Әлемдегі ең сараң адамды білесіз бе?

Әлемдегі ең сараң адамды білесіз бе?
жеке
блог

1916ж 3 шілдесінде әлемдегі ең сараң адам қайтыс болған. Оның есімі Генриетта Хоулэнд Гетти Грин, көзі үшін «Уолл-стриттің мыстаны» деген лақап ат қойылған. Ол өзінің сараңдығынан емес- жүрек ұстамасынан қайтыс болған. Гиннес рекордтар кітабында ол- «Әлемдегі ең  сараң адам»  деген есіммен қалған. Өлер шағында ол ең бай әйел болды, байлығы 4 млрд.долларға жеткен. Оның 8 мыңдай жер учаскесі, оған қоса темір жолдармен байланысты компаниялардың акцияларын сатып алушы ретінде танымал болған. 

Генриетта 1834 жылы сол кездері жағдайы жақсы саналған отбасында дүниеге келген. Хоулендтердің негізгі табыс көзі «Китовый жир» болды, яғни киттердің майы. Генриеттаның тәрбиесімен толықтай оның атасы Гидеон Хоуленд айналысқан. Атасының көзі нашар көре бастағанда Гетти тізесіне отырып,  қаржы жаңалықтарына байланысты газеттерді оқып отырып, акциялар мен облигациялардың айырмашылыған айтып беріп отырған. Соның нәтижесінде Гетти 13 жасында отбасылық бухгалтер болды. 

Геттидің  ерекше сараңдығы  туралы әр түрлі аңыздар тараған. Генриетта өте әдемі бойжеткен болған көрінеді. Бірақ жігіттердің түсінбейтін бір нәрсесі, оның  күнде бір көйлекпен және ескі аяқ киіммен жүретіндігі. Анасы қайтыс болған соң, Гетти өте сирек қонақ күтетін. Тіпті «күтетін» деген артық болар: айтуларынша, жас Гетти қонақтар кетпей тұрып қымбат майшамдарды өшіріп отырған, ал майшамнан қалған тұқыларды ертесіне сатып жіберетін, салфеткаларды тастамайтын, керісінше оларды сумен сеуіп, келесіде қолдану үшін үтіктеп қоятын.

1965 жылы әкесі қайтыс болған соң ол 7,5 миллион доллардың мұрагері болып қалды. Дәл сол кезде ол өзінің болашақ жары Эдвард Гринмен танысады.

Американдық Гринндердің тұқымында конгрессмендер мен судьялар болған, ал туған ағасы Бостонның мэрі болды. Эдвардтың өзі бірнеше тілді меңгерген, соның ішінде қытай тілін біліп, жарты әлемді аралаған. 18 жасында Филиппинде ұсталып, сол жерде саудамен (Жібек, шай, табак, гашиш секілді тауарлар)  айналысып кетеді.

Эдвард Генриеттаны әкесі қайтқанда да, тәтесі қайтқанда да қолдап отырған. Екі жылдан соң Гетти Эдвартқа тұрмысқа шығуға келіседі. Келіскенде де олар неке келісім шартын жасасу арқылы. Келісімде Эдвард  Геттидің бірде бір центіне қол тигізуге, оның қаражатына тиісуге құқы болмайды. Тіпті күйеуі қарызға белшесінен батып кеткенде Гетти жарына көмектеспей, оны үйінен қуып жібереді. Суретте Гетти қызы Сильвиямен)

 

Міне,сол кездерде Уолл-стритте бәрі оны танып алады. Ол жер гектарларымен және жылжымайтын дүние-мүлікке ие болды. Биржадағы қаржыгерлердің бірі де Геттиге тең келмеді. Егер Гетти компанияның акцияларынан не  құнды қағаз сатып алатын болса, ертеңіне баға аспанға шығатынын бәрі білген.

Генриеттаның екі баласы болды: Нэд және Сивилья. Олар анасының шектен тыс сараңдығынан азап шегеді. Гриннің жеке үйі болмаған, ол арзан мотельдерде тұрды, ақшаны  дәрілер мен азық-түлікке үнемдеген. Генриетта киімдер мен аяқ қиімдерге еш уақытта шығындалмаған, тіпті іш киімін тек алба-жұлбасы шыққанда ғана ауыстыратын болған. Ол еш уақытта тазалаушылар мен кір жуатындардың көмегіне жүгінбейтін. Жаңа газетті оқып болған соң, Нэдті сол газетті сатуға жіберетін. Дүкендерде сағаттап болсын әр центке  саудаласып тұра берген. Сатушылардың көпшілігі Геттиді жек көретін. 

Генриеттаның сараңдығынан ұлы Нэд аяғынан айырылады. Нэдке шана сатып алынады. Бақыттан басы айналған Нэд сырғанау үшінең қауіпті және ең мықты жерді таңдайды. Сырғанау кезінде аунап кетіп, аяғын қатты жарақаттап алады. Гетти үнем үшін кедейлерге арналған емханаға әкеліп, көсетеді. Бірақ, Геттиді жақсы танитын дәрігерлер ұлын емдеуден бас тартады. Сөйтіп Генриетта үйде емдеуге көшеді. Ұзақ уақыт бойы Нэд аурудан азап-шегеді, соңында тізеде жоғары аяғына ампутацияға ұшырайды.

Гетти 81 жасында жүрек ұстамасынан  қайтыс болады. Екі баласына мұрагерлікке қазіргі ақшамен 4 млрд.доллар байлық қалады. Нэд Гринн «Нэд көке» есімімен көптің есінде қалады. Өзінің қалған өмірін ол жайлы өмірге, көліктер мен техникалық құралдарға жұмсайды. Сильвия қайырымдылықпен айналысқан жомарт жан болды.

Анасы қайтқан соң Нэд бірден үйленеіп, автомобиль өнеркәсібімен айналысады. Әрине, жеке көлік отбасындағы алғашқы меншік болды.