтимал жағдайларда жіңішке буынды сөзден кейін (‘) дәйекше белгісі қойылады. Мысалы,
Ush – 1. Етістік (ұш). Іс-қимылды білдіреді: ұшу
2. Сан есім (үш). Осы жерде мағынасына қарай екеуін ажырату үшін, егер ол сан есім ретінде қолданылған жағдайда сөздің соңына дәйекше қоямыз: ush’ [ɛ:ʃ]. Ал жалғау немесе жұрнақ жалғанған жағдайда дәйекше түсіп қалады. Мысалы: ush’ – ush-ten [ɛ:ʃtɔ:n].
- y әрпі сөз ішінде жуан дауыстылар келген кезде [ı] болып оқылады. Ал жіңішке ә, e, ө, ү дыбыстары келген кезде [ı:] болып оқылады.

y


[ı] [ı:]
yntymak [ıntımʌk] ylmec [ı:lmec]
yngqaily [ıŋqʌilı] yscer [ı:scer]
yrymdar [ırımdʌr] ylgery [ı:lgerı:]


Егер бір сөз жуан, не жіңішке болуы ықтимал жағдайларда жіңішке буынды сөзден кейін (‘) дәйекше белгісі қойылады. Мысалы:
Ys – 1. Зат есім (ыс). Түтіннің қалдығы.
2. Зат есім (іс). Жұмыс. Осы жерде мағынасына қарай екеуін ажырату үшін, егер ол жұмыс ретінде қолданылған жағдайда сөздің соңына дәйекше қоямыз: ys’ [ı:s]. Ал жалғау немесе жұрнақ жалғанған жағдайда дәйекше түсіп қалады. Мысалы: ys’ – ys-cer [ı:scer].
- i [i] әрпі кириллица графикасындағы и [i], й [i:] әрпін білдіреді.
- w [w] әрпі кириллица графикасындағы у әрпін білдіреді.
А.Байтұрсынұлы i мен w әрпін шала дауысты дыбыстар қатарына жатқызады. Өйткені олар дауыссыз дыбыспен қосарланып келсе дауысты, дауысты дыбыспен қосарланып келсе дауыссыз дыбыс болып табылады. Егер – і немесе w әріптері дауысты дыбыспен қатар келсе, дауыссызға айналып транскрипцияда [i:], [w:], болып оқылады. Ал, дауыссыз дыбыспен қатар келсе [і], [w] болып жазылады.
- е [e] дыбысы қазақ тілінің төл ережесіне тек жіңішке дауысты дыбыстармен ғана үндесіп келеді.

Қазақ тілінің сингармонизм заңы бойынша дауысты дыбыстардың бір сөз аясында үндесу тәртібі


а ә о ө ұ ү ы і и у е
а + + + + +
ә + + + + +
о + + + +
ө + + + +
ұ + + + + +
ү + + + + +
ы + + + + +
і + + + + + +
и + + + + + + + + + +
у + + + + + + + + + +
е + + + + + +


Бұдан бөлек сингармонизм заңына біріккен, кіріккен, кірме, қосарлама қос сөздер және шет тілінен енген қосымшалар бағынбайды. Оларды тек транскрипцияның көмегімен пайдаланамыз:

1. Біріккен сөздер (оның ішінде жалқы есімдерді де қарастырамыз) атамекен, қараөткел, сарыбел, желбау, Болатбек, Нұрлыбек, Жанаркүл
2. Кіріккен сөздер кейуана, керенау, қыстыгүні, жаздыгүні,
3. Кірме сөздер кітап, мұғалім, қазір
4. Шет тілінен енген қосымшалар - қой, - паз, - гей, - нікі, - дікі, - тай, - хана, - қор, - кер, - шін, -шын


