Анамды іздеймін.....

Анамды іздеймін.....
жеке
блог

 

Менің таңдаған тақырыбым....

Сабақ бітіп, жатақханаға келіп,қыздар боп,шәй ішіп отырғанбыз.Кенет қыздар «Бүгін кино көріп қайтсақ қайтеді»-деп  қолқалап,  Есентайдағы кинотеатрға қарай асығыс-үсігіс шығып кеттік. Барсақ,адам толы екен.Біз көргіміз келген фильмнің 1-ші сеансы бітіп,2-шісіне билет қалған болатын.Ойлануға уақыт жоқ, алдық,өйткені біздің артымызда қаумалап тұрған адам.Жанталасып, «ендігі сеансы қаншада?»-деп сұрап жатқан болатын....

Кинотеатрға кірсек,адамдар бірітіндеп толуда.Кино басталғалы жатыр екен.Бізде орнымызды лезде тауып,отыра кеттік.

Кино басталды....Бірден көзіңді жаулайтын бейнелер,өзіне бірден баурайды.Мен тап бір сол фильмнің ішіне еніп кеткендей сезімде қалдым...

Сотқар балалардан қашып келе жатқан басты рөлде ойнайтын Азамат есімді балақай ентелеп жүгіріп келе жатты...Ал Америкада Лос-Анджелес қаласында екінші басты рөлде ойнайтын  Алматылық Данияр есімді жас жігіт  кішкентай торайды қолына ұстап кетіп бара жатқанда, артынан ізкесерлер түсіп,ұстап алады.

-«Ақшамызды қашан қайтарып бересің?»

-«Келесі де қайтарып берем!»-деп айттым ғой дейді жас кейіпкеріміз.

«Саған уақыт берем,сол уақытта әкелетін бол!»-деп,еркіне жібереді.

 Кішкентай Азамат бұзақы балалардан құтылдым дегенінде ұсталып қалады.

«Сен,не бізді келемеж етіп жүрсің!»

«Осыдан тағы келемеж қыл,мен сенің мұрныңды бет қылам!Сен анаңды Америкадан таппақшымысың?Ол жақтан анаңды ешқашан таба алмайсың!»

-«Мен оны Америкадан міндетті түрде табам!Сенің онда шаруаң болмасын!»-дейді де,шапалақпен тартып жібереді. Сірәда соған ашуланған  бұзақы балалар Азаматтың жер-жекпіріне жетіп, соққыға жығып кетеді.

Данияр торайды иесіне қайтарып береді.Жалдап жатқан үйіне келсе,үйінде өзінің қап-қара негр досы  күтіп отырады.Үстіне діндар әкей киетін ұзын қара киімін киіп алған.

«Хэй Дэн,қалың қалай бауырым?»

«Білесің бе, мен бүгін діндар әкей рөлін ойнадым»-деп әңгімені беріп тұрғанда,есіктің қоңырауы соғылады.Данияр барып,есікті аша берген сәтте... есік маңдайына қатты соғылады.

Мен жаңағы бұзақылар екен десем,сөйтсем,үйін жалға берген бір дөңкейген,қара әйел екен.Даниярдан ақша алуға келіпті.

«Қашан ақшамды бересің? Мына пәтерді жалға бергеніме қанша уақыт өтті.Ал сен ақшамды беретін түрің жоқ!»-деп үйді басына көтеріп жатқан кезде,Дэннің қара негр досын көріп қап,шошып кетеді.

-«Оо діндар әкей,кешіріңіз сіз мұнда қайдан жүрсіз?»-дейді.

«Қызым,ашуыңының бәрін ақылға жеңдір,сенің ақшаң бір айдан кейін болады»-деп,алдап сулап қайтарып жібереді....

Азамат есін жия алмай,жатқанында бір әжей келіп көмектеседі.

-«Балам,бәрі жақсы ма? Тұра ғой...»

«Я апа,бәрі жақсы»-деп есін жиып,балалар үйіне келеді.

Келсе, Айнұр апасы(Балалар үйінің тәрбиешісі) есік алдынан күтіп алды.

«Жақсы жаңалығым бар,Азамат.Сен математика пәнінен өткен олимпиададан Америкаға жолдама алдың! балам»-дейді.

Азаматтың бар арманы анасын іздеп табу,өйткені ол анасын кішкентай күнінен бері есіне түсіре алмайды.Азаматтың арманы орындалып,Голливудқа аттанады.Голливудқа келген бойда, оның өмірінде адам сенгісіз таңғажайып оқиғалар күтіп тұрады.

Лос-Анджелес.Голливуд.Американың ең ірі мегаполисі.

 Америкалық жігіттерді әлек қып,есінен адастырып,карта ойынын ойнатып отырған Даниярды американың есерсоқ жігіттері «бізді ақымақ қылып отырсың!»-деп,тиісіп жатқан кезде,полиция қызметкері кеп қалып,Даниярды ұстап алады,қалғандары қашып құтылады.Сол уақытта Азаматта келіп:

-«Сэр,бұл менің мылқау ағам,оның құжаттарын анау бұзақылар ап кетті»-деп,Даниярды құтқарып қалады.

