362 әулиесі бар киелі мекеннің шоқ жұлдызы

362 әулиесі бар киелі мекеннің шоқ жұлдызы
жеке
блог

Сахнадан неге көрінбей кеттіңіз?
– Сахнадан көрінбей қалғаныма аз ғана уақыт болса да, байқап қойған екенсіздер ғой…

Жыраулар мен жыршылар шыққан 362 әулиесі бар киелі атыраптан екеніңіз белгілі. Сіз өз талантыңызды туған топырақ киесімен байланыстырасыз ба, әлде Құдайдың берген сыйы деп түсінесіз бе?

– Мен өз танымым бойынша бұл өнерді Құдайдың берген сыйы деп ойлаймын. Әр жердің өз киесі болады ғой. Сондықтан, ол да жүрегі даладай кең өнер адамы үшін рух беріп, жанына қанат бітіреді.Әулиелердің мекені болған құтты жерден шыққандықтан, менің бойыма солардың қасиеті де қонған деген сенім де жоқ емес.

Алайда, осы екі құдіретті өлшемнен басқа өмір мен өнердің өзгебір арнасы бар. Ол – еңбек деп аталады. Мәселен, өнердің бір пайызы Құдайдан талант боп берілсе, ал, қалған тоқсан тоғыз пайызы еңбекпен келеді. Егер Жаратушы талант берсе, оны шыңдау әр өнерпаз өреннің алдындағы міндеті һәм парызы. Әр адам еңбектеніп, бар күш-жігерін, ынтасын сүйікті ісіне арнаса, түбінде оның зейнетін көрмей қоймайды.

Отбасы – Отанның ең маңызды құрылымы екені рас. «Атасы бұлан атпағанның баласы құлан атпайды» дейді қазақ. Осы орайда өз отбасыңыздағы тәрбиесі жайлы айта кетсеңіз…

-Отбасы жайына келсек, үш бала тәрбиелеп отырмын. Балаларымның бәрі қазақ мектебіне барып, білім нәрімен сусындауда. Өзім де 362 әулиесі бар жерде туылғандықтан, таза қазақы отбасында тәрбиеленгем. Сондықтан, балаларым да ертеңгі күні жүрегі «ұлтым» деп соғатын азаматтар болады деп сенем. Бүгінгі ұрпақ – ертеңгі ұлт екендігін ескерсек, оның тәрбиесін барынша қазақы қылу керек. Халқымыздың әдеп-ғұрпын, салт-санасын біліп өскен бала, қалай да болашақта өз отбасында көргенін жасайды. Тәрбие мәселесі ұлт тағдырына тікелей байланысты екендігін естен шығармаған жөн.

Елбасымыздың қолынан Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері атағын алдыңыз. Сонымен қатар, өзге де арнаулы сыйлықтарға ие болдыңыз. Атақ пен даңқтың әсерімен бірі ауырып жатса, бірі айыға алмай жатады. Ал, Сіз қандай әсер алдыңыз? Жалпы, мұның бәрі өміріңізге қандай өзгеріс әкелді?

-Әрине, өнер адамының еңбегі бағаланғандығы оның өз саласында алдына қойған көп мақсатқа қол жеткізіп, соның жемісін көруі деп ойлаймын. Сондықтан, төккен тердің өтеуі болып оралатын да шығар. Алла Тағаланың берген дарынын халықтың жүрегіне жеткізе отырып, титтей ғана жүрегіңмен мұхиттай үлкен аудиторияны баурау да үлкен өнер. Бәлкім, Елбасы қолынан сыйға ие болуым жасаған еңбегімнің аз да болсын жемісі болар.

  Айнамкөз» репертураңыздағы ең шоқтығы    биік әндердің бірі. Қызыңыздың атын өзіңіз     қойдыңыз ба?

– Расында, қыз босанатынымды білгеннен бастап Айнамкөз деген атты ойлап жүрдім. Алайда, қазақы қанға сіңген қасиет бойынша, «қызымның атын өзін қоям» деп батырсына қоймадым. Бірақ жолдасыма осы атты ұсынып көріп едім, «қызымызды Мұхиттың Айнамкөзімен атасақ, өзіңнің бойтұмарыңдай болып жүрсе жаман болмас» деп, келісімін берді.