Дауыссыз дыбыстардың ережесі

Дауыссыз дыбыстар дауыс шымылдығының жиырылып, өкпеден шыққан ауаның ауыз қуысындағы мүшелердің біріне соқтығысып, бір-біріне кедергі жасауынан шығады. Қазақ тілінде 26 дауыссыз дыбыс бар, олар мыналар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, у, ф, х, һ, ц, ч, щ, ш.
Оны латын графикасындағы дауыссыз дыбыстарға түсіргенде: b, g, q, d, j, z, i, c, k, l, m, n, p, r, s, t, w, h, v, f дыбыстарын ғана қалдырамыз.
b – әрпі кириллица әліпбиіндегі б әрпін береді.
g – әрпі кириллица әліпбиіндегі г әрпін береді
q – әрпі кириллица әліпбиіндегі ғ әрпін береді
d – әрпі кириллица әліпбиіндегі д әрпін береді
j – әрпі кириллица әліпбиіндегі ж әрпін береді
z – әрпі кириллица әліпбиіндегі з әрпін береді
i – әрпі кириллица әліпбиіндегі й әрпін береді
c – әрпі кириллица әліпбиіндегі к әрпін береді
k – әрпі кириллица әліпбиіндегі қ әрпін береді
l – әрпі кириллица әліпбиіндегі л әрпін береді
m – әрпі кириллица әліпбиіндегі м әрпін береді
n – әрпі кириллица әліпбиіндегі н әрпін береді
p – әрпі кириллица әліпбиіндегі п әрпін береді
r – әрпі кириллица әліпбиіндегі р әрпін береді
s – әрпі кириллица әліпбиіндегі с әрпін береді
t – әрпі кириллица әліпбиіндегі т әрпін береді
w – әрпі кириллица әліпбиіндегі у әрпін береді
h – әрпі кириллица әліпбиіндегі х әрпін береді

Латын алфавиті негізінде у мен й дыбыстарын қоспағанда, 16 дауыссыз дыбыс шығады.
в мен ф дыбыстары қазақ тілінің төл алфавитіне сырттан енген кірме дыбыстарды береді. Қазіргі кезде бізде шет тілінен енген терминдер көп болғандықтан, оларды таңбалау үшін v және f әріптерін қалдырдық.
v – әрпі кириллица әліпбиіндегі в әрпін береді
f – әрпі кириллица әліпбиіндегі ф әрпін береді
x – әрпі (кс) деген дыбысты береді. Қазақтың төл әліпбиінде бұрын пайдаланылмаған. Бұл негізінен шеттен енген термин сөздерде және адам аттарында ғана пайдаланылады. Тілдің мүмкіндігін арттыру мақсатында қолданысқа енгізіледі.
Ал ш, ң, ч, ц дыбыстары дифтонг болғандықтан, ағылшын және кейбір өзге тілдерде екі дыбыстың қосылуынан жасалады. Сондықтан, әлемдік озық тәжірибені пайдалана отырып, біз де екі әріптің қосарлануы арқылы бір дыбыс бердік. Мысалы:
sh - әріптері кириллица әліпбиіндегі [ʃ] ш әрпін береді. Мысалы, shar, shana, shyraqdan, jumysshy. Бұдан бөлек, сөз ішінде асхана, Досхан т.б. сөздер кездесіп қалатын болса, ондағы хана, хан сөздері парсы тілінен енгендігін ескере отырып, бұл сөздерді ashana, Doshan түрінде жазамыз. Ажырату үшін транскрипцияның көмегін пайдаланамыз. Мәселен, ashana [ʌshʌnʌ], Doshan [Dɔshʌn].
ng - әріптері кириллица әліпбиіндегі [ŋ] әрпін береді. Мысалы, аng, dangqyl. Ал егер күнгі, сөнген т.б. н мен г әрпі бір сөз ішінде қатар келетін болса, транскрипцияның көмегіне жүгінеміз. Мысалы: cungу [cɛ:ngɛ:], songen [sɔ:ngɔ:n]. Ал, ing жалғауын marketing, engineering сынды терминдерді жазғанда пайдаланамыз.
сh - әріптері кириллица әліпбиіндегі [tʃ] ч әрпін береді. Ч әрпі негізінен шеттен енген сөздерде қолданылатындықтан қалдырдық. Мысалы, chemodan, champion.
ts - әріптері кириллица әліпбиіндегі [ts] ц әрпін береді. Ц әрпі негізінен шеттен енген сөздерде және жалқы есімдерде қолданылатындықтан қалдырдық. Мысалы: Tsoi, Tswrtswmia
ю және я әріптері ia, iw түрінде беріледі. Мысалы: аю – аiw [ʌi:w] , aяла – aiala [ʌi:ʌlʌ].
щ әрпі қазақ тілінде ащы, тұщы сөздерінде ғана қолданылатындықтан, оны алып тастап, ащы, тұщы сөздерін жазуда транскрипцияға жүгіндік. Мысалы: Ashy [ʌʃʃı], tushy [tɛʃʃɛ]

