Адам эмоциясын басқаратын құрылғы

Адам эмоциясын басқаратын құрылғы

Intel Inside®-пен біріккен MultiPad Thunder 7.0i планшетінің Алматы қаласындағы таныстырылымы кезінде саяхатшы, фотограф, photosafari.kz сайтының негізін салушылардың бірі Константин Киквидзе жаңа технологияны саяхат кезінде пайдаланудағы тәжірибесімен бөлісті. Оның айтуынша, бір гаджеттің бойында саяхат кезінде аса қажет барлық функция болуы керек. Екінші орындағы маңызды мәселе – технологияны денеге жабыстырып, бірге алып жүру мүмкіндігі болуы қажет. Үшінші орында "автономды жұмыс істеуге мүмкіндік беретін уақыттың болуы маңызды",-дейді ол. 

Константин Киквидзе Intel-дің жаңа Prestigio MultiPad Thunder 7.0i планшетінің Алматы қаласындағы таныстырылымы кезінде

Константин Intel Inside®-пен біріккен планшет арқылы қарапайым қосымшалар арқылы қалай видео құрастыруға болатынын көрсетті. Адам басына кигізілетін Brain Controller құрылғысының арқасында мидағы құбылыстар бақылауға алынып, эмоция, көңіл-күй планшет бетіне шығып тұрады. Осы құрылғы арқылы адамның қай жаққа саяхаттағысы келетінін де анықтауға болады.

Автор: Мейіргүл Оңғарова

Сурет: mods-n-hacks.wonderhowto.com, Intel-дің қазақстандық баспасөз қызметі

Intel арзан бағалы Prestigio MiltiPad Thunder 7.0i планшетін таныстырды

Ирина Пак: "Intel мен Google бірлесе жұмыс істеп жатыр"

М. Оңғарова