OnePlus One смартфоны таныстырылды

OnePlus One смартфоны таныстырылды

OnePlus компаниясы ресми түрде көптен күткен One смартфонын таныстырды. Қазірдің өзінде кейбір мамандар оны флагмандардың (смартфон және планшет өлшемдері мен қызметтерін тоғыстырушы) басты бәсекелесі болады деп болжап та қойды. Қуантатын жәйт, смартфон жұмысы өте өнімді әрі оның бағасы да аса жоғары емес.

Сонымен OnePlus One мүмкіндігі 1920х1080 пиксельді (тығыздығы әр дюймге 4,1 пиксельден келеді) 5,5 дюймды LTPS IPS дисплейіне ие болды. Экран 178 градус бұрышты қамтамасыз ете отырып, Corning Gorilla Glass 3 жабынымен қорғалған.  

Смартфон жиілігі 2,5 ГГц болатын төрт ядролы Snapdragon 801 процессорымен, 3 ГБ оперативті жадымен жабдықталған. OnePlus екі түрлі нұсқада сатылымға шығады – ақ түрі 16 ГБ және қара түсті 32 ГБ флеш-жадтарымен. Құрылғы Sony Exmor IMX 214 сенсоры және жарқылы бар 13 мегапиксельді камерамен қамтамасыз етілген. Фронталды камерасының мүмкіндігі 5 Мп құрайды.  

Аккумулятор сыйымдылығы - 3100 мА/сағ. Wi-Fi, Bluetooth, NFC және LTE сымсыз байланыстарымен қатар, GPS+GLONASS навигациондық модулін де қолдайды.

Операциондық жүйе ретінде Android негізінде жасалынған CyanogenMod 11S қойылған. OnePlus One смартфонының 16 гигабайттық нұсқасы 299 доллар тұрса, 32 гигабайттық қара түстісі 349 доллар бағамен сатылмақ.

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: slashgear.com

Б. Қосмағамбет