Шал ақынның шығармашылығы

Шал (Тілеуке) Құлекеұлы (1748-1819 ж.), төкпе ақын. Шал ақын (1748, бұрынғы Көкшетау облысы Азат темір жолы бекеті – 1819, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы аумағы) — қазақтың ақыны. Шын аты-жөні Тілеуке Құлекеұлы. Әкесі Құлеке батыр Абылай ханның жақын серігі болған. Шалдың өлең, жырларынан өз дәуірінің өмір көріністері айқын аңғарылады. Бұлардың бәрінде дерлік жақсылық пен жамандық, әділдік пен зұлымдық, ынсап пен тойымсыздық, ақылдылық пен аңғалдық, ізгілік пен надандық, байлық пен кедейлік тәрізді кереғар жайттар кең қамтылып сөз болады («Ата-ананың кадірін», «Жігіт туралы», «Жігіттің өзін білем дегені», «Әйел сыны», «Қыздар туралы» тағы басқа).[1] Шалдың енді бір алуан жырларында жас пен кәрі сипаттарынан тыс, моралдық, этикалық қатынастарда ұтымды бейнеленеді («Кәрілік туралы», «Жастықты көксегені», «Он бес деген жасым-ай», «Елу ердің жасы екен», «Жаманға дәулет бітсе ауа айналар», «Екі арыстан жабылса дәуді өлтірер», «Айтайын бір аз кеңес» тағы басқа)- Шал кезінде ел өмірінде елеулі орын алған айтыс-кағыстарға қатысып отырған. Бұлардан оның ұшқыр киялды тапқырлығы мен от ауызды, орақ тілді алғырлығы да мол көрінеді («Шал мен қыз», «Бәйбіше мен Шал», «Шал мен жігіт», «Шал мен келіншектер» тағы басқа). Бір топ жырлары «XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармалары» (1962 ж.), «Үш ғасыр жырлайды» (1965 ж.), «Алдаспан» (1971 ж.), «ХV-ХVII ғасырлардағы қазақ поэзиясы» (1982 ж.), «Бес ғасыр жырлайды» (1984 ж.) жинақтарына енді.

жыраулар поэзиясының үлгісі