ҮЙ ЕЛЕСІНІҢ КҮНДІЛІГІ 9.

ҮЙ ЕЛЕСІНІҢ КҮНДІЛІГІ 9.
жеке
блог

9-шы бөлім .

16-шы наурыз 
Бүгін үйдің егесі құрбысына "Үйде жынба бірбəле бар. Түнде ыдыстарды сықырлатады, дауыстар шығады" деді. Енді мысық қорқып жүр. Негізі менде қорқа бастадым. Үйдің егесі мені айтқан шығар деп өзімді жұбатып қоямын. Негізі осындай қорқынышты əңгімелерді неге айтады ей лібəд қорқып өлетін болдық қой. 

17-ші наурыз 
Мысыққа оны үйдің егесі асырап алғанын айттым. Ол ренжіп қалды. Тіпті жылап алды. Бекер айттым ау деймін. 

18-ші наурыз 
Бүгін үйге əлгі еркектің досы келді. Əлгі еркек оған үйде елес бар екенін айтты, бірақ ол ондай нəрселерге сенбейтінін, əншейін ойлай бергеннен туатын көріністер деп ойлайтынын айтты. Түнде өзімнің сүйікті ісімді əлгі еркектің досына жасадым. Түсінген шығар ойлай бергеннен кейін туатын көріністердің бұлай қылқындыра алмайтынын. 

19-шы наурыз 
Мысыққа "Мақта қыз бен мысық" ертегісін айтып бердім. Ол "мысықтар ертегідеде қор болып жүр екен ғой" деп күрсінді. Сосын "кот в сапогах" деген мультфильм қарадық. Мысық "барып тұрған сандырақ. Біздер етікке киім ретінде қарамаймыз, біз үшін əжетхана іспеттес" деді. Сосын əлгі еркектің аяқ киіміне қарай кетті. 

20-шы наурыз 
Бүгін үй өртеніп жатқан жерінен ояндым. Терезеден шығып үлгердім. Басқаларға бəрібір сияқты. Мəн жəйді білуге үйге кірдім. Аказвается үйді адыраспандаған екен. 

21-ші наурыз 
Бүгін мысық байқаусызжа тарақан жеп қойды. Оған "егер ішіңде тірі болса, онда сол жақта сен жеген тамақты жеп өмір сүреді" дедім. Мысық "мен тарақанның уын ішіп оны өлтрпцайм" дейді. Милау. 

23-ші наурыз
Бүгін мысық "менің көріп жүрген сериялым басталайын деватқанда ауа райын көрсететінін байқадым. Осымен бір ай болды ауа райы +14 екен" дейді. Хмм.

24-ші наурыз 
Үнемі аяз атаға хат жазсақта бізге сыйлық келмей жүр. Сондықтан хатты ертерек, яғни бүгін жазатын болдық. Əйтпесе бізге үлгермей жүрген шығар немесе мысық сыболш үнемі тəртіпсіз сосын ба. Мен тағыда жаңа дəптер сұрадым, ит суға түкенде жүздіріп қоятын сары ірзеңке үйрек, ал мысық менің жазғанымды көшіріп алыпты сыболш. 

25-ші наурыз 
Мысық "үйдің егесінің аяқ киімі жаңадан алынғандықтанба əйтеуір соққысы қатты тиіп жүр" дейді. Сондықтан бүгіннен бастап таяқ жемеуге тырысатынын айтты жəне мағанда мəжбүрлеуімді өтінді. 

26-шы наурыз 
Бүгін жолында жатқан мысықтың үстінен үйдің егесі аттап өтіп кетті. Енді мысық бойым өспей қалады деп жынданып отыр. 

27-ші наурыз 
 Мысық соңғы кезде өзіне сүттің аз құйылып жүргенін айтып шағымданды. Бəріне кінəлі дағдарыс, үйде үнемдеп жүр дедім. Енді оған менің соңғы кезде сүтке əпетитім
 ашылып жүргенін айтпаймын ғой. 

28-ші наурыз 
Бүгін үйдегілер қонаққа кетіп қалды. Түнімен қолым қышыды. Əлгі еркек үйде болмаса қиын екен. Амал жоқ көршінің үйіне барып көршіні қылқындырдым. 

29-шы наурыз 
Бүгін 31-ші арнаны таба алмай мысықтан сұрадым. Ол "мен алған жоқпын" деп жауап берді. Ол ақымақтан не үшін сұрадым екен. 

30-шы наурыз 
Бүгін үйдіңегесі екіқабат екенін білдік.Мысық менен қашан босанатын сұрауымды өтінді. Егер мен сұрасам қазір босанып қоятын шығар.

  Жазба Вконтакте желісіндегі "Ғалымжан мен Сағынтай #ҒМС " https://vk.com/gms_kz сайтынан алынды. Қатты сөкпеңіздер!