"Менің досым" жыр бәйгесінің жүлдегерлері марапатталды

"Менің досым" жыр бәйгесінің жүлдегерлері марапатталды

Астана қаласында қазақстандық софтверлiк компаниялар қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен жас ақындар арасындағы "Менің Досым" Халықаралық поэзия байқауының жүлдегерлері марапатталды. Бұл туралы adebiportal.kz порталы хабарлап отыр.

Қауымдастықтың «Әдебиет-Olympic» шығармашылық жобалары аясында бір айдан астам уақыт бойы өткен поэзия байқауына еліміздің барлық аймағынан, Өзбекстаннан, Қытайдан, Моңғолиядан, Ресейден хат жолдаған 84 автордан 140-қа жуық өлең келіп түскен болатын. 

«Біріңді қазақ бірің дос,
Көрмесең, істің бәрі бос» деп ғұлама ақын Абай айтқандай, қазақ елінің жастары арасындағы достық, бауырластық сезімін насихаттау, достық культін көтеру, қоғамдағы өзара түсіністік пен татулыққа үлес қосуды мақсат тұтқан поэзия байқауы өз үдесінен шықты.


Байқауға қазақстандық софтверлiк компаниялар қауымдастығының Президенті, белгілі кәсіпкер, шығармашылықтағы жастардың жанашыр Досы – Азаматхан Әміртай мырза демеушілік жасады.


Кеш барысында әр аймақтан келген жүлдегер жас ақындар өз өлеңдерін оқып, жырдан шашу шашты. 

- Жалпы бұл байқаудың "достық" тақырыбында ұйымдастырылғаны мені қатты қуантты. Бізде негізі ұлы тұлғаларды ұлықтаған мүшәйралар жиі болады ғой. Шыны керек, сол кезде жалаң ұран мен жалған мақтауға ұрынып қалып жатымыз. Ал, бұл байқаудың басты ерекшелігі, достықты жырға қосасың. Қай ақын досына арнап өлең жазбайды?! Кім досын жақсы көрмейді?! Жақсы емес пе? Қалталы ағалар да қаржылай қолдау көрсетіп, өлеңге, өнерге деген жанашырлығын көрсетіп жатыр. Осындай игі бастамалар әлі де өз жалғасын таба түссе деймін", - дейді әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті, жас ақын Нұртас Тұрғанбек.

Достық тақырыбындағы мүшәйрада 140 өлеңнің ішінен топ жарған 9 өлең және үздік жазылған 25 өлең іріктелінген болатын. Жеңімпаздар тізімін тағы бір мәрте назарларыңызға ұсынамыз.

Тоғыз өлеңге – 9 Планшет;
Жиырма бес өлеңге – 25 Туинбук (егіз кітап) тағайындалды;

Топ жарған тоғыз өлең авторлары:

Аслан Тілегенов, 
Жақсылық Қазымұратұлы, 
Аян Өрібаев, 
Қайрат Сейітқазин,
Балтабек Нұрғалиев, 
Шерхан Талап, 
Айбол Исламғалиев, 
Нұртас Тұрғанбекұлы, 
Ақгүл Тұрсынбай;

Үздік шыққан жиырма бес өлең авторлары:

Айжан Тәбаракқызы,
Алтын Қосбармақова,
Айша Балтахаева,
Ақылбек Шаяхмет,
Алмас Алтай,
Жанат Жаңқашұлы,
Динара Мәлікова,
Айдана Сегізбаева,
Мерей Ермұханов,
Өзгеріс Қуанар,
Дина Бөкебай,
Гүлзат Уалиева,
Бекмұрат Өмірбек,
Дәурен Полатбаев,
Бақытбек Қадырұлы,
Жұлдыз Молдағалиева,
Алпамыс Файзолла,
Құндыз Мәжитова,
Мүбәрак Қизатұлы,
Жаңагүл Шыңғысханқызы,
Балсан Мәді,
Ержан Тоқтарұлы,
Арай Ғалымбекқызы,
Асылзат Жұмабай,
Ризабек Нүсіпбекұлы;

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: adebiportal.kz

Н. Айдархан