Қазақстандағы футбол дәрежесі қандай деп ойлайсыз?!

Қазақстандағы футбол дәрежесі қандай деп ойлайсыз?!
жеке
блог

       Қазіргі таңда біздің елеміздің халқы футболға аса қатты мән бере бастады..Әрине, спортқа аса қатты мән беру керек. Бір өкініштісі, ел азаматтары мен азаматшалары біздің спортшыларға емес, өзге елдің клубтарына қызығып, танымасада ішкен асын жерге қойып, тап туысын көргендей  өлгенше айғайлап, жанын беруге дайын екеін білдіреді..

       Шүкір, біздің ойыншыларымыз да осы кезде көзге көрініп, талай жетістіктерге жетіп жатыр. Тіпті, қазір  олар Лига чемпионатында Қазақстанның намысын қорғап жүр. Біз үшін осы жетістіктердің өзі қуанарлық жайт. Бір жаманы біздің клубтарда жаттықтырушыдан бастап ойынщылардың көбісі щет елдің азаматтары. Осы кезде, бәрінің ойына бірден бір сұрақ келетін шығар, қазақтар қайда? Қазақ балаларын ауыл арасынан кездестіруге болады. Тепсе темір үзетін, аяқ қолы балғадай, ауылдың қара қара домалақ балаларын тауып, мықтап дайындаса танымал футболисттерден кем түспесі анық. Қаладағылар болса көше қаңғып, қаланың бұзық балаларына айналып кеткелі қашан?!

         Футбол ойыны өте қызықты ойын. Ойын болсада адам денсаулығына пайдасы көп. Иә, әр ұл бала  футбол ойнамады деп те айта алмайсың, бәрі де доп ойнаған. Бірақ, ойнасада өскенде футболист болғысы келген баланы көп көре бермейсің.

       Мүмкін, біздің ойыншыларымызға сәл болсада халық сүйеніші керек болып жүрген шығар. Олай болса біздің ойыншыларымызды қолдап, қорғап, әр жарысты қалдырмай көрсек ойыншыларға азда болса көмек болар еді. Біздің еліміздің «Қайрат» клубы мини футболдан әлі күнге дейін жеңісті қолдан бермей  жүр. Осыған сәйкес барлығымыз  тек қана футболға ғана емес барлық спорт түрлеріне аса қатты мән беруіміз керек.

         Осы кезде Алматы қаласында көптеген ойын-сауық ойнайтын жерлер, яғни “Олимп”,”Profit”,”Leon” сияқты букмекерлер күннен күнге артып, саны көбейіп келе жатр. Қала жастары осы ойын-сауық ойналатын жерлерге көптеп келеді.. Ойын-сауық орындары біздің халқымызға пайдалы жерлері бар ма? Бұл адамдардың ақшаға деген құмарын қыздырады. Осыдан  кейін ойынға құмар болған ойыншылар, ойын ойнамаса қандай хәлде болар еді? Букмекерлер адамдардың  өміріне тікелей  қауіпі бар ма? Әлде жоқ па?