Дауыссыз дыбыстар дауыс пен салдырдан құралады да, үш топқа жіктеледі.
1. Қатаң дауыссыздар мыналар: p, f, c, k, t, sh, s, h, ts, ch. Бұл дыбыстар негізінен, салдырдан құралады.
2. Ұяң дауыссыздар мыналар: b, v, q, g, d, j, z, Ұяң дауыссыздарда салдыр басым, дауыс азырақ болады. Қазақ тілінде 7 қатаң дауыссыз бен 7 ұяң дауыссыз дыбыс бір-бірімен қатаң ұяң болып жұптасады: p-b, f-v, c-g, k-q, t-d, s-z, sh-j.
3. Үнді дауыссыздар мыналар: l, m, n, ng, p, i, w. Мұнда дауыс басымырақ болып, салдыр аз болады. w мен і дыбыстары дауысты да, дауыссыз да болып қолданыла береді.


Қазақ тіліндегі термин сөздер

Қазақ тілінің термин сөздігіне қатысты үш ереже ұсынамыз.

1). Қазақ тілінің ережесінде - қой, - паз, - гей, - нікі, - дікі, - тай, - хана- қор, - кер, мен, пен, бен қосымшалары бұрыннан бар. Сондықтан, бұл ережені -шын, -шін деген қосымшалармен толықтырамыз. Себебі, қазақ тілінің терминологиясына орыс тілі арқылы енген информация, коммуникация, станция сынды сөз аяғы -ция қосымшасымен аяқталатын сөздер бар. Мамандардың айтуынша –ция қосымшасы қазақ тілінің дыбысталу ерекшелігіне қайшы келеді. Себебі, -ц, -я дыбыстары қазақ тілінде жоқ. Сондықтан, жоғарыда аталған информация, коммуникация, станция сынды сөздерді латын әліпбиінде бергенде information, communication, station түрінде беруді ұсынамыз.
Біріншіден, бұл сөздер халықаралық термин. Латын тілін қолданатын елдердің 80% халықаралық терминдердің жазылуын сол күйінде қалдырған. Бірақ, айтылуы әртүрлі. Сондықтан, әлемдік озық елдердің тәжірибелерін пайдалана отырып, біз де халықаралық терминдердің жазылуын сол күйінде қалдырамыз. Бұл қазақ тілінің ережелеріне қайшы келмейді.
Екіншіден, оның айтылуына келгенде -шін, -шын деген қосымшаларды пайдалануды ұсынамыз. Себебі, жоғарыда айтып өткендей, - ц, -я дыбысы қазақ тілінің дыбысталу ережесіне жат әрі күрделі. Сол үшін, ағылшын тілінің тәжірибесін пайдалана отырып, -tion, -sion қосымшаларын -шын, -шін түрінде оқуды ұсынамыз. Қазақ тілінде алшын, баршын, аршын, көгершін, лашын сынды сөздер бар.
Үшіншіден, жастар арасында және бизнес, дипломатия саласында -tion, -sion (-шын, -шін) қосымшалары арқылы жасалатын information, communication,, station сөздерін информейшін (информация), коммуникейшін (коммуникация), стейшін (станция) түрінде айту тәжірибеге еніп кетті. Сондықтан, оны қолданыс тәжірибесіне қалдырған жөн. Алдағы уақытта tion, sion (-шын, -шін) қосымшасы арқылы жасалатын сөздердің тізімін жасап бекітеміз.

