Автокөліктер әлемінің соңғы жаңалықтары

Автокөліктер әлемінің соңғы жаңалықтары
жеке
блог


1 Алматыда мас күйінде рөлге отыратын жүргізушілер азайды ма?

 

2 Тиматидің Қазақстандағы айыппұл тұрағында тұрған көлігі сатылады.

 

3 "Опель" компаниясы жаңа көлігін ресми түрде қашан таныстырмақ?

 

4 Оңтүстіккореялықтар ойлап тапқан жаңашылдық. 

 

5 Британияда жасалған ең жылдам ұрлық. Қай өндіруші жапа шекті?

 

 

Алматы облысында ағымдағы жылдың басынан бері спирттік ішімдік ішіп, автокөлік тізгініне отыратындар саны күрт төмендеген. Бұл туралы облыстық Ішкі істер басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды. «2017 жылдың қаңтар айында автокөлік құралын ішімдік ішіп, не болмаса есірткіге еліккен күйде басқарған 129 жүргізуші ұсталды. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда екі есеге төмен.

Еске салсақ, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608 бабына сәйкес, ішімдік ішіп көлік жүргізген тұлғалар 3 жылға дейін автокөлік жүргізу құқығынан айырылады.

 

 

10 жылдан бері Петропавлдың айыппұл тұрағында қозғаусыз тұрған Ресейлік рэп орындаушы Тиматидің "Ауди ТТ" көлігі алдағы уақытта сатылуы мүмкін. Музыкант өзінің ресми парақшасында автоның өзіне тиесілі екенін айта келе, барып алып кетуге еш құлқы жоғын жазған. Және тұрақ басшылығына көлікті сатып, түскен қаражатты жергілікті балалар үйіне аударуды сұрапты. Егер ресми өкілдер келісімін берсе, Тимур Юнусов барлық тиісті құжаттарға қол қоюға дайын екен.  

 

 

"Опель" 5 метрлі "Insignia Sports Tourer" универсалын таныстырды,- деп хабарлайды авто мэйл. Отбасылық көліктің моторы мен трансмиссиясы қандай болатыны әлі ашық айтылмай отыр. Бірақ, ол толық жетекті яғни приводты екені анық. Көлік нарығында өзіндік қолтаңбасы бар компания аталған автоны құрастыру барысында  алюминий мен беріктігі жоғары болатты қолдану арқылы салмағын бұрынғы модельдерге қарағанда 175 келіге төмендеткен. Көлікті көпшілікке таныстыру наурыз айында Женева автокөрмесінде өтпек. Неміс көлігін шығарушылар бұл модель еуропа нарығында сәнге айналады,- деп болжап отыр.

 

 

"SsangYong Motor" компаниясы өз тұтынушыларын тағы бір жаңашылдықпен қуантпақ. Бұл туралы "Yonhapnews" порталы жазады. Оңтүстіккореялық мамандардың айтуынша олар әлемде бірінші болып сенсорлық терезерді қолданысқа енгізбек. Яғни, дәстүрлі әйнеккөтергіштер енді олар үшін өткен күннің өнертабысы. Жоспар бойынша жүргізуші терезені саусағының ұшымен-ақ ашып-жаба алатын болады. Бұл жаңалықты 10 жылдан кейін енетін бастама деп ойламаңыз. Себебі, ресми өкілдер осы жылдың соңында тұтынушылар жаңа технология орналтылған көлікті тамашалай алады,- дейді.

 

 

Ұсталмаған ұры емес деген сөз келесі жаңалыққа дәл айтылғандай. Небәрі 6 минуттың ішінде белгісіз жандар "Jaguar Land Rover" зауытынан қозғалтқыштардың партиясын қолды қылған. Өндірушілер кез келген ақпарат үшін сыйақы беруге дайынбыз,-дейді. Бұл туралы "Birmingham Mail" газеті жазды. Қылмыскерлер әкеткен бөлшектердің құны 3,7 млн долларға бағаланып отыр. Қарақшылар ойларын іске асыру үшін кинодардағыдай ойға сыймайтын әдістер қолданбаған. Зауыт аумағына жүк машинасымен кедергісіз кіріп, бірнеше минутта қайта шығып кеткен. Бұл ағылшындық Солихалл қаласында орналасқан компанияда тіркелген екінші оқиға.