Қаншалықты кітапқұмармыз?
Армаңыздар, сайт сүйгіш оқырмандар? Қазіргі таңда сатылымға түскен кітаптардың бағасы көңіліңізді толтыра ма? Расын айтсам мен Алматыға келгелі өз қалтамнан кітап сатып алмаппын. Жолдан қосылған олжалы кітаптар бәрі де... Мені қазіргі әдебиетіміздің артта қалып бара жатқаны алаңдатады. Әлі де ХХІ ғасырдың керемет туындысын оқи алмай жүрмін. Бұған бәлкім, роботтық заманымыздың ықпалы бар шығар. Сіздер қалай ойлайсыздар?
Кітаптың бағасы өте қымбат, неге екенін түсінгенім жоқ, сапасы да төмен, көңілге қонатын заттар да жоқ, түгелімен орысша.
Абай-Гагарин көшелерінің қиылысында баспалар үйі бар. Кітап дегенің су тегін.
Қазақта оқитын кітап жоқ немесе жазылмай жатыр деп айта алмаймын... Біз өзімізде бар дүниені жарнамалай алмай жатқан сияқтымыз...
Кітап - ең қымбат қазына. Әріп таныған сәттен бастап кітапқа құштар болып өстім. Біздің ауыл шағын ғана болатын. Ауыл кітапханасындағы кітап қоры да аз еді. Соған қарамай мектеп бітіргенше қазақтың белді жазушыларының шығармаларынан сусындап келдім. Студенттік жылдары да сол әдетім қалмады. Соңғы курсқа тақағанда, Құдай аузыма салдым ма, әлдедәм бұйыртты ма, "осыдан оқуды бітірейін, Астанаға жұмыс істеуге барамын, сосын Астананың ен үлкен кітапханаларынан шықпайтын боламын. Осыдан кітаптың ортасынан шықпай қоймасам ба" деп айтып едім. Оған себеп, біздің Қызылорданың кітапханаларына жөнді кітаптар келіп түспейтін ол кезде. Содан, сөзім Құдекеңнің құлағына шалынып, Астанадағы "Фолиант" баспасынан корректор болып бір-ақ шықтым. Сол отырғаннан қалың кітаптың ортасында 3 жыл отырдым) Өкінішке орай, соңғы жылдары тұшымды жазатын жазушы көрмедім. Әлі сол баяғы оқыған кітаптарымды айналдырып оқып жүрмін. Кітапханаға барып кітаптардың иісін искеп тұрмасам бірдеңе жетпейтіндей болады.
Оқығанды ұнатамын, бірақ соңғы кездері уақыт болмай жүр!
так много книг так мало времени. Түсінікті шығар))))
Қазақша түсіндіруге шамаң жетпеді ма әлде қазақшаң жетпеді ме?
5-6 жәшік кітап бар. Сол құрғырлар қалада пәтер жалдап тұратын біздер үшін қазір ауыр жүк болды.