Оқи отырыңыз

Көркем сөз – көңіл тілі,
Жалаң сөз – зейін тілі.

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Келін де, адам баласы ғой?!

Келін де, адам баласы ғой?!

Келін де, адам баласы ғой?!


СӘЛЕМ! Көптен бері блог жазбадым. Сіздерді сағынып қалыппын ғой. Өмірлеріңіз тамаша ма?

Қорықпастан: "ӘРИНЕ, ДӘЛ СОЛАЙ, АЛЛАҒА ШҮКІР!" деңіз. Себебі, өміріңізді бақытты, әр күніңізді қызықты өткізуге міндеттісіз! Сіздің әлеміңіз кинодағындай болуы керек. Бірақ...

Сонымен, "Келинка тоже человек" деген кино шықты. Шынымды айтсам, ұзааааақ күттім. Сондықтан, жамандай алмаймын) Жәй ғана кинодан алған әсеріммен бөліскім келіп отыр. Алдын-ала айтып қояйын, барсаңыз күлкіңізді тоқтата алмайсыз. Мен сөйттім, әйтеуір. Мүмкін сіздер арзан күлкіге алданбайтын шағарсыздар, ә?

Келін мен Ене егіз ұғым. Сіздерді қайдам, өзіме солай. Екеуін бір бірінсіз елестету мүмкін емес. "Келін ененің топырағынан" деп бекер айтқан ба қазағым. Бірақ, енесі қандай болса, келіні де сондай деу қателік болар. Бес саусақтың бірдей емесі анық.

Киноға көшейін: "Басты рөлдегі Айжан қазақшаға шорқақтау келін. Енесімен орысша сөйлеседі. Дегенмен, қазақша ұрыстың бәрін түсінеді. Тіпті, енесінің айтқалы тұрған әр сөзін жатқа біледі. Бұл да өнер. Ал, енесі нағыз айдаҺардың өзі дерсіз. А дегенде атыңды ұмытып қаласың тіпті. Отбасындағы жанның бәрін тік тұрғызады. Дегенмен, келінінің әр сөзіне килігіп, істеген ісіне араласып, жақтырмай, дөрекі сөз айтып, үнемі қабағы қатулы жүретін ененің жүрегі жылы екен. Фильмнің осы тұсы қатты ұнады."

Түймедейді түйедей ететін ене, бәрінен шаршап, шыдамы таусылған келін, әйелінің бұзған тыныштығынан сыртқа қашатын еркек. Иә, осының бәрі бар қоғамда, мүмкін. Бірақ, ортада қалған баланы неге ойламаймыз? Сәби жүректің не кінәсі бар? Бұл кинода баланың арқасында бастарына ақыл кіріп, бір бірілерінен кешірім сұрайды. Әрине, дұрыс шығар. Әйтседе, бала бәрін көріп үлгерді ғой. Бәрібір, ұмытпайды...Фильмнің комедия болғаны қандай жақсы. Әйтпесе... бәріміз бақытты болайықшы)

Мың рет естігенше, бір рет көріңіздер. Отандық өнімнің аты, отандық өнім. Ешқандай рөлді жамандамаймын, керісінше шынайы ойнап шыққандары үшін әртістеріміздің алдында басымды иемін.

P.S: Өзімде болашақ келінмін ғой, ИНШ АЛЛА. Сондықтан, тілімді тістеп қалайын. Дегенмен, енелер, КЕЛІН ДЕ, АДАМ БАЛАСЫ ҒОЙ?!


179 0
Рейтинг: +2

Жазылған уақыты: 04 наурыз, 00:01
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...