Қолдауы жоқ, Қазағым!

Қолдауы жоқ, Қазағым!
жеке
блог

   Қазақстанымыздың тәуелсіздігін алып жеке мемлекеттігімізге 26 жылға аяқ бастық. Әрине 25 жылдың ішінде жеткен жетістігіміз көп. Дегенмен әлі де өз қолымызды өз аузымызға жеткізе алмай отырмыз.

   Қарапайым халық арасында небір жұлдыздар мен спортшылыр, экономистер мен бизнесмендер бар. Алайда біз оларды көтеріп, қолпаштап биікке шығара алмай жатырмыз. Себебі біз "дарындылар судың бетіне қалқып шықсын" демейміз "аузы қисық болса да, бай баласы сөйлесіннің" кейпін жасаймыз.

   Орта шаруа отбасыларда даусы сондай керемет әнші, білекті палуан, желдей жүйрік желаяқ та бар. Алайда оларды жарыққа шығаратын, оқытатын, жарыстарға жіберетін ата-анасында қаражаты болмайды да "Қойшы балам, бізге қолқабыс болып, үйде жүре бер" деп қасына алып қалады. Үйірме де жоқ, оқу да жоқ. Соңында бар күшін бетон құюға, жылдамдығын мал айдауға арнап кете барады.

    Міне, біздің елдің дарындарының жайлары!