Алматыда ақын Ұлықбек Есдәулеттің шығармашылық кеші өтті

Алматыда ақын Ұлықбек Есдәулеттің шығармашылық кеші өтті

Бүгін, яғни 14 мамыр күні Алматыдағы Абай атындағы қазақ мемлекеттік опера және балет театрында ақын Ұлықбек Есдәулеттің «Жылқы жылғы жүздесу» атты шығармашылық кеші өтті. Ақын осы жылы 60 жылдық мерейтойын тойлап отыр.

Оны құттықтау үшін кешке арнайы ақынның достары, жақындары келіп ізгі ниет-тілектерін білдірді.

пр

Сонымен қатар, мерейтой иесіне жіберілген Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовтың, өзі туған өлке Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың, Қазақстан Республикасы сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың, Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбедов секілді тағы да басқа бір топ саясаткерлер мен коғам қайраткерлерінің құттықтау жеделхаттары оқылды.

ап

Кешті Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасының бастығы Мамай Ахеттің өзі жүргізді.

ап

Ақынның сөздеріне жазылған әндерді орындау үшін Мақпал Жүнісова, Қанат-Айткүл Құдайбергеновтер, Елена Әбдіхалықова, Меруерт Түсіпбаева, Бақтияр Тайлақбаев, Айгүл Қосанова, Гүлнар Сиқымбаева, Секен Тұрысбеков секілді музыкант жұлдыздар келді.

о

п 

Ақын Ұлықбек Есдәулет кеш барысында өз өлеңдерін көпшілік қауымға ұсынды. Жиылған жұрт жүректі жарып шыққан жырларды ерекше ықыласпен тыңдады.

ва

Ақынды құттықтауға келген бір топ ақын жолдастары мен қоғам қайраткерлері Шөмішбай Сариев, Несіпбек Айтұлы, Олжас Сүлейменов сынды тағы да басқа зиялы қауым өкілдері сахнаға шығып ізгі ниеттерін білдірді.  Қытайдан, Қырғызстаннан келген қонақтарды да айта кету керек.

ро

ва

Кеш соңында өнер көрсеткен Алматы қаласының №12 гимназияның хоры орындаған ақынның сөзіне жазылған "Заман-ай" әні жұртшылыққа қатты әсер етті.

ва

Журналист Нұртілеу Иманғалиұлы Алматы облысынан ақын Ұлықбек Есдәулеттің құрметіне көше аты берілгендігін жеткізді.

Жиналған жұртшылық рухани азықпен сусындап, мерекелік кештен риза болып тарқасты.

ва

пра

ва

Массагет ұжымы да ақынды 60 жылдық мерейтойымен құттықтайды.

 

Репортаж авторы: Еркебұлан Сатқанбаев

сурет: ©Еркебұлан Сатқанбаев

Е. Қайрахан