2) Ц немесе ts әрпімен берілетін сөздер қазақ тілінде санаулы. Атап айтқанда, цирк, цемент, цистерна т.б. Сондықтан, олардың халықаралық термин екендігін ескере отырып және оның пайдаланылуын оңтайлы етіп, түпкі жазылымын сол күйінде circus, cement, cistern деп қалдырамыз. Шеттен енген сөздер сингармонизм заңдылығына бағынбайтын сөздер болғандықтан, оның айтылуын транскрипцияда ұсынамыз. Тек жалқы есімдерді ғана екі әріптің қосындысы, яғни –ts арқылы беруді ұсынамыз. Мәселен, Tsoi, Tshai

3) Компьютер, футбол, баскетбол, волейбол сынды танымал халықаралық терминдер мен бренд сөздердің де жазылу ережесін computer, football, basketball, volleyball, Coca-Cola, Toyota, iPhone түрінде қалдырамыз. Ал, оқылу тәртібін транскрипцияда жүйелейміз. Себебі, аталған сөздердің жазылуы жұртшылыққа өте таныс. Алдағы уақытта жазылуы сол күйінде қалатын бұл термин сөздердің де тізімін жасап бекітетін боламыз.
Феизбукта "Арман Байқадам" жасаған нұсқасының кемшіліктері өте көп екен. Ол негізгі жақтан Латын тілі
заңдылығынан тыс көп ауытқып кеткен. Біз латын алфавитін жасауда ең алдымен латын тілі факторына
ағылшын тілі факторына аса мән беруіміз керек. Өйтпегенде, бұл тілдік қайшылыққа алып келеді де,
ана тіліміз бір жақтан халқаралық ғылыми тіл латын тілінің, екінші жақтан халқаралық тіл ағылшын тілінің қыспағында қалады да тіліміздің өміп сүруіне үлкен қапіп төндіреді.

Төменде мен "Арман Байқадам" жасаған нұсқаға бірталай сын айттым:

№ Әліпби Айтылуы Транскрипциясы Кирилшe
1 Аа a [ʌ], [ә] а
2 Bb by [b:o414l7sz] бы
[b]3 Cc cy [k] кі[/b:o414l7sz] - - Латын тілінде, классикалық кезеңде Сс әрпі тек қана [к] болып оқылады. Содан Gg әрпі келіп шыққан болатын. Сондықтан оны біздің [ғ] фонемамызға беруге болар еді. Алайда, XIII ғасырғы «Кодекс куманикус» әдебиеттерінде ол көбінесе [ш] фонемасына қолданылған болатын. Қазіргі бірталай түркі халықтарында ол [ж] немесе [ч] фонемасына қолданылады. Сондықтан оны біздің [ш] фонемамызға берген жөн болар деген ойдамын.

4 Dd dy [d] ды
5 Ee e [e] е
6 Ff fy [f] фы
7 Gg gy [g] гі
[b:o414l7sz]8 Hh hy [h] хы[/b:o414l7sz] --- Жалпы Қазақ тілінде х фонемасы үш-ақ сөзде қолданылады: Хан (Қаған), халық және хат. Осыған бола бір әріпті сайлаудың қажеті мүлде жоқ деп ойлаймын. Ал тағы бір жақтан классикалық латын тілі мен ағылшын тіліне қайшылық жасаймыз. Латыншадағы Hh таңбасы қазақ тіліндегі [һ] фонемасын белгілеуге арнадым. Бұл дыбыс қазақ тілінде сирек кездесіп, жиі қолданылмағанымен, құрама дыбыстарды жасауда ол өте қажет дыбыс таңбасы болып табылады. Сондықтан кез келген жағдайда бұл дыбысты қысқартуға немесе басқа дыбысқа пайдалануға болмайды. Таза өзін сақтау сөзсіз керек. М: sh, gh, th, ch, ph, nh, kh, zh, xh