Данияр өзін құтқарып қалғанының алғысы ретінде Азаматты үйіне қондырады.Бұл баланың ерекше қабілетті әрі ақылды екенін байқаған Данияр:

«карттан ақша ұтып алуға көмектес,мен саған анаңды табуға көмектесем»-деп,бір-бірімен келісімге келеді.

Азамат Даниярға мол ақша табу  үшін Лас-Вегасқа аттану керектігін айтады.Екеуі Лас-Вегасқа аттанып кетеді.Данияр Азаматтың ақылдылығының  арқасында карт ойынынан қыруар ақша ұтып алады.

Түн.Ымырт.Көпқабатты 5жұлдызды қонақ үйдің «Vip»нөмірінде жеңісін тойлап отырған екеуі ішіндегісін ақтарып,сырласады.

«Менің анам-әкем,ағам болатын.Ата-анам үлкен ағамды үнемі мақтан тұтып отыратын.Осы ағаңнан үгі ал!Қол қусырып босқа жүрмей!Түк те бітірмейсің!»деп үнемі мені ысырып тастайтын.Сол үшін Америкаға кетіп қалдым.»-деп,Данияр іштегі мұң-шерін ағытты....

 

 «Менің Америкаға келу мақсатым анамды іздеп табу емес,өйткені менің анам мен кішкентай болғанда дүниеден өткен,мен мұнда анамның сәлде болсын бейнесін есіме түсіру үшін,анамның жанарын,аяулы алақанын,айдай нұрлы жүзін  жадыма оралту үшін профессорға барып жүрдім.»-деп жанары жасқа тола,толғана үн қатқан Азаматқа Даниярдың ағалық пейіші оянып,бойын біртүрлі сезім кернеді.Көзінің жасын бұлап отырған Азаматты алдап,көңілін көтеру үшін:

«Кеттік не істеп отырсың?Диснейландқа кеттік!»-деп,Азаматты жетектеп алып бара жатқан сәтте,бұрынғы ақшасын қайтара алмай жүрген бұзақылар жетіп келіп,баланы тартып алып қашып кетеді.

Данияр не істерін білмей біраз ойланып,полиция шақыртуға мәжбүр болады. Полиция бензин құю бекетінен бұзақыларды қолға түсіріп,Азаматты қайтарып алады.....

Азаматтың Америкадан кететін уақыты таяп,ауылына қайтады.

Әуежайдан шығып келе жатқанында ізінен машинамен Даниярда келіп тұрады. Азамат қуанып кетіп:

«Мұнда не істеп жүрсің?»-дейді.

-«Жәй саған келдім,Сені көру үшін келдім»-дейді жымиып.

-«Отыр,отыр менің саған бір тосынсыйлығым бар!Қазір сені бір жерге алып барам!»-дейді...

Кішкентай ғана үй.Кіре берісі шеберханаға ұқсас келген.Ағаштан ойлып,өрнектеліп жасалған қырғыз аспаптары.Азамат тжан-жағына таңырқай қарап тұрған кезде,ауыз бөлмеден:

«Балам!балам!»-деген дауыс шығады.Жалт қараған Азамат басында түсінбей қарап тұрады,бұл кім ер адам? деген кісіше...

«Балам,балам, мына бейбақ әкеңді кешірші,міне қарашы мен саған ағаштан әдемілеп шахмат тақтасын жасап қойдым.Арнайы сен үшін балам! Әкеңді кешірші!»-деп,Азаматқа жақындай бергені сол еді,

Азамат қорқақтап,бетін жауып,қуысқа қарай тығыла бастайды.

«Балам,балам»-деп әкесі аяңдап келе жатқаны сол еді,Данияр:

«Тарт қолыңды,балаға қол тигізуші болма!»деп,итеріп жібереді.

Жылап бара жатқан Азамтақа:

«Балам,бұл сенің анаңның білезігі,жалғыз көзі менде қалғаны»-деп, Анасының білезігін анасына ұстатқаны сол еді,Азамат есінен танып түсті....

«Ақ перделер...Перделер арасынан аяңдай басып келе жатқан Азамат кенет ақ перде ар жағын ашқаны сол еді...Ақ дастархан басында,самаурын қасында отырған ақ жаулықты анасының ай дидарлы жүзін,шуақ шашқан нұрын,күлімдеген көзін, «Балам,адами қасиетіңнен еш тайма,мақұл бол!»-деген сөзін естіген Азамат есін жия сап тұра салысымен,жылап,жүгіріп шығып кетеді.

Азамат жол бойы өксіп,жылап келе жатыр.Артынан машинасымен Данияр еріп келе жатыр.

Азаматты машинасына мінгізіп алып Данияр көңілін ауламақ боп та,шын ниетпенде Азаматты асырап алу туралы шешім қабылдайды.

Сонымен кино да бітті.Зал тып-тыныш боп қалған еді...Барлығы ерекше толқынысқа толы көңілмен орындарынан тұра бастады.

Режиссердің ерекше ерен еңбегінің ақталғандығын менен басқаларыда іштері сезіп отырған секілді. Мен де ойлап қоям:

«Адамның ұшқыр қиялында шек жоқ екен ғой,қандай кермет сәтті туынды ойлап тапқан?!»Түнімен киноның әсерінен арыла алмадым десем де болады.....