Сағындым

Сағындым
жеке
блог

Анашым,уайымдама жақсы бәрі,
Жатақхана тамаша,жылы әрі.
Студенттер керемет араласып,
Өздеріне тартады бар адамды.
Анашым,сағындым ғой өзіңізді,
Еркелетіп,ботам деген сөзіңізді.
Әрқашан ақыл айтып,демеу болып,
Күлімдеп құшақтаған кезіңізді.
Анашым,студентпін енді мен де,
Қызыңыз бой жетуде күннен-күнге.
Жәннәтім,артып отқан үмітіңді,
Аяқ асты етпейді қызың мүлде.
Болады енді перзентің ең ақылды,
Ажырата алады алыс пенен жақынды.
Оң мен солын тануда ақырындап,
Төмендетпей ұстайды атыңызды.
Әкешім үлгі аламын өзіңізден,
Әрбір айтқан астарлы сөзіңізден.
Әкетайым,білесің бе ең алдымен,
Өте ыстық құшағыңды сағындым мен.
Менікіндей әке жоқ жер бетінде,
Тең келмейді бірде-бір жан оған мүлде.
Әлемдегі ең ақылды ,жақсы пенде,
Сұраса, дер едім мен жалғыз менде.
Асқар тауым пана болдың бәрімізге,
Қандай жақсы сендей әке бары бізде.
Әкешім өзіңізбен мақтанамын,
Бір  мін  жоқ  әр  істеген  ісіңізде .