Кейбір қызық дүние

Кейбір қызық дүние
жеке
блог

  Әлем түрлі қызықтарға толы екен. Біз байқайтын дүниенің де бізге жасырын тұстары кездеседі. Төрт құрлықта таңғажайып дүниелер бар. Мысал ретінде бірнеше қызықты фактілерді айтып өтсем.

  Біз судың бәрі мөлдір, таза деп білеміз алайда ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша ең таза су Финляндияда екен.

   Көртышқандар бір түнде 75 метрге жуық туннель қазып шыға алады екен. Бұны естіген бір көкеміз "Алматының метросына жұмысқа алу керек қой", - деп қалжыңдаған екен. 

   Рентгеннің дәлелдеуі бойынша, біз білетін Мона Лизаның бізге белгісіз алғашқы екі нұсқасы бар. 

   Жануарлар әлемінде негізі ғажап дүние көп. Соның бірі қалталы аю. Ол бір тәуліктің ішінде 22 сағат ұйықтайды.

   Әлемдегі ең үлкен  жануар пілдің 4 тізесі бар. 

   Көптеген әзілдерге арқау болып жүрген "Титаник" фильмінде ең көп айтылатын сөз - Роза.