Оқи отырыңыз

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Нағыз махаббат - Естен Ербол

Нағыз махаббат - Естен Ербол

Нағыз махаббат - Естен Ербол

Нағыз махаббат

 

Себезгілеп жаңбыр жауды. Жүзіне күлкі үйріліп, қуанышы көкке көтерілген Әсемнің бойы кенет дір етіп, жаңағы қуаныштарының барлығын жаңбыр суы лезде шайып әкеткендей болды. Себебі... 

Кезінде, жүрегіне ұмытылмастай жара салып, көп уақыттар сол қиналыстан есін енді жиған Әсем алғашқы махаббатының анасын көрді. 

Бағанадан өздерін сырттай бақылап, жылап тұрған әжей Әсемді өзіне шақырды. Әсем күйеуіне өзін машинада күтуді айтты да, әжейдің жанына барды. 

– Балам, сен Әсемсің бе?  

– Иә, апа, мен Әсеммін, сізді бұл жерде кезіктіремін деп ойламаппын. 

Әжей Әсемді бас салып құшақтап, еңкілдеп жылай берді.

- Апа, жыламаңызшы, өздеріңіз аман-есенсіздер ме?  

– Иә, балам. 

Көз жасын тыйа алмаған әжей, Әсемді бауырына тағы қысты:

– Балам, сені көріп, Аманымды көргендей болып тұрмын. 

– Апа, түсінбедім, не дейсіз?  

– Сен білмейсің бе?  

– Нені, апа?  

– Аман... алты жыл бұрын, денесінен асқынған рак табылып, наурыздың екісінде қайтыс болды. 

Әсем теңселіп кеткен денесін зорға ұстап, әжейдің айтқан сөздерінің бірін білсе, бірін білмей талықсып, сол орында қаншама уақыт тұрғанын да білмеді. Күйеуінің көзінен тасаланды да, жүрек тұсын қолымен қысып, шеттегі орындыққа отыра кетті. Тыныс алуы қиындап, жүрегі ұстап, ес-түссіз жерге құлап түсті. Айнала жым-жырт, ешбір адам көрінбейді, жаңбыр әлі себезгілеп құйып тұр. 

Көзден аққан жас тамшылары жаңбыр суымен қоса сырғып, жерге домалап ағып жаты. Көз алдына аманмен алты жыл бұрынғы ең соңғы кездесуі оралды. 

– Әсем сен мені ұмыт. 

– Не айтып тұрсың, Аман. 

– Сен мені ұмыт, мен сені сүйген емеспін. 

– Жоқ, сенбеймін! Мені сүйем деген сөздерің, маған берген сертің қайда, Аман. Мені үш жыл алдағаның ба? 

– Әсем, кешір... мені ұмыт. Сен өз бақытыңды табасың. 

– Жоқ... Жоқ... Жоқ! 

–       Әсем, саған бақыт тілеймін.

Аманның жүзін соңғы рет көріп, алыстап кеткенше қарап тұрған. Сонда ес-түссіз орнында мүлгіп, жерге құлап түскен еді. Сол оқиға екінші рет қайталанды. Бірақ... Бұл жолы Аманды қия алатын емес. Кетіп бара жатқан Аман артына бұрылып Әсемге қарады, ал Әсем оған жетуге асықты...

Естен Ерболұлы

229 2
Рейтинг: +4

Жазылған уақыты: 10 наурыз, 23:44
Тегтер: Естен Ербол, Нағыз махаббат
Пікірлер
+0
11 наурыз, 01:12

Өзгенің бақыты үшін өз бақытынан бас тарту...

+0
20 наурыз, 21:34

Керемет жазылған!..

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

СОҢҒЫ ЫСҚЫРЫҚ
СОҢҒЫ ЫСҚЫРЫҚ

Футбол, ЕУРО-2016

Әр қазақ менің жалғызым!
Әр қазақ менің жалғызым!

Шетелдегі қандастарымыз туралы, қазақтың қошы-қон саясатының олқылықтары жайлы

Мен де адаммын!
Мен де адаммын!

Атымды адам қойған соң, Қайтіп надан болайын?

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...