Астана 21 ғасырдың масондық орталығы

Астана 21 ғасырдың масондық орталығы
жеке
блог

Осыдан бірнеше жыл бұрын блогер Тимур Жансултанов масондар мен Астана қаласының байланысы туралы өз пайымдауларын жеткізген болатын. Міне, мен де бүгін осы мәселенің ақ - қарасын анықтауды жөн санадым. 

Астана - әлемнің ең жаңа қалаларының бірі, оның архитектуралық құрылымдары әлемді таңдантып, бейбітшілік пен ортақ келісімдердің ордасы деп аталып кетті. Олай аталуының себебі неде?

Біріншіден, астанадағы бірнеше ғимараттар Елбасының қолдауымен салынды деседі, алайда оның бәрін басшымыздың өзі салмағаны мәлім. Сондықтан да Астанадағы бірнеше архитектуралық ғимараттар масондық белгілерге сәйкес деген тұжырымдама бар. 

ПИРАМИДА (БЕЙБІТШІЛІК ЖӘНЕ КЕЛІСІМ САРАЙЫ)

Пирамида масондық белгілердің ең бастысы болып есептеледі. Бұл сарайдың архитекторы әлемге белгілі Британдық лорд Норман Фостер. Ғимараттың негізгі идеясы "әлемдік діндердің бірігуі" , бір шатыр астына жиылуы. 

  Норман Фостердің сөзінше пирамида ешқандай да діни мағынаны бермейді, бірақ шын мәнісінде, пирамида – күнге табынудың ежелгі діннің жалғыз АҚИҚАТЫ. Бұл ғимараттың ішін аралап жүріп, рпасында да барлығының әдемі, бір-біріне сай жасалғандығын байқаймыз. Ол әр адамның ағару жолын бейнелейді. 

Опера театры (пирамиданың ең төменгі бөлімі)

Пирамидаға кірген кезде біз жертөлеге тап боламыз, бұл жер қараңғы әрі үңгір стиліндегі интерьерлері бар. Бұл жерде пирамида ішіндегі Астана операсы бар, онда адамдар көңіл көтеріп, мәдени шараларды ұйымдастырады. Оның ішінің қараңғылығына қарамастан, жоғарғы жағында күннің бейнесін және залдың барлық жеріне таралған шуағын байқаймыз. 

Күн шуақты үстел үстінде

Опера театрының жоғарғы бөлігінде пирамиданың орталық бөлімі орналасқан. Ол түрлі дін өкілдері бас қосатын жиналыстарды өткізуге арналған. Енді, символизмге тоқталайық. Түрлі дін өкілдерінің басшылары бір үлкен күн шуақты үстел үстінде жиылып, әлемнің "Жаңа ғасырға" қауіп төндіріп тұрған мәселелерді талқылайды. Негізгі символ-шуағын шашып біріктіруші күн.

Пирамиданың бұл бөлігінде астыңғы бөлікке қарағанда біршама жарық, демек ағарту жолына жақындықты білдіреді. Ал үстел үстіндегі күн бейденесі дәл опера театрының төбесінде орналасқан. Бұл болса, қарапайым халық қараңғылықта өз өмірлерімен арпалысып жатса, діни адамдар яғни білімділер олардың өмірін жақсартудың жолын ойластырады. 

Пирамиданың жоғарғы бөлігі

Ең жоғарғы бөлік аспан тектес. Дөңгелек, айналасының бәрі терезе, күн шуағына шомылып тұрғандай. Ал терезелерде ақ көгершіндердің бейнелері тұр, ол бейбітшіліктің белгісі. Демек, әлемдік діндердің бас қосуы Жаңа әлемнің ьбастау алуы мен ағартушылық жолындағы жеке әрі әлемдік деңгей.

Күн шуағы ағарту жолындағыларға шуағын шашады.

Пирамиданың бөлімдері (төменгі қараңғы опера, орталықтағы конференц-зал мен ғажайып шың) пифагордың әлемге көзқарасын көрсетеді. Бүгінде Пифагорды оккультты қоғамда тереңінен зерттеп жүр.

Келесі кезекте: "Самрұқ тауэрс", Ақ Орда, Бәйтерек, Бейбітшілік және келісім сарайы, Қазақ Елі монументі. Олардың арасында қандай байаныс болуы мүмкін?Бір қараған олардың арасындағы байланысты байқамауымыз мүмкін, бірақ бір жақ бұрышпен қарасақ онда Масондық белгіні білдіретін екі колоннаны көреміз, олар : ортасында жарқыраған дельтасы бар Яхин мен Боаз колоннасы. Колонналар арасында баспалдақтар бейнеленген, олар масондық ағару жолындағы қиыншылықтарды білдірдеді.

