«Мен қайта оянам!..» атты жыр кітабының тұсаукесері өтеді

«Мен қайта оянам!..» атты жыр кітабының тұсаукесері өтеді

Қазақ дарыннан кенде халық емес. Жастық жалынын әдемі жырға бөлеп, талантымен талайды тамсандырып, жасындай жарқ етіп сөнген жас ғұмырлар бізде де баршылық.

Артығали Ыбыраев, Жеңіс Шәкенұлы секілді жиырма деген қырқаның белесінен енді ғана асқан шағында, мезгілінен бұрын опат болған жыр дүлдүлдерін өлеңсүйер қауым ұмыта қойған жоқ. Ұмытуға да тиісті емес.

Қасіретті болса да, қасиеті бөлекше болған, осынау бір толқынға Бибол Жұмағалиұлы секілді тағы да бір боздақ келіп қосылды. Таяуда ғана «Ан Арыс» баспасынан «Мен қайта оянам!..» атты жыр жинағы жарық көрді. Өнердегі ағаларының жебеуімен, айналасындағы достарының ұйымдастыруымен осы жыр кітаптың тұсаукесері өтпек. Жарқ етіп сөнген бір ғұмырдың жалынды жырына куә болыңыздар, ағайын! Келем деушілерге есігіміз ашық.

Уақыты: 14 сәуір, 15:00-де

Орны: ҚазҰУ журналистика факультеті, 3-зал

Дайындаған: Мейіржан Әуелхан

Сурет: өңделген

M. Auelkhan