Оқуға ұсынатын 3 кітап

[b:6v1qjov2]Оқуға қандай 3 кітап ұсынасыз? Аттарын жазып қана қоймай, неге, несімен әсер етті? Соны да жазып өтсеңіз.[/b:6v1qjov2]

Мағауин, Әбіш Кекілбай, Асқар Сүлейменов...
Капитал, КПСС тарихы, СССР тарихы
Оралхан Бөкей, Мұхтар Мағауин, Әбіш Кекілбаев - осы үш жазушының барлық шығармаларын оқуға кеңес беретін едім... Өйткені үшеуінің де жазу стилі қалыптасқам, оқырманды романға сіңдіріп жетектей алады және қазақтың тәрбиесінің, өмірінің, тарихының иісі аңқып тұрады... Бірақ Әбіш Кекілбаев атамыздың шығармаларында тұлға жоқтығын бірден айтып өткім келеді.... Жазылғанына жылдар өтсе де, осы күнге дейін сұранысқа ие, оқып отырған кезде салмақты дүниемен қауышқандай күй кешесіз...
Тұрсын Жұртбайды оқып жатырмын.
Орхан Кемаль - "Тәлкекке түскен тағдыр",
Даниэль Дефо - "Робинзон Крузо"
Ғабит Мүсірепов - "Ұлпан"
Қазір Мағауиннің 13 томын қайта оқып жатырмын. Үлкен әсер, терең толғаныс бар. Сосын Тұрсынжан Шапайдың "Қазақтың жаны" деген кітабын оқып жатырмын. Тебіренбей оқу мүмкін емес оны да.