Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Жайықта туған бақыттылар

Жайықта туған бақыттылар

Жайықта туған бақыттылар


Жайықта туған бақыттылар


Бұл қасиетті Жайық өзені! Осы өзеннің жағасында Қыз Жібек балғын шағын өткізген. Осы өзенді өтіп Төлеген Қыз Жібекке келген. Осы өзеннің суына Махамбет пен Исатай әскері аттарын суарған. Осы өзенді қорек еткен. Осы өзен үшін алысып, жан беріскен. Ел азаттығы үшін осы өзенді талай малтып кешіп жүріп соғысқан.
 Осы өзенді өтіп әйгілі Бөкей Хан "Ішкі Орда" атты Еділ-Жайық арасына қоныс тепкен "қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған" хандықтың негізін салған. Осы өзеннің жағасында Алашорда үкіметінің негізін салушылардың бірі Халел мен Жаһанша Досмұхамедовтар дүниеге келген. Осы өзенді малтып жүріп балалық шақтарын өткізген! Осы өзеннің суымен Александр Македонский де ауқат алған. Осы өзеннің жерінен өзімен-өзі шығып жатқан қара майды көріп Аристотель де таң қалған. Осы өзенді өтіп Батый Хан қыпшақ халқынын рухымен Русь әлемінің "ел боламыз" деген үмітін жүздеген жылдарға кейін шегеріп, отар қылып, Еуропаның жартысын жаулап алған. Осы өзенді өтіп әйгілі Марко Поло Еуропаға Азия әлемін ашқан. Осы өзеннің жағасында адамзат тарихындағы ең дарынды қолбасшылардың бірі Сұлтан Бейбарыс дүниеге келген. Осы өзеннің бойға сіңген нәрімен Сұлтан Бейбарыс бүкіл Ислам әлемін Моңғол және Крест шапқыншылығынан сақтап қалған. Байтал түгіл бас қайғы заманда Мұстафа Шоқай да осы өзеннің бойымен шетел асқан. Осы өзеннің бойында толғауын шегіне жеткізіп Құрманғазы құдіретті күйлерін шығарған! Осы өзенді қазақтың маңдайына біткен ұлы Әлкей Марғұлан да малтып жүріп Сарайшықты зерттеген!
Осындай осындай өзеннің бойында туғаным үшін қандай бақыттымын! Дәл суреттегі жерде менің бүкіл балалық шағым өтті. Дәл қазір де осы жерде менің өмірім өтіп жатыр! Үйім Жайықтың Азия жағасында, жұмысым Еуропа жағасында. Күн сайын Еуропа мен Азия арасында жаяу "саяхаттап" жүрген маған Марко Поло да қызығатын шығар ))))

Ержан Алаш

10
Рейтинг: +2

Жазылған уақыты: 12 мамыр 2013, 13:43

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.