Зейнолла Серікқалиұлы. Романға барар жол #3

Зейнолла Серікқалиұлы. Романға барар жол #3

(Басы)

Прометей мен Данко ерліктері туралы қалай ойлауыңа да, қалай қуат алуыңа да болады. Оның жөні басқа. Ал олардың көз алдыңа бейнесі келе қалуы жəне екеуі қол ұстасып қатар елестеп, бір мезгілде көрінуі ақылға сыймайды. Əрі, айталық, Прометей сияқты мифологиялық қаһарман қай суреткер, қай мүсіншінің бейнелеуінде көрінген екен? Авторларымыз Гомер деп тиянақтағанымен, əйгілі аңыздың əдеби де əлеми астарын əдемілеп бізге жеткізген Гесиод та, Эсхил де мұндай өзімбілдікті əсте кешірмейді. Түптеп келгенде, осылардың өзі мифтік ұғым хикаясы емес пе? Күндіз елестету үшін, кім болса да, қайткенде де көз алдыңда нақтылы тірі тұлғаға айналуы керек, кімге ұқсаса да, сурет – кескін-келбеті келуі керек. Адамға өңінен гөрі түсінде көктегі кұдаймен қатар жүру қиын емес. Бірақ ол жарықтық дəл өзіміздей адам ба, жоқ əлде қой басты, қоңыз басты мысыр құдайлары (Хнум, Хепер) сияқты тылсым құдірет пе – əйтеуір бір кейпін табуға тиіс. Əрине, мен оны, Прометей, Данконы да пəленше-түгеншелермен (айталық, қадірлі досым Қадірбек Уəлиевпен) жүздескендей дəл түстеп бере алмаймын. Өйткені, өңім түгілі, түсімде де олардың ешқайсымен көздесіп көргем жоқ. Ерлік жолы, толғандырар тағдыр көз алдыңда көлдеңдемейді, ол – ойландырады. Бұл – екі түрлі ұғым.

Келтірілген мысал кездейсоқ алынды демеңіз. Бейнелеуді баяндау мен алмастырып, сезіну тебіренісін, сезім сырын ашуды желпінген тілмарлықпен шатастырып, сыдыртып өте шығатын мұндай жалғ ан, жасандылықтан тек бұл кісілер ғана емес, жазушыларымыздың талайы жете арылып болған жоқ. Шопандар, дəрігерлер өмірінен жазылған Лəтипа апайымыздың (Құрманаеваның) «Шыңбұлағы» да – келісті көрінісінен гөрі құранды хикаяттары мол осы алуандас дүниел ердің бірі. Жанр талабы тұрғысынан қарағанда да, əрине, бұл роман емес, романға барар жол ғана. Тіпті, марқұм Жұмабек Еділбаевтың оңтүстік өлкесінде алғаш мақта шаруашылығын ұйымдастыру тақырыбына арналған, кейіпкерлері біршама дараланған «Алтын арал» туындысының өзін роман деп дабыралатпай-ақ, повесть ретінде ұсынса да, онан шығарма беделіне еш нұқсан келмес еді.

Түрлік ізденістер тұрғысынан өткен жылғы қазақ прозасы үлкен жанрда мүлдем жаңа сипатты бейнелеу құбылыстарымен біздің рухани қорымызды байытарлық айтарлықтай жаңалықтар əкеле қойған жоқ. Қаламгерлік өрнек негізінен дəстүрлі роман шеңберінде ғана бақ сынасып жатыр. Əйтсе де, өзінің жазылу мəнері, көшендік(композициялық) құрылымы жағынан өлең өткізерлік бір шығарма – Тұрсын Жұртбаевтың «Жер-бесігі». Автор «роман-новелла» деп анықт апты. Роман жүгін, əрине, көтере алмайды – ол өз алдына мəселе. Ал əр тарау – əр новеллада əр белесінен көрінер, тағдыр жолы бұралаң бір адамның тіршілік соқпақтарын сабақтастырып жатқан сыршылдық желісін сүйсіне мойындамасқа болмайды. Жəне əр новелла өз алдына басы бүтін дүние ретінде қабылдана береді.

Қартайып, кемел жасына жеткен, сырқат меңдетіп, ата қонысында ақтық демі үзілер сəтін жан сарайымен сезініп үлгерген кəрі кеуде Кербаланың көз алдынан ат жалына жармасқан естияр шағынан бастап, шырғалаңда сыналған бүкіл ғұмыры өтеді. Өмір естелігін қайта қорытып, адамның өзін-өзі іштей саралайтын бір кезеңі осы. Жанының адалдығы мен ақ жүрегін ғана жұбаныш еткен, бір пендедей несібемді таттым деп өзіне шүкіршілік жасаған қоңыржай, қарапайым көптің бірі қарап отырса өмір бойы өмір үшін күресіп, сүрініп те, сілкініп те, адасып та, арылып та көрер қиыншылығын көріп, жарық дүниеге сенімінен өз ошағының шырағын жағыпты, өз түндігінің тірегін тауыпты.

Шығармада төгілген тіл бар, тебірентер тағдыр бар. Бірақ бір-екі мəселенің басын бірден ашып айту керек. Азаттық таңын жақындатқан ереуілшілер тобына қосылып, əділдікті іздеген жұмыр білек, əртүрлі себептермен бірде қолы қанды, бірде панасыз сорлыға пана, қайырымды жүрек кеңес үкіметінің қызығын енді көрер кезінде бұралаң жолдан бір-ақ шықты. Шетелге қашқан жырындылар тұзағына түсіріп, шылауына ілестіре кетті. Жымысқы есепті көзі жеткен бір сəтінде Кербала күл-талқан қылған да. Бірақ бəрі кеш еді.

Бұл алуандас қайшылықты тағдырлар, əрине, Тұрсын ашқан жаңалық емес. Əдебиетімізде əртүрлі деңгейде біршама шиырланған танымал желілер. Біз тек сезім қуатымен ғана таныс-бейтаныс тұрғысында көңілге медеу тұтамыз. Сол сияқты, жиырма жыл бойы Терістік шетте – мұз құрсанған өлкеде өмірінің ең саналы шағын өткізген жанның (Кербаланың) нақтылы тіршілік қарекетінен біз «арымн ың алдында айыбымды жудым» (162-бет) деп шүкіршілік жас айтындай ауқымды шындықты көре қоймаймыз. Баласы Зарқұмның сəбилік қиялы, арман құсы, Сержан сияқты толғандырар тағдырлар арқылы тиіп-қашып бейнелегені болмаса, жазушы, сол орт аны білмей-ақ қойыңдар дегендей, бұл тұстарға тереңдеп бой- лап енбейді. Кербала ғұмырының ұғым, сенім, көзқарасын, дүниенің ақ-қарасын, анық-танығын мүлдем қайта саралатар шешуші кезең ін негізінен аттап кетеді. Роман жүгін көтеру үшін, əрі бір адамның өмір жолын тұтас алып отырған жағдайда, мұндай жол айырық, жауапты белестерге жете мəн бермеуге болмайды.

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: writers.kz

M. Auelkhan