[b:o414l7sz]9 Ii i [і], [i:] и[/b:o414l7sz] --- [b:o414l7sz]Бұл таңбаны "и" фонемасына беру үлкен қателік, Қазақ тілінде, тіпті Ахмет Байтұрсынұлының «Төте жазу» әліпбесінде [и] фонемасы болған емес.[/b:o414l7sz] Сондықтан [и] фонемасын қазақ тілінен бүкілдей шығарып тастаған жөн. Мысалға алсақ, қазақтар "ти" -деп айтпайды, "тій" деп айтады. Сол секілді тиу деген не сөз? билік пе бійлікпе? силық па сыйлық па? киім бе кійім бе? жиын ба жыйын ба? егер жиын десек ол тіл заңдылығы бойынша бір буынды сөз болмақ, ал жы-йын десек екі буынды, қайсысы дұрыс?
10 Jj jy [j] жы
[b:o414l7sz]11 Kk ky [k:] қы[/b:o414l7sz] ---Бұл да үлкен қателік. Бұл біздің өткен ғасырда жасалған барлық әліппемізге қайшы. Латын және ағылшын тілдеріне де қайшы.
12 Ll ly [l] лы
13 Mm my [m] мы
14 Nn ny [n] ны
15 Oo o [ɔ], [ɔ:] о
16 Pp py [p] пы
[b:o414l7sz]17 Qq qy [q] ғы[/b:o414l7sz] --- Бұның да тиімділігі шамалы.
18 Rr ry [r] ры
19 Ss sy [s] сы
20 Tt ty [t] ты
21 Uu u [ɛ], [ɛ:] ұ
22 Vv vy [v] вы
23 Ww w [u], [u:] у
[b:o414l7sz]24 Xx iks [ks] икс[/b:o414l7sz] --- Бұл таңбаны пайдаланбағаны дұрыс емес, Онсызда бізге таңба жетіспейді, Ол латынның классикалық түрінде [кс] немесе ұяң түрде [гз] болып дыбысталады. Бізде ондай дыбыс жоқ. Бір жақтан [Х] таңбасы аша ағаш кейпіне келеді, егер [ш] фонемасына қолдансақ, көз алдыға елестетуге жеңіл болар еді. Расында, бірталай елдерде бұл әріп [ш] дыбысына қолданылады. Бір жағынан біз кирилицаның «х» әрпіне үйреніп қалғанбыз, ал екінші жағынан [кс] және [гс] дыбысы өзіміздің [ғ] фонемамызға біршама жақын. Сосын, XIII ғасырғы «Кодекс куманикус» әдебиеттерінде ол көбінесе [ғ] фонемасына қолданылған болатын. Сондықтан бұл әріпті [ғ] фонемамызға қолданғанымыз жөн болар деп ойлаймын.
[b:o414l7sz]25 Yy y [ı], [ı:] ы[/b:o414l7sz] --- Бұл өте үлкен қателік және сауатсыздық. Бұны орыс тілінің латын фавитінен тікелей көшіріп ала салған. Ал орыстың "ы" таңбасының "ый" болып дыбысталатынын, жартылай дауыссыз дыбыс екенін ескермеген. Y y және Z z әріптері грек тілінен енген сөздерде кездеседі. Бұнда біз грек тілі вариантын ескермей, ағылшын тілі вариантына жүгінгеніміз жөн. Yy тек қана дауыссыз [й] фонемасын белгілеуі керек. Егер қазақтың төте жазуы арапша әліппемізге жүгінсек, қазақ тілінде [и] фонемасы ешқашан болған емес. М: киім емес кійім, қял емес қыйал, сиыр емес сыйыр, жиын емес жыйын, жиде емес жійде. Міне осылай, кирилицаның арқасында тіліміз ақсақ аттай шала басып, шоқақтауға үйреніпті. Сондықтан мен кирилицаны сауатсыз жасалған әліппе дер едім.
26 Zz zy [z] зы

Өкініштісі, сіздің алфавитіңізден "й" фонемасын таба алмадым. Мүмкін бір жерге түсіріп алған шығарсыз.

