Ғаламтор әдебиеті ұғымына қалай қарайсыз?

Өзге елдерде, мысалы қытайда ғаламтор әдебиеті деген ұғым мемелкеттік деңгейде қарастырылып, жазушылар одағы ғаламтор қаламгерлерінің құрылтайын да өткізді. Қазақ елінде осы ұғымның қалыптасатын уақыты келді деп ойлайсыз ба?

Адамдар әлеуметтік желілерде жазғандарын блогтұғырларға шығарса, түзеліп қалар деген ойдамын.
Массаған, бұл керемет жаңалық екен шынында, әрине бізге де керек. Бірақ алдымен оны жазатын жазушыларды қалыптастыру қажет
керемет ой))) жас ақындардың өлеңдерін өз басым іздеп оқуға тырысамын
кейінгі жас ақындардан Саян Есжан,Жандарбек Жұманов пен Нүркен Жанайды атап өтсем болады
Бұны айтсаң шошып шыға келер бәрі. "Ғаламтор ақыны" не "Интернет жазушысы" деген біртүрлі ғой. Намысыңа тие ме қалай)) Біздің ұғымға сай келмейді.
Жаңа бағыт пен стильді қалыптастырудан шошымайық! өте мықты идея, қолдаймын!
Осы терминді ғылыми жүйге түсіретін кез жетті.