Жақсылық пен жамандық туралы мақал

Жақсылық пен жамандық туралы мақал
жеке
блог

Жақсы сөз жарым ырыс!
Жаман айтпай жақсы жоқ!

Бұл екі қарама қарсы мақалдың тұпкі мағынасы неде? 
Жақсы сөз жарым ырыс- бұл мақал адамға жақсы ойлауды айтып тұрған жоқ, жақсы болатынына сен деп тұр. Демек жақсы болатынына сенгенде ғана жұмыстың немесе арманға жетудің, мақсаттың алғашқы қадамы! Ісіңнің бірінші ырысы болмақ!

Жаман айтпай жақсы жоқ- бұл мақалдан не түсінеміз! Жаманды ма әлде жақсыны ма?
Жаман айтпай деп тек өмір жақсы ойлай салғаннан жақсы болып кетпейді, жамандықты айтуда, ойлау керекте қабылдамау керек! Іштей дайын болып жақсы боларына сеніп жақсы ойлау, жақсы іс істеу керек! Жамандық(қиындық) бола қалған жағдай да сонымен өмір бітіп қалмайтынына және тәжрибе болатынына қайта тұрып хақың бар жүгіруге деп М.Шаханов айткандай іске дайын болу керектігін айтады! Жамандықтың соңынан бір жақсылықтың болатынына сену керек!
Жарықтан бұрын қараңғының пайда болғаны сияқты жақсылықтан бұрын жамандықтың сынақ, тәжрибе екенін біліп күресу абзал!

Егерде толықтыр қатесі болса түзет деушілер болса айтыңыздар! Ренжімеймін!
Автор: @ Әліжанұлы Сәрсенәлі !