Егер басқа ракурстан қарасақ онда,  Бәйтеректің орнына "Қазақ Елi" монументі тұрады, ал ол болса масондық схемадағы колоннаға ұқсас.

Бәйтеректі жоғарыдан қарасақ, (Google мен Яндекстің арнайы қосымшаларының көмегімен) сегіз бұрышты жұлдызды көре аламыз. Вифлейлік (сегізбұрышты) жұлдыз бастапқыда бес бұрышты болған, ол иудо-масондық белгі ретінде Христаның 5 жарасы, Марияның 5 қуанышы ретінде оның ұлы Иисусты білдірді. Дәл осындай жұлдыздар су-жасыл бульвардың  барлық жерінде бар (фонтан түрінде, тротуардағы оюлар мен қақпаларда кездеседі). 

Осы жұлдыздардың авторы дизайнер Сағындық Жанболатов түрлі қауесеттердің астында қалды. Журналистер мен зерттеушілердің, қарапайым халықтан келген хаттардың қарасы көбейіп кеткендігі мәлім. Алайда, архитектордың айтуынша ол бұл жұлдыздарды ешқандай діни ағымға сәйкестеп салмады, тек қана үйлесімділік ретінде қабылдады. Ал құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан "Базис-А" кәсіпорны масондарға қатысты Дэвид жұлдызы үшін архитекторды сынға алды. 

Әрине, бәлкім жұлдыздардың масондарға мүлдем қатысы болмауы да мүмкін, бірақ сонда олардың көптігі күдік тудыратыны рас. Бәйтеректің ішінде Елбасы Назарбаевтың алақаны бар, ал алтын түстес үшбұрыш пен шарда 17 діннің өкілдерінің қолы қойылған. Және тағы да діни бірігу туралы идеяны байқаймыз...

Осыған сай қазақстандық журналистер тарихшы, археолог, белгілерді зерттеуші Әлішер Акишевтен: 

– екі жарым километрден астам жерді алып жатқан архитектуралық ғимаратттардағы мынадай сәйкестік күдік тудырмайды ма? – деген. 

- «Архитектуралық идеялар дайын модельдерге сүйенеді, ал оны өзгерту әр дизайнердің өз қолында. Бұл символдардың көпшілігі баршамызға мәлім, сондықтан архитектурадаға аса бір ройлардың ерекшелігі болмағандықтан осындай түрлі фигураларды қолданады. Қалай болғанда да бір 4 қабырғада өмір сүреміз, дөңгелек емес, толқын тәріздес емес, тіктөртбұрыш тектесте. Ия, үлкен пирамида салынды, мүмкін ол функционалды тұрғыдан ыңғайлы емес те шығар. Бірақ, бізде жазықтықта да пирамидалар болды – қорғандар. Ал масондардың өздері оларды Египеттен көріп алды емес пе, содан өздеріне көшіруді жөн санады».

«Теңіз деңгейінен төмен құрылған қала – Амстердам, Европаның масондық астанасы. Ешбір адам мекен етпеген жерде қала құрылған қала – Нью-Йорк. Немесе шаруалар мекенінен жаңа мемлекеттің жаңа астанасы – Вашингтон. Немесе, өзен бойында әлемнің мәдени орталығына айналған қала – Петербург! Байқағанымызша, осы салынған қалалардың бәрінде ортасында көзі бар үшбұрыштың белгілерін байқаймыз. Демек, жақсылықтың жаршысы атануда ақшаны да, күшті де, ақылды да, тіпті өмірімізді де аямастан арнаймыз тек бір Құдай ғажайыпты жасауда көмектессін. Ешкім бізге сенбейді, бірақ біз сендіреміз!» Леонид Мацих(орыстың философы, теология ғылымдарының докторы).

Әлемдік элитаның өкілдері дүниенің бір шатыр астына жиылып бір басқармаға бағынуға мүмкіндік жасауда және сол үшін өз биліктерінің белгілерін әлемге жариялауда. Көпшіліктің жасырын символдарға қатысты ақпаратты білмеуінің нәтижесінен олардың ойы жүзеге асып та жатқан шығар, бәлкім. Бірақ, жақсылыққа сенуді ұмытпаңыз, масондықты әлемдік бірігудің, ынтымақтастың жолы деседі. Кім білсін?!