Ұмытылған туындылар

Қапалыбек Нағашыбекұлы деген жазушының махаббат жайлы әңгімелерін оқып едім, оқушы кезімде. Одан кейін сол кітапты таба алмай-ақ қойдым. Сол кісі тірі ме, кітаптары шыға ма? Кім біледі?

Оралхан Бөкейді ұмытып кетеді....Әйтпесе, нағыз жазушы емес пе?!
Жарқ етіп сөнген тағдырлар секілді...
Мұқағали: Том-том болып дүкенде тұрмасақ та,
Подвалдағы архивтен табылармыз… деп бекер айтпаган гой, ештеңе мәңгі емес, бәрі де ұмтылады...((((
Интернеттен Адам Мекебаевтың кітаптарын таба алмай-ақ қойдым :(
Бұрын мұғалім және оққушылар туралы бір кітап оқыған едім. Авторын ұмытып қалдым. Тағы бір оқып шығайын десем,авторын есіме түсіре алмай жүрмін. :oops: :( . Ол кітапта- кеңес заманындағы оқушылардың мекткп кезіндегі өмірларі,мінез- қылықтары,сезімдері,қызықты оқиғалары,бәрә-бәрі жазылған. Жаңадан келген мұғалім,оқушылардың тентектігі,оқуға деген ынтасының күрт өзгеруі(жақсы жағына),мектеп бітіргеннен кейінгі өмірлері,кім қандай азамат болып өскені,түгел жазылған. Өтте қызықты кітап еді. :cry:
Есенғали Раушанов

Дәл осылай болатынын сезгем мен
Ғұмырым.
Сен кеткеннен ештеңе жоқ өзгерген,
Тірімін.
Іздеймін жалғыздықтан торықсам,
Ұмтыламын өрге кіл.
Басымды изеп өте шығам жолықсаң,
Көр де тұр.
Сені аңсаймын, сен туралы ойланам,
Өтірік ал, алдадым.
Керек емес, хат жазбай-ақ қой маған,
Телефон да шалмағын.
Өкінетін Мәжнүн деп пе ең, не, мені
Сәтсіздікке кез келген.
Ештеңе де керек емес себебі,
Ештеңе жоқ өзгерген.
Сөйлейді аспан қара жаңбыр тілімен,
Сол Алматы, сол өзен.
Ағыл-тегіл жылайды, рас, түнімен
Терезем.