Дифтонгтар немесе екі әріппен белгіленетін дыбыстар:

[b:o414l7sz]1 sh shy [ʃ] шы[/b:o414l7sz] --- Қазақ тілінде "ш" фонемасы екі сөздің бірінде бар, тіпті бір сөздің өзінде екі-үш рет кездеседі. Сондықтан оны дифтонгпен белгілеу тиімсіз деп есептеймін. Латын тілінде, классикалық кезеңде Сс әрпі тек қана [к] болып оқылады. Содан Gg әрпі келіп шыққан болатын. Сондықтан оны біздің [ғ] фонемамызға беруге болар еді. Алайда, XIII ғасырғы «Кодекс куманикус» әдебиеттерінде ол көбінесе [ш] фонемасына қолданылған болатын. Қазіргі бірталай түркі халықтарында ол [ж] немесе [ч] фонемасына қолданылады. Сондықтан оны біздің [ш] фонемамызға берген жөн болар деген ойдамын.
2 ch chy [tʃ] чы
[b:o414l7sz]3 ng/ing ng [ŋ] ң[/b:o414l7sz] --- Бұны қытайдағы "жаңа жазу" әліппесінде осылай қолданған. Бірақ жазғанда немесе оқығанда "нг" тіркестігінде біраз кедергі келтіретіні мәлім. Мысалы: кейінгі деген сөзді keyin'gi dep jazdi, kungirendi, kengirdek, sen'gen t.b. Осы кедеріні шешу үшін мен "nh" деп пайдалаған дұрыс деп шештім.


Сосын, сіздің айтып жүрген "СИНГАРМОНИЗМіңіз" қырғыз тіліне айтып тұрған шығарсыз. Қазақ тілі жазуында ондай сингармонизм ешқашан пайдаланылмаған, жалпы жазу ережемізге қайшы. Тіпті шатастырады. Тілдің дәлдігі және көркемдігі төмендейді. Одан барып тіл күйрейді. Сондықтан бұған елді шатастыратын заңдылықтарды енгізіп, бастарын қаймықтырудың ешқандай (сізше eshkanda -й таңбасын таба алмадым) қажеті жоқ.

Sonhinda meninh aytqim keletini, Latin alphabetin jasawda, keybir kisilerdinh sueper uenemcildik idealarina, tek qana compueterdinh sanaxina senetin, tekqana pernetaqtaninh i`nhxaylilixi uecin-xana oylanatindarxa qarsi ekendigimdi aytqim keledi. Meninhce, Alphabet jasawda enh aldimen sol alphabettinh daestuerin negiz ete otirip, quddi jas cibiqti si`ndirip almay, jaeymen iygendey, oninh koerkemdiligin jaene zanhdilixin saqtay otirip, oezimizdinh tilimizge iykemdewimiz kerek dep oylaymin. Al oez tilimizge keler bolsaq, Akhmet Baytursinuli ilimin miqti ustanip, tilimizdinh qaymaxin buzbay qasterlep, aer qaxan taza ustawimiz kerek!!!!!!!!!

Осыдан "Қазақтың өлшемді латын әліппесіне" барлық жағынан"Арман Байқадам" әліппесі теңесе алмайтынына көздеріңіз жеткен болар.
Өте жақсы мәлімет берген екенсіздер, өз басым фейсбук желісінде Нұраддин Садық мырзаның парақшасында латын әліпбиіне қатысты шығып отыратын жаңалықтарды бақылаймын