Оқи отырыңыз

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Махамбеттің «қара нарына» менің жүктерім

Махамбеттің «қара нарына» менің жүктерім

Махамбеттің «қара нарына»  менің жүктерім

Толарсақтан саз кешіп,

Тоқтамай тартып шығарға 

Қас үлектен туған қатепті 

Қара нар керек біздің бұл іске.

Қабырғасын қаусатып,

Бір-біріндеп сөксе де 

Қабағын шытпас ер керек

Біздің бүйткен бұл іске.

М. Өтемісұлы "Тар қамау"

 

Махамбеттің «қара нары» - қиындықты бірге төзетін, қолдау беріп, ауыр жүкті бөлісетін жол серігі. Махамбет пен Исатайды көтеріліс басшылары ретінде әрі батыр деп білеміз. Халықты қанағандарға қарсы бас көтерген бұл қос батырды қолдағандар да, қолдамағандар да болды. Қолдағандары көтеріліс басшыларының ұшар қанаты да, қонар құйрығы да болды.  Зәбір көріп толарсақтан саз кешсе де, алған бетінен сүйреп шығар, Махамбеттің міндеттелген «қара нары» да осы қолдағандар. Ал мен өз тарапымнан қолдаған «қара нарға» не міндет жүктеймін?

 

Жолымда кездескен әр қиындықты шешер болсам, алдымен сенімді адаммен ақылдасып, ойын тыңдап, өз шешімімді байлар едім. Шешім әр қашан түзу бола бермейді.   Байлаған шешімім бұрыс болған жағдайда қолдағаннның аяғына дейін сенім артып қолдағанын қалаймын. Түпкі мақсат бір болған соң, жол үстіндегі шешімдерге сенім артып, «өлсек бірге өлеміз» дейтін ұстамды болуын сұрар едім. Әрине,  талап етерім өте ауыр. Менің жолымда күйрегені, обалы маған қалғаны деген сөз емес пе? Алайда Исатай жолында өмірі өткен Махамбеттің тарихта жазылғаны Исатай обалы деген тұжырымға келісесіз бе? Әрине жоқ, екеуі де ел мақтанышы. Яғни,  түпкі мақсаттың аяғына дейін сабырмен қолдауын мен жүктеймін.

Ортақ мақсат жолында жеңілусіз жеңіс болмайды. Алмағымның салмағы бар дегендей, проблеманың әр қилысын бастан өткере білу керек. Проблеманы өткере білуді сабыр деп түсінемін. Қара нарға жүктерім де сабыр. Ақырында, адам болған соң жеңетінін де, жеңілетінін де сабырмен түсініп адамгершілік танытса екен деймін.

Адамгершілік – адам болу өнері дегенге келісесіз бе? Әрине түсіну қиын болса да, адамның бәрі адам емес. Тәнінің адамша жаратылғанымен, хайуан жандылар бар. Жаны хайуан адамдарды дүниеде зұлымдықтың  барлығымен түсіндіремін. Исатай мен Махамбет көтерілісі хайуандыққа қарсы бағытталды, ескеріңіз. Адамгершілік - адам болу қасиеті. Мені қолдаушы адамның, менің жолымда серік болса осы қасиетті міндеттер едім.

 Менің ойымша, Исатай мен Махамбеттен «қара нарға» жүктегендерінен менің қойған жүгімде көрінеді. Бір-біреуінің тілеуін тілеп, қамқорлық танытқанын да; сабырлық танытып ханға қарсы шыққанын да; әрі адамгершілік – халық қамын ойлағандығын да көреміз. Бұл қасиеттер менің құндылықтарым әрі «қатепті қара нарға» жүктегендерім.

14039 4
Рейтинг: +8

Жазылған уақыты: 13 наурыз, 19:45
Тегтер: Махамбет, Қара нарға жүктелген, Тар қамау, эссе, қатепті қара нар
Пікірлер
+2
14 наурыз, 08:09

Өте керемет

+2
16 наурыз, 00:38

керемет!

+0
22 сәуір, 11:13

Жаксы екен

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

СОҢҒЫ ЫСҚЫРЫҚ
СОҢҒЫ ЫСҚЫРЫҚ

Футбол, ЕУРО-2016

Әр қазақ менің жалғызым!
Әр қазақ менің жалғызым!

Шетелдегі қандастарымыз туралы, қазақтың қошы-қон саясатының олқылықтары жайлы

Мен де адаммын!
Мен де адаммын!

Атымды адам қойған соң, Қайтіп надан болайын?

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...