ӘЧ-2014. Фейсбук рейтингі

ӘЧ-2014. Фейсбук рейтингі

Бразилияда өтіп жатқан әлем біріншілігі өте қарқынды кездесулерге толы болып жатыр. Сол себепті де, футболға қатысты кез келген жаңалық талқыға салынбай қалып жатқан жоқ. Фейсбук әлеуметтік желісі де бұл дүбірлі додада белсенділік таныту мақсатында, беделді футболшылардың және қатысушы мемлекеттердің туларының суреттерін бір бетке жинақтап, қарапайым рейтинг ұйымдастырыпты. Ол қалай дейсіз бе? Әрбір фейсбукке тіркелген адам өз қалауы бойынша суреттермен бөлісіп отырады. Нәтижеде, күнделікті ең көп пост жинаған суреттер іріктеле түседі. Бүгін қатысушы елдердің арасында Мексика басып озған болса, футболшылар қатарынан Аргентина құрамасының капитаны Леонель Месси біріншілікке шығып отыр.

Фейсбукта күнделікті жиналып жатқан статистикалық ақпаратты, біз, Мassaget.kz жастар танымдық порталының тілшілері, өңдеп, оқырмандарға ұсынуды жөн көрдік. 

Бүгін жасалынған бөлісулердің нәтижесі мынадай:

Көшбасшы 11 ел:

1.Мексика – 28623 бөлісу

2.Бразилия – 27843 бөлісу

3.Жапония 19650 бөлісу

4.Англия – 12405 бөлісу

5.Германия – 10756 бөлісу

6.Аустралия – 8826 бөлісу

7.АҚШ – 8447 бөлісу

8.Испания – 7973 бөлісу

9.Нигерия – 7614 бөлісу

10.Голландия – 4757 бөлісу

11.Гондурас – 4679 бөлісу

Көшбасшы 11 футболшы:

1.Леонель Месси – 604714 бөлісу

2.Неймар – 541862 бөлісу

3.Маруан Феллайни – 145623 бөлісу

4.Томас Мюллер – 140588 бөлісу

5.Эден Азар – 71535 бөлісу

6.Робин Ван Перси – 51060 бөлісу

7.Джо Харт – 49323 бөлісу

8.Икер Касильяс – 45328 бөлісу

9.Клинт Демпси – 44940 бөлісу

10.Ян Вертонген – 32002 бөлісу

11.Месут Озиль – 31432 бөлісу

Автор: Жолдас Өрісбаев

Сурет: www.facebook.com

Ж. Өрісбай