Джоан Роулинг 34 жастағы Гарри Поттер туралы жаңа әңгіме жазды

Джоан Роулинг 34 жастағы Гарри Поттер туралы жаңа әңгіме жазды

Бұл Роулингтің жеті кітаптан тұратын «Поттердің басынан кешкендері» еңбегінен кейін жазылған алғашқы туындысы. Ол «Болжаушының күнделігі» (Daily Prophet) газетінің тілшісі Рита Скитердің авторлығымен жарияланды. Осыдан келіп, белгілі жазушы өзінің Гарри Поттер және оның достары туралы басқа туынды жазбауға берген уәдесін орындамағанының күәсі болып отырмыз.

Оқимыз және ләззат аламыз.

Мұнда, Патагон шөлінде квиддичтен әлем чемпионаты өтіп жатыр. Келген көрермендердің арасында кім жоқ дерсіз. Министрлер мен президенттер, белгілі әнші Селестина Уорлок, американдық The Bent-Winged Snitches рок-тобы да осында. Жиналған қауым қолтаңба алумен жүр. Дегенмен, Квиддичтің ақтық сайысына жастайынан аты дүркіреп шыққан сиқыршылар келетіні туралы сыбыс шыққалы бері көрермендер өз орнында отыра алмай әлек. Турнирге келгендердің ішінде Дамблдор отрядының мүшелері де бар. Бірақ көптің күткені бәрінің «таңдаулысы» болған Гарри Поттер еді. Поттерлер жанұясы мен Дамблдор отряды күш-қуаты мол сиқырмен қорғалған VIP-бөлімде орнықты. Түс ауа Гарри өз ұлдары Джеймс пен Альбусты дайындық алаңына алып шығып, Болгарияның құрамасындағы іздеуші, ескі досы Виктор Краммен қөз көрісіп амандасты.

Гарри Поттер


Поттердің жасы 34-ке таяп қалды. Шашының ағарғаны да байқалайын деген. Дегенмен, өзінің бала кезінен бері тастамайтын домалақ көзілдірігін қалдырмапты. Ал аты жер жарған Поттердің шекесіндегі тыртығына тағы біреуі қосылыпты. Оған қатысты ешбір пікір айтылмады. Себебі, Сиқыр Министрлігінде: «Біз басышылығымыздың тапсырысымен түнекпен күресуші мамандарымыздың атқаратын міндеттерін құпия түрде сақтаймыз. Ал сізге Скитер ханым бұл туралы 514 рет айтқан болатынбыз», деп айтылды. Сонымен, олар нені құпиялап, айтпай отыр? Қалайша, мүмкін, Поттер мырза тағы қара сиқырмен алысып жүр ме екен? Мүмкін оның жұбайы бірдемені жасырып жүрген болар. «Болжаушының күнделігі» осыны көпке баяндап бергісі келеді.

Үш сиқыршының турнирінде Виктор Крам мен Гарри Поттердің бір-біріне қас болғанын білесіздер. Дегенмен, бүгінгі амандасқандарына мән берсек, қазір олардың арасында қастық деген жоқ десек те болатындай. Бір-бірімен иық соғыстыра амандасып, ұзақ әңгіме қозғасты. Сондағы лабиринтте не болғанын білуге асығуымыз да осыған қатысы бар болатын. Поттерлерге көрші орында, Гарридің жақын әріптестері отыр. Олар да баспасөзге бірер сөз айтудан жалтарады да жүреді. Ерлі-зайыпты болған Поттердің жақын достары Рональд Уизли мен Гермиона Грейнджер әрқашан достарының қасынан табылады. Олар Дамблдордың отряды ретінде Хогвартс үшін болған шайқаста ерлікпен қарсы күрескен еді.

