"Абай" трагедиясы

"Абай" трагедиясы
жеке
блог

Қараңғы. Қоңыр салқын. Енді бірер минуттан соң сахнаға жарық түсірілді. Көрермендер жайғасып бола сала, ауа тазартылды. Әртістердің дауысы анық әрі әсерлі естіледі. Толықтай тыныштық орнаған.

  «Абай жолы» романын оқыған болатынмын. Кітап – адамға ерекше әсер етеді, әрине. Бірақ сол оқыған кітапты қойылым ретінде елестетіңізші. Ол кино әлеміндегідей экранның арғы жағынан емес, дәл көз алдыңда тірідей ойнап тұрса – ауызбен айтып жеткізу мүмкін емес сезім екен.

Қойылым – жүректі тебірентпей қоймайды. Мен бала Абайға ғашық болатынмын. Есейген кезінде оның ел ішіндегі, ауыл арасындағы дау шешімдері менің жаныма қаяу түсірді. Махаббат сезімі –  Сахарадағы ауаның буланғанындай тым жылдам өтіп кетті.  Ары қарай, бұл сезім махаббаттан парасаттылыққа аяқ басты. Мен өзім осылай ойлаймын.

Мөлт-мөлт етіп жанардан тамған жас – жаңбырдан кейінгі терезенің көрінісі секілді қала берді.

Абайдың рөлін сомдаған Азамат Сатыбалды мен Ерлан Біләл сынды артистер прототипті керемет сомдайды. Әрбір қозғалысы, расында, Әуезовтың жазғанындай сомдайды.

Д.Исабековтың “Жүз жылдық махаббат” Кәжен (“Мағжан”, реж. А.Кәкішева), Т.Уильямстың “Шыны хайуанатында” Джим (ауд. А.Сүлейменов, реж. А.Қабдешева), И.А.Вовнянконың “Қаза мен жаза” драмасында Артист (реж. А.Әшімов, С.Асқаров), А.Володиннің "Қоштасқым келмейдісінде" Судья (реж.Ас.Маемиров), І.Есенберлиннің "Алмас қылышында" Орақ (реж.А.Кәкішева) – рөлдерін сомдап жүрген Ақберген Жұмабаевтың осы жолғы ойыны мен үшін өте ерекше болды. Қойылым барысында көңілім толған артистің бірі.

Боранбай Асылбек Райханұлы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты – КЕРІМДІ ойнайды. Артистер –  көрерменге рөлді толықтай сезіндіріп сомдай білді.

Жалпы, қойылым маған кермет әсер қалдырды.  

Шығармашылық тұлғасы өз алдына, ел ортасындағы, өз шәкірттері ортасындағы жақсыны көре-тани білген, ғашықтықты бағалай, әр шәкіртіне нағыз ұстаз бола білген адами тыныс-тіршілігі, сонымен қатар зұлымдықпен алысқан соқтықпалы, соқпақты өмірі. Жаңа заманның, өркениеттің бастауы болған, қоғамдық сананың ілгерілеуіне қызмет еткен Абай болмысы. Қойылымда ұлы ақын шығармашылығының композиторлық  қыры да ашыла түседі.