Марк Цукербергтің сөздері

Марк Цукербергтің сөздері

Ғаламтордағы ең үлкен әлеуметтік желіні құрастырған Марк Цукерберг табысының 85 пайызын жарнама арқылы табады екен. Дегенмен, Силикон алқабында қарапайым үйде ғұмыр кешетін әлемнің ең жас миллиардері жұмыс кеңсесіне жаяу барғанды оң көреді. Өзі бизнес туралы не ойлайды? Оны қанатты сөздерінен білейік.

  • Қандай мақсатпен алға ұмтылсаңыз да, оның бүкіл әлемге пайдасы тиетін болсын.
  • Менің өзім тірі кезімде мен туралы кино түсірілмесе екен деп тілеймін.
  • Жеке тұлғалар арасындағы байланыстар болсын, келісім шарттар мен маңызды кездесулер болсын, енді барлығы онлайн тәртібіне көшті.
  • Тек өзің ұнатқан іспен ғана айналыс.
  • Ғаламтор адам өмірінде маңызды орын алатын заманда өмір сүріп жатырмыз. Дегенмен, ғаламтордың да әлеуметтік ортасы болуы тиіс. Ол – Фейсбук.
  • Қолданушылар саны 1 миллиардқа шамалап қалды. Егер Фейсбук бір мемлекет болғанда, біз халық саны бойынша әлемде үшінші орынды алған болар едік.
  • Ғаламтордағы жарнама біреуге хаттама жіберуден басталады.
  • Бірнеше жау таппай, өміріңде 500 миллион дос қоса алмайсың.
  • Фейсбук компания болу негізінде құрылған жоқ. Қоғамдық байланысты әлемдік масштабқа көтеру секілді әлеуметтік мақсатта құрылды. Біз қызмет көрсетулер арқылы қаржы таппаймыз, керісінше қызмет көрсетудің сапасын арттыру үшін ақша табамыз.
  • Компанияңыз дамуды қажет етсе, қоғамның құпиясын ашуға тырысыңыз.
  • Қалтафон қоғамның айырылмас бөлігіне айналған, ал қоғам өзіне ненің керек екенін ұғынуда.
  • Біз асығыс емеспіз.
  • Егер сізге капитал қажет болмаса, сіздің арманыңыз бөлек.
  • Компания кейінірек құрылды. Оған дейін біз 4-5 жігіт болатынбыз.
  • Ерен еңбектің арқасында біздің бизнес өсіп келеді. Неге өзге компаниялар бізге қолдау білдіргісі келеді? Себебі, біз өзін-өзі қамтамасыз ете алатын бизнесті жасай аламыз.
  • Уақытын үнемдей алмайтын үлкен қоғамға ашық қарым-қатынас пен берік қауіпсіздік керек.
  • Шын мәнінде, өзіңіз қаламайтын жолмен біз де сіздің жеке ақпаратыңызды өзгелермен бөліспейміз. Қауіпсіз деп сенім білдірілгендіктен, Фейсбук үшін ол ең маңызды ақпаратқа айналады.
  • Фейсбукті қолданушылар өз парақшаларын өзінің жеке мүлкі деп сезінсе, осы біздің жетістігіміз болмақ.
  • Ол мейлі қарапайым адам болсын, компания немесе президент болсын, олар кез-келген жерде еркін қолдана алатын қызмет түрін біз жасауымыз қажет.
  • АҚШ президенті Барак Обама да, Франция президенті Николя Саркози де өз жақтастарын топтастыру мақсатында Фейсбук желісін қолданған. Тіпті, Үндістандағы репрессивті қоғамға қарсы күресушілер де Фейсбукті арнайы платформа ретінде қолданады.
  • Жалпы өсім – біздің негізгі стратегиялық мақсатымыз. Табысқа негізделуден аулақпыз.
  • Осыдан он жыл бұрын адамдар өздері туралы көпшілік қауымға бір уақытта айта алмайтын еді. Ал қазір ол мүмкіндік бар.

 

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев
Сурет: www.facebook.com

Ж. Өрісбай