Гермиона Грейнджер және Рональд Уизли


Дәл сол шайқастан кейін өзі күлкілі Рональд Уизли Поттермен бірге Сиқыр Министрлігіне жұмысқа орналасқан болатын. Ал екі жыл өте, өзінің егіз ағасы бастаған бизнесіне көмектесу мақсатында жұмыстан кеткен. Ол шайқаста аман қалған Джорджқа қолдау білдіріп жатқанына риза болды ма әлде Поттердің көлеңкесінде жүре беруден жалықты ма? Оның да себебін білгіміз келеді. Мүмкін, Министрліктегі тунектің сиқылшыларымен алысу қиындық тудырған болар. Ол крестраждарды жойған кезде қиындықтың көкесі болғанын сіздерге хабарлаған болатынбыз. Ендеше объективті пікір қайда? Осы ортада Гермиона Грейнджер ғана шындықты жарып айтатын еді. Енді ол да айтудан қалыпты. Не болғанмен өз жұбайы ғой. Бақ өкілдері Гермионаның жас кезінде Поттердің сезімімен ойнап, сосын Виктор Крамға ғашық болғаны туралы, соңына кеп, жақын досы Ронды ала құшақтап шыға салғанын қайта-қайта жазған болатын.

Қазір ол министрлікте сиқыр тәртібін бақылау орталығы басшысының орынбасары болып, мансаптық жоғарылауда ең жылдам көрсеткішке ие болып отыр. Әрине, одан бөлек,ол ұлы Хьюго мен қызы Розаны құшағына басып отырған бақытты ана. Төрде отырғандардың ішінде Невил Долгопупс та бар. Ол қазір Хогвартс мектебінде шөптану бойынша мұғалімдік етіп жүр. Мұнда, Патагонияға өзінің жұбайы Ханнамен келіпті. Осыған дейін, олар Лондондағы «Ашық қазанда» тұрған еді. Дегенмен, олардың ендігі ортақ өмірінде өзгерістер болатыны туралы да сыбыс естігенбіз.

Драко Малфой и Полумна Лавгуд 


Отрядтың белгілі мүшелерінің тағы бірі Полумна Лавгуд еді. Ол аты шулы сиқыршы Ньют Саламандердің немересі Рольф Саламандерге тұрмысқа шыққан. Өзі оғаштау көрінетін Полумна бүгін турнирге қатысушы 16 құраманың тулары бекітілген ерекше көйлекте отыр. Олардың егіз ұлдары үйде атасымен қалыпты. Турнирді тамашалауға өзге де отрядтың мүшелері келген. Дегенмен, осы алтауын ерекше атап өткенді жөн көрдік. Әр кезде де сарғыш келген кісі туралы сөз қозғалса, дереу, оның Уизли екенін айтады. Асылы, қайсы бірі? Табысты, жеке кәсіпкер Рон ба әлде айдаһарларды қолға үйретуші, үйленуден жалтарып жүрген Чарли ме? Немесе Министрліктің транспорт бөлімінде жұмыс жасап жүрген Перси ме? Бетіндегі тыртығынан бірден таныс Билл ғана Уизлилерден ерекше бөлініп тұрады. Байғұс Билл құбылғыш жыртқышпен алысып, бетінде қалған тыртықтарына қарамай сұлу Флер Делакурді жұбайы етіп алғаны өкінішті-ақ. Оған не түрткі болды? Сиқыр, ғашықтар сусыны, бопса?

Поттермен өзінің 16 жасар өкіл ұлы Тедди Люпин (марқұм Римус Люпин мен Нимфадора Тонкстардың баласы) де келген. Оның да артық қылықтары көпшілік қауымның ырқын кетірмесе екен. Жақсы. Оны жайына қалдырайық. Артық сын айта берудің де қажеті жоқ. Одан да, менің сіздерге ұсынатын жаңа «Альбус Дамблдор: Біз білмейтін құпиялар» атты кітабымды алып оқыңыздар. Оны 31 маусымнан бастап «Флориш пен Боттс» дүкенінен сатып ала аласыздар.

Рита Скитер арнайы «Болжаушының күнделігі» үшін

Жарияланған сайт: www.pottermore.com     

Аударған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: www.pottermore.com

Ж. Өрісбай