Отбасымен өткізген әр күніміз бір ертегі

Отбасымен өткізген әр күніміз бір ертегі
жеке
блог

Әр адамға өз отбасы ыстық, отбасында береке мен бірлікті, шаңырақтың беріктігін сақтайтын ол отбасының бір-біріне деген махаббаты мен сенімділігі. Махаббат - ол тылсым күш! Оның күшіне ешбір күш теңесе алмайды, отбасында махаббаттың орны зор. Төрт көз түгел бір шаңырақ астында ойнап-күлгенге, бір дастарқан басында жиналып отырғанға не жетсін. Ең қызық сәттерді біз байқамаймыз, қандай сәттер дейсіз бе? Қараңыз, мысалы қандай да бір тойға, қонақ күткендегі сәттерде. Небәрі 4-5 сағатқа созылатын сәтке біз 1-2 апта бұрын дайындаламыз, тезірек өтіп кетіп құтылсақ деп ойлаймыз, ол бір парыз ғой енді. Бірақта, сол сәтті біз қарбаласта жүріп қалт жіберіп алып уақыттың зымырағанын байқамай қаламыз. Ал, ең басты біз бағалай алмаған сәт ол - балалық шақ деп ойлаймын. Уақыт өтіп, қыздарымыз бой жетсек екен деп, жігіттеріміз ер жетсек екен деп жүріп жастарының қалай 25-тен асқанын білмей, шіркін балалық шаққа оралсақ қой дейміз. Мінеки, осы бір сәтті бәрі бастан өткізген, талай түрлі әңгімелерді естіген болатынбыз. Өз басым, басқа адамдардың қызықты кішкентай кездерін айтқанды тыңдағанды жақсы көремін, бір басқа әлемге барып қайтқандай сезінемін. Әр адам ол өз алдына ашылмаған құпияға толы сыр сандық.

         Ендігі, әңгімемізге оралсақ, отбасы ол ешкім де ештеңе де теңесе алмас жеке бір ғалам. Отбасыңмен бірге өткізген әр сағатқа, тіпті минутқа қуана білу қажет. Себебі, бүгінгі күн кешегі күндей болмайды ал, ертеңгі күн бүгінгі күндей болмас. Сондықтан, әр күніміз бір ертегі деп бір-бірімізді сыйлап, отбасымызды қадірлейік!