Өмір мен өлім

Өмір мен өлім

Қаланың миллионері, жалғанды жалпағынан басып жүрген байекеңе шипагер дәм-тұзыңның таусылуына бір-ақ жыл уақыт қалыпты, сен айықпас дертке шалдықтың дейді. Бай қатты үрей ішінде қалады. Ол осылайша қорқыныш ішінде өлімді күтіп отыра бергісі келмей, өзінің ауылдағы жамағайын туысын іздеп барып: «Мен дауасы жоқ ауруға шалдықтым, дүние-мүлкімді қалдырар ұрпағым да жоқ, егер менің жаным қатты қиналып бара жатса, бір оқпен жанымды ал! Мынау келсімшартта бәрі жазылған, қолымды да қойып қойдым» дейді. Аталас туысы мақұлдық береді. Бай құмардан шыға еркінсіп, өзін көңілдендіруге тырыса бастайды. Алайда ажалдың баспалап жақындауымен, оның еш дүниеге зауқы соқпайды, мүлде жадырай алмайды. Тез арада өзінің жер қойынына кіретінін түнде түсінен, күндіз ойынан шығара алмайды. Оның әбден арып, қу сүйек болып, жаны қиналып отырған бір күнінде дәрігерден телефон келеді: «Сен айықпас дертке шалдықпаған екенсің, құжаттар ауысып кетіпті, бір қателесіппіз...». Бай оның сөзінің соңын ести алмады. Қуаныштан жүрегі атқалақтап, көзінен жас ыршып кетті.

«Тарс» еткен мылтық дауысымен бірге байекең сұлап түсті. Мираскер кісі оның бүкіл мүлкіне мұрагерлік етті.

 

Дайындған: Сұңқар Ақбоз

Сурет: mamiai.com

M. Auelkhan