"Абай Жолы" романының қысқаша мазмұны #19

"Абай Жолы" романының қысқаша мазмұны #19

"Абай Жолы" романының қысқаша мазмұны #15

"Абай Жолы" романының қысқаша мазмұны #16

"Абай Жолы" романының қысқаша мазмұны #17

"Абай Жолы" романының қысқаша мазмұны #18

 

 

ІІІ Кітап

Абай аға

1

Күз аспаны күңгірт, бұлыңғыр. Көшіп келе жатқан Абай ауылы мен көрші ауылдар. Сол көштің алдында Абай, Көкбай, Шұбар, Ақылбай, Мағаш, Кәкітай, Дәрмен (Дәркембайдың інісі), Ербол және Баймағамбеттер келе жатты. Ат бастары осыдан жүз жыл бұрынғы бір қыз бен жігіттің моласына тірелді. Бұл Еңлік пен Кебектің молалары еді. Олардың махаббатына тосқауыл болған, оттың құйрығына байлап өлтірткен Кеңгірбай деген кісі болғанын аттылардың бірі айтып қалды. Сол сәтте Дәрмен Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін қос ғашыққа арнап, ерекше құран ретінде айтып өтті. Кейін Абай жас ақындардан осы қайғылы махаббат тарихын жыр (өлең) жолымен кім жазуын сұрағанда, Шұбар мен Дәрмен «мен жазамын» деп таласып қалады. Сосын Абай кім жазуын айқындау үшін қаршығаларымен дуадақ ұстап жарысуын ұсынады. Қаршығаларын олжаға жібергенде, Абай тағы бір шарт қояды. Онысы суырып салмалықпен өлең шығару. Екі шарттан да Дәрмен мүлтіксіз өтеді. Осы тұста Әбді деген Жігітек жігіті асығып келіп қалады. Оның ісі жеті бірдей ауылдың қыстық шөбін осы үшінші жылы Әзімбай (Абайдың інісі) зорлықпен шауып алып жатыр екен. Абай оны есітіп намысынан түңіледі. Ызаланады. Абай Әзімбайдың алдына Мағаш пен Дәрменді лезде жөнелтеді. Барса Әзімбай орақшыларды салып жатыр екен. Мағаш: «мені Абай жіберді, тоқтатсын», десе де, Әзімбай: «бұл Тәкежан ағамның бұйрығы», деп, соның бұйрығын қайыруын айтады. Мағаш бар жайды әкесіне хабарлауға қайтып кетеді.

2

Күздің суық келеңі Тобықтыны баурап алғандай. Тыс суық болғанмен, қоңыр үйдің іші жылы. Әдеттегідей Абай кітапқа түңіліп отыр. Үйде тағы Ербол, Әйгерім, көрші Зылиқа бар. Осы күндері Абай көзілдірік таққан. Кейін үйге Мағаш, Кәкітай, Дәрмен кіріп келеді. Көрші ауылдан Жұман  (Абайдың ағасы) және оның баласы Месқара келіп қалды. Абай оны ұната қоймайтын еді. Себебі Жұман бар ауылдарды аралап, аңдып, қай жерде мал сойылып, ет асылып жатса, сол жерге жетіп келетін. Бүгін сол Абайдың үйінде ет асылып жатыр. Ел ішінде Базаралы айдаудан қашып, ауылға келе жатыр деген сөз тарапты. Абай оны есітіп қуанады да, қасында отырған бірнеше жастарды Семейге жіберіп, Базаралыны күтіп алуын айтты.

Автор: Жолдас Өрісбаев

"Абай Жолы" романының қысқаша мазмұны #20

Сурет: kk.wikipedia.org

Ж